3 (29) 2015
(мамыр-маусым)
3
2
БАС РЕДАКТОР
С.Ж. ПІРӘЛИЕВ
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор,
ҚР ҰҒА академигі
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:
Нуриев М.А. - Абай ат. КазҰПУ, Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ директоры,
ҚР Жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер, профессор, бас редактордың бірінші орын-
басары;
Сейсенбаева Ж.А. Абай ат. КазҰПУ, Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ
директорының орынбасары, ф.ғ.к., жауапты редактор;
Айдемір Окай - Ыстамбұл университетінің байланыс факультетінің деканы, профес-
сор;
Әлмұхамбетов Б А. - Абай ат. КазҰПУ, «Өнер, мәдениет және спорт» институтының
директоры, пед.ғ.д., профессор;
Байсабаев Б.А. - ф.ғ.к., Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университетінің доценті
Бейсенова Ә.С. - Абай ат. КазҰПУ-дың «География және экологиядан ғылыми-
әдістемелік орталығының» жетекшісі, геогр.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА акедемигі;
Бөлеев Қ - Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Педагогика және этнопе-
дагогика» кафедрасының меңгерушісі, пед.ғ.д., профессор;
Ғаббасов С. - жазушы, КСРО Денсаулық сақтау iсінің үздігі, медицина және педа-
гогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері,
Халықаралық Нострадамус атындағы академияның толық мүшесі – академик.
Есполов Т.И. - Қазақ ұлттық аграрлық университететінің ректоры, э.ғ.д., профессор,
ҚР ҰҒА академигі;
Исамидинов И.Ч. - Жүсіп Баласағұн ат. Қырғыз ұлттық университетінің ректоры,
пед.ғ.д., профессор;
Иманбаева С.Т. - Абай ат. КазҰПУ, «Мәңгілік ел және өзін-өзі тану» кафедрасының
профессоры, пед.ғ.д.,
Кирабаев С.С. - ф.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі;
Мардахаев Л.В. - Ресей Мемлекеттік әлеуметтік университетінің «Әлеуметтік және от-
басы педагогикасы» кафедрасының меңгерушісі, пед.ғ.д., профессор;
Михайлова Н.Б. - пс.ғ.к., доцент, Халықаралық білім және ғылыми ақпараттандыру
орталығының директоры (Германия);
Молдабеков Ж.Ж. - филос.ғ.д., әл-Фараби ат. КазҰУ «Дінтану және мәдениеттану»
кафедрасының профессоры;
Мұтанов F.M. - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры, тех.ғ.д.,
профессор, ҚР ҰҒА академигі;
Нәрібаев К.Н. - ҚР ҰҒА қоғамдық және гуманитарлық бөлімше төрағасының орынба-
сары, э.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі;
Нөкетаева Д.Ж. - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры,
пед.ғ.к.;
Сманов Б.Ө. - аппарат жетекшісі, Абай ат. ҚазҰПУ профессоры, пед.ғ.д., ҚР ҰҒА
корреспондент-мүшесі, Халықаралық педагогикалық білім беру (Ресей) және Еларалық
Ш.Айтматов (Қырғызстан) академияларының академигі;
Шаханова Р.Ә. - Абай ат. ҚазҰПУ, Филология институтының «Филология мамандык-
тары» кафедрасының меңгерушісі пед.ғ.д., профессор, ХПБҒА мүше-корреспонденті.
3
ГЛАВНЫЙ РЕДАКТОР
С.Ж. ПРАЛИЕВ
Ректор КазНПУ имени Абая, доктор педагогических наук, профессор,
академик НАН РК
СОСТАВ РЕДАКЦИОННОГО СОВЕТА:
Нуриев М.А. - директор НИИ по Формированию интеллектуальной нации КазНПУ им.
Абая, Заслуженный работник высшей школы РК, профессор, первый заместитель главного
редактора;
Сейсенбаева Ж.А. - зам. директора НИИ по Формированию интеллектуальной нации
КазНПУ им. Абая, к.ф.н., ответственный редактор;
Айдемир Окай - декан факультета связи университета Стамбул, профессор;
Альмухамбетов Б.А. - директор института Искусства, культуры и спорта КазНПУ им.
Абая, д.пед.н., профессор;
Байсабаев Б.А. - к.ф.н., доцент Кыргызского Национального университета им.
Ж.Баласагына;
Бейсенова А.С. - руководитель научно-методического центра по географии и экологии
КазНПУ им.Абая, д.пед.н., профессор, академик НАН РК;
Болеев К. - зав. кафедрой «Педагогика и этнопедагогика» Таразского государственного
педагогического института, д.пед.н., профессор; .
Габбасов С. - писатель, Заслуженный работник здравоохранения КСРО, доктор меди-
цинских и педагогических наук, профессор, Заслуженный деятель Республики Казахстан,
действительный член Международной академии имени Нострадамуса, академик.
Есполов Т.И. - ректор Казахского национального аграрного университета, д.э.н., про-
фессор, академик НАН РК;
Исамидинов И.Ч. - ректор Кыргызского национального университета имени
Ж.Баласагына, д.пед.н., профессор;
Иманбаева СТ. - профессор кафедры «Мангилик ел и самопознания» КазНПУ им. Абая,
д.пед.н.,
Кирабаев С.С. - д.ф.н., профессор, академик НАН РК;
Мардахаев Л.В. - заведующий кафедрой социальной и семейной педагогики Российско-
го государственного социального университета, д.пед.н., профессор;
Михайлова Н.Б. - директор центра международного образования и научной информати-
зации (Германия), к.пс.н., доцент;
Молдабеков Ж.Ж. - профессор кафедры религиоведения и культурологии КазНУ им.
Аль-Фараби, д.филос.н.;
Мутанов Г.М. - ректор Казахского Национального университета имени аль-Фараби,
д.тех.н., профессор, академик НАН РК;
Нарибаев К.Н. - зам.председателя отделения общественных и гуманитарных наук НАН
РК, д.э.н., профессор, академик НАН РК;
Нукетаева Д.Ж. - ректор Казахского Государственного женского педагогического уни-
верситета, к.пед.н.;
Сманов Б.О. - руководитель аппарата Казахского национального педагогического универ-
ситета имени Абая, д.пед.н., профессор КазНПУ имени Абая, член-корреспондент НАН РК,
академик Международной академии наук педагогического образования (Россия), Межгосу-
дарственный Айтматовской академии (Кыргызская Республика);
Шаханова Р.А. - зав.кафедрой филологических специальностей Института Филологии
КазНПУ им. Абая, д.пед.н., профессор, член-корреспондент МАН-ПО.
4
EDITOR-IN-CHIEF
S.ZH. PRALIEV
the rector of KazNPU named after Abai, the doctor of pedagogical sciences, the professor,
academician of the NAS RK
EDITORIAL STAFF:
Nuriev M.A. - the director of scientific research institute of Intellectual Formation nation of
KazNPU named after Abai, the deserved worker of the higher school of the RK, the professor, first
deputy chief editor;
Seysenbaeva ZhA.-the deputy director of scientific research institute of Intellectual Formation
Nation of KazNPU named after Abai, the candidate of philological science, the managing editor;
Aydemir Okay - dean of the Faculty of Communications Istanbul University, the professor;
Almukhambetov B.A. - the director of Art, Culture and Sport Institute of the Abai KazNPU,
the doctor of pedagogical sciences, the professor, the academician of the AltynsarinNational
Knowledge Academy;
Baisabaev BA. - the candidate of philological science, the docent Kyrgyz National University
named by Zh. Balasagyn;
Beysenova A.S. - the chair of sud department «the scientifically-methodical centre on geography
and ecology» the doctor of pedagogical sciences, the professor, academician of the NAS RK;
Boleev K. - the university chair of "Pedagogics and ethnopedagogics" of Taraz State Pedagogical
Institute, the doctor of pedagogical science, professor;
Gabbasov C. - the writer, the deserved worker of public health services KSRO, the doctor of
medical and pedagogical sciences, the professor, honored doer of the republic of Kazakhsyan, the
member of the Nostradamus International Academy, academician.
Espolov T.I. - the rector of Kazakh national agrarian university, the doctor of economical
sciences, the professor, the academician of the NAS RK;
Isamidinov I.Ch. - rektor of Kyrgyz National University named by Zh.Balasagyn, doctor of
pedagogical sciences;
Imanbaeva S.T - Head of the Department of «Mangilik yel and self-cognition» of the Abay
KazNPU, the doctor of pedagogical sciences, the professor;
Kirabaev S.S. - the doctor of philology, the academician of the NAS RK;
Mardahaev L.V. - Head of the Department of Social and Family Pedagogy of the Russian State
Social University, doctor of pedagogical sciences, professor;
Mikhailova N.B. - Ph.D., Associate Professor, Director, Center for International Education and
Information Science (Germany);
Moldabekov Zh.Zh. - the academician of social academy, the academician of Academy
International acmyology, the doctor of philosophic sciences, the professor of the chair «Religious
and Cultural Studies» of KazNU named after Al-Farabi;
Mutanov G.M. - the rector of the Kazakh National University named after Al-Farabi, the doctor
of technical science, the professor, academician of the NAS RK;
Naribaev K.N. - vice-chairman of separation of social and humanitarian sciences of NAS RK,
the doctor of economics, the professor, academician of the NAS RK;
Nuketaeva D.Zh. - rector of Kazakh State Female Pedagogical University, the candidate of
pedagogical sciences;
Smanov B.U. - head of the office of the Kazakh national pedagogical university of a name
of Abay, doctor of pedagogical sciences, professor KazNPU of a name of Abay, corresponding
member of National Academy of sciences of the Republic of Kazakhstan, academician of the
International academy of Sciences of pedagogical education (Russia), International Aytmatovsky
academy (Kyrgyz Republic);
Shahanova R.A-the head of philological specialties of the Institute Philology of the
AbaiKazNPU, the doctor of pedagogical sciences, the professor, corresponding-member of the
IASPE.
Меншік иeci: Абай атындағы Қазақ ұлттык педагогикалық университеті
Журнал Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2010 жылдың
4-ші ақпанында тіркеліп, №10674-Ж куәлігі берілді.
© Абай атындағы ҚазҰПУ, 2014
5
Өткен 23 жыл – біз үшін ғасырға бергісіз жылдар. Кезең-кезеңімен жүргізілген тұрақты
саясаттың арқасында біз бүгінгі белеске көтерілдік. Қазақ қазақ болғалы қазіргідей төрт
құбыласы түгел, қуатты елге айналып көрген емес. Біз бүгін қариясы қамсыз, азаматы
алаңсыз, ұрпағы уайымсыз елдердің қатарына ұмтылдық. Біз үшін көк аспанымыз ашық,
көк байрағымыз асқақ болғаннан артық мәртебе жоқ
Қазақстан республикасы президенті Н.Ә. Назарбаев
Қазақстан халқына үндеуі
25.02.2015ж.
6
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ӘОЖ 37.303
Ә. Табылды
ҚР білім беру ісінің қызметкері, профессор
Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. Білімсіздің күні қараң. Көзі ашық,
кө кірегі ояу кез келген білімді ұрпақ өз Отанын даму жолында аянбай тер төгеді. Қазіргі
бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда «алма піс, аузыма түс» деп жатудың өзі
әбестік. Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел бо ла ша-
ғы үшін еңбек ету әркімнің міндеті.
Бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жастарды білім жолына салып, түзу
жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның
міндеті саналады. Осы тұрғыда профессор Әдібай Табылдының Қазақ Республикасының
Білім және Ғылым Минстрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің ұсынуы
бойынша (№Ж-Т-Т-52\1.23,08.2013ж.) факультативтік немесе тәрбие сағаты формасына
негізделген «Әдептік сабақтар» оқу құралының тәрбиелік мәні зор. Осы себепті, жур на лы-
мыз дың кезекті санына аталмыш кітаптан сабақ түрлерінен үзінді беруді жөн көрдік.
ҚАЗАҚ ҚЫЗЫНЫҢ ҚЫРЫҚ БІР ӘДЕБІ
Мақалада ұлттық әдеп дәстүрінің тәрбиелік мәні кеңінен ашылған. Ата-бабаларымыздың
өмір тәжірибелерінен, халықтық әдет-ғұрып болып қалыптасқан дәстүрлерінен үлгі-нұс қа-
лар ды өне бойы өнеге ету, ұрпақтарына үйретіп, тілек тілеп, жастарды жақсы жолға бастау
ке ректігі жазылған.
Түйін сөздер: ұлттық тәрбие, әдеп, ұлттық дүние-таным, ата-дәстүр, өнер.
В данной статье широко раскрыта тема роль этики в национальном воспитание. А также
истоки возрожения культуры в осознании народных традиций и народной этики, в соблюде-
нии общечеловеческих ценностей, в возрождении чувства собственного достоинства, ведь
у всех народов почиталось уважительность и честность, порядочность и тактичность, со-
блюдение норм поведения и общения.
Ключивые слова: Национальное воспитание, этика, национальные мировозрение, обы-
чай, искуство.
In this article is wide open topic of ethics in national education. And the origins of cultural
revival in the awareness of folk traditions and folk ethics, compliance with universal human values,
in the revival of self-esteem, because all peoples revered respectfulness and honesty, integrity and
tact, compliance behavior and communication.
Keywords: national education, ethics, national worldview, custom, art.
1. Қыз абыройын берік сақтау. 2. Ұлттық
салт-дәстүрден аттамау. 3. Үлкендердің жо-
лын кесіп өтпеу, атын тергей атау. 4. Нәпсі-
құмар болмау. 5. Жарыса сөйлемеу. 6. Жалғыз
қыдырмау. 7. Жыртақтап күліп, сыпсыңдап
сөйлемеу. 8. Орынсыз нәрсеге ұрынбау. 9.
Басқаларға қол тигізбеу. 10. Өтірік, өсек айт-
пау. 11. Суық жүріс, сумаң қылық жасамау.
12. Кісіге қарап, керіліп есінемеу. 13. Тал-
тайып отырмау. 14. Шалқайып жатпау. 15.
Тамақты обырлана асамау. 16. Ұрлық-қар-
лық жасамау. 17. Ұятты мүшелерін ашып
жүр меу. 18. Бұраңдап, қылымсымау. 19. Қы-
зыл іңірде ұйқыға жатпау. 20. Түске дейін
ұйық тамау. 21. Кісі алдында киім ауыстыр-
мау. 22. Елді (өз елін, басқа елді) ғайбаттамау.
23. Ішімдік пен шегімдіктен аулақ болу. 24.
Ұрыс-керістен аулақ болу. 25. Беттен алып,
7
ҰЛТТЫҚ ӘДЕП
бет жыртысудан аулақ болу. 26. Қарау бол-
мау, ысырап жасамау. 27. Рахымсыз болмау,
қа тыгездік жасамау. 28. Түнде суға жалғыз
бармау. 29. Жат жыныстылармен араласып
жатпау. 30. Анамен ақылдасып отыру 31.
Әдепсіз сөз айтпау. 32. Жүріс-тұрыста, сөй-
леуде әдептілік көрсету. 33. Адам мен жа-
нуарларды теппеу. 34. Кісіні қорлап, жә бір-
лемеу. 35. Тәкаппарлық пен сиқымазақ жа-
самау. 36. Айғай-сүрең жасамау. 37. Шектен
тыс сыланып, жағымсыз жасанбау. 38. Қыз-
ғаншақ, күншіл болмау. 39. Алдап-арбаудан
аулақ болу. 40. Көрсеқызар болмау. 41. Қа на-
ғат сыз болмау.
Тапсырма:
1 Қазақ қызының 41 әдебін 8 сабаққа бө-
ліп, әрбір әдепке бір-екі сөйлеммен түсінік
жаз. Мысалы:
а) Қыз абыройын берік сақтау – Ақыл сыз-
дықпен абыройдан айрылып қалмау.Үй лен-
генше жыныстық қатынас жасамау.
б) Ұлттық салт-дәстүрлерден аттамау
– Қалып тасқан салт-дәстүрлерді, міндетті
түр де орындау.
2. Қыздар әрбір сабақта тәрбиешінің сұ-
рақ тарына байланысты қыз әдебін қалай
сақ тап жүргенін ауызша айтады, тәрбиеші
(оқытушы) балл қояды.
Атаны сыйлау әдебі
Ата – отбасындағы ең ардақты, құр мет-
ті тұлға. Ата мейірі немерелеріне, шө бе ре-
леріне нұр болып құйылады. Ең әуелі ата ұр-
пағының денсаулығына ерекше көңіл бө ліп,
қадағалап отырады. Баланың уақтылы та-
мақтануы, іс-әрекет тәртібін сақтауы, ойна-
уы, оқуы, өнермен шұғылдануы атаның зер-
леуінде болады. Ата немересіне «Балақан-
жа лынды немерем, Қаласаң жанымды берер
ем» деп жақсы көреді. Ақылды ата немересін
өбектей бермейді, өнеге береді. Баланың әр-
бір әрекетіне байланысты «жылы шырай»
көр сету, құптау, сүйіну, демеу, мадақтау –
қуану атаның тірлігіндегі тәлімді көріністер.
Ата немереге өнегеге, өсиет айтумен бір-
ге үмітті үлгі көрсетеді. Ол - әдебиетші, пси-
холог, педагог, тарихшы, ақпаратшы, адал-
ниет ті, ақжарқын тұлға.
Ата оқытады, жаттатады, үйретеді, әдеп
сақ тауды талап етеді, өзі сауаттылық пен
сал танаттылықты көрсетіп отырады.Ұрпағы
ата сының тәрбиелік нұсқаларын әдеппен іс-
ке асыруға міндетті.
Атаның балаға тәрбие берудегі бір игі қа-
си еті – баланың жақсылықтарын жарқын
көр сетіп, қуаныш нұрын төгуі. Ол қасиет
ба ланың үміт пен сенімін арттырып, іс-
әрекетте, тіршілікте ол атаның қуанышын
мо лайтып, құлшыну мен жігер-қайратын
арт тырып отырады.
Атада талап ету ізеттілікпен, мәжбүр ету
ме йірімділікпен орындалады. Ата немереге
дауыс көтермейді, дабырамайды, баланы ба-
йыппен басқарып, бақытқа жетіп отырады.
Атаны күту, сыйлау, құрмет көрсету-ата сый-
лау дың әдептік парыздары болып табылады.
Мына тақпақты жаттап ал:
АТАМА БАС ИЕМІН
Атам маған күлімдеп:
-Айналайын,күнім!-деп,
Өсиетін айтады,
Өскенімді байқадым.
Асылын маған сақтайды:
-Алтыным! – деп, мақтайды.
Білімді де, мейірлі...
Білмес атам кеюді.
Жақсы болсам аташым
Беріп маған батасын,
Мейірлене сүйеді:
Атама бас иемін.
Тапсырма:
1 «Мен атамды сүйемін» деген тақырыпта
шағын шығарма жаз.
Әжені сыйлау әдебі
Әже - әулеттің аруанасы, аналардың ана-
сы, балалардың панасы. Әлемде әже ме йі-
рімінен артық мейірім жоқ. Әже немере тәр-
бие сіне минөт сайын көңіл бөліп, көзінің қа-
ра шығындай қадірлеп қарайды.
Ұлттық әдеп бойынша, әрбір немере - әже-
нің жүрегі, жадыратқан жаны, өмірінің қы-
зығы. Сондықтан әже бала тәрбиесіне олар-
дың әке-шешесінен де артық, айрықша қа-
8
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
рай ды. «Сенің жеті балаңа жүрегімді жетіге
бөліп беремін» дейтін менің балаларымның
әже сі – Дәрдене анам.
Қазақта «өз балаңды өскенше көтересің,
ба лаңның баласын өлгенше көтересің» деген
ма қал бар. Әрбір әже немересінің киінуіне,
сү йінуіне, тамақтануына, жарақтануына,
өнер ленуіне, шеберленуіне, ойнауына, ой ла-
уы на зер салып, зерлеп, қадағалап, қам қор-
лық жасап отырады.
Қазақ тарихында Абай дананы тәр бие ле-
ген Зере әжені, Албан, Суан, Дулатты тәр-
бие леген Домалақ ананы (Нұриланы) т.б. бі-
ле міз... Олар немерелерінің табиғатын, тала-
бын, ақылын адамдығын жан-жақты жақсы
бі ліп, аруаналық қадірлі қасиеттерімен, да-
на лық, аналық мейір-шапағатымен әжелік
тәр биедегі өздерінің өрімді тәрбиесімен ұр-
пағын ұлылық дәрежеге жеткізіп кетті. Ұр-
пағы оларды әдеппен сыйлап,құрметтей біл-
ді.
Қазақ халқының салтанатты салты бойын-
ша әулеттік сыйласымға ие болған әжелерді
ата, ру, ұлт қадірлеген, оларды халық әулие
тұ тып, әдеппен сыйлаған.
Әжелер ұрпағынан ұлттық салт-дәс түр-
лерді қастерлеп, қадірлей білуді талап ет іп
отырған, өзі де өнеге көрсетіп, ұлттық әдеп-
тің үлгілерін үдере көрсетіп отырған.
Дүние тіршілігі, адамзаттың өсіп-өнуі
ана ларға байланысты. Сондықтан аналардың
ана сын сыйлау әдебі қазақ халқында қастерлі
қа лыптасқан. Әжені күту, денсаулығын қа-
да ғалау әдептері мен міндеттерін ұрпағы
ұла ғаттап орындайды.
Мына тақпақты жаттап ал:
АЛАҚАЙ
Әжем келді, алақай!
Әжеме кел, балақай!
Қолтығынан демейік,
Көрпе төсеп берейік.
Тынығып,әже, сергіңіз:
Ертек айтып беріңіз:
Сүйіп-сүйіп аламыз:
Сізге бала боламыз.
Тапсырма:
1 «Мен әжемді жақсы көремін» деген
тақырыпта 5 сөйлемдік шығарма жаз.
Әкені сыйлау әдебі
Әке – отбасының тірегі. Әке тәрбиесінің
бастауы – құрсақ тәрбиесі. Әке құрсақта
жат қан баланың жақсы, қалыпты өсіп, дү-
ниеге келуі үшін, оның анасының жан жүйе-
сін жадыратып, қамқорлық жасауға мін-
детті. Ананың «жерігі» қансын, шарша ма-
сын, уақытылы киініп, тамақтанып, кө ңі лін
көтерсін: музыка тыңдап, қызықты кө рі ніс-
тер ді көрсін, аналық міндеттерін орындап,
ты нықсын, шынықсын, оған қамқорлық жа-
саған әкені сыйлау әдебі ананы сыйлау әде-
бі мен ұштасып жатады. (Әке тілін алу, оған
кө мектесу, әке қағидаларын орындау т.б.)
Дүниеге келген баланың анадан кейінгі ең
жауапты қамқоршысы - әке. Баланың ұйқысы
қанық, тамағы тоқ, тазалығы жақсы, көңілі
тыныш болса, ол жыламайды, ашуланбайды.
Егер бір себеппен бөбек ашулана бастаса,
оның әдеппен тілін табу керек. «Жуатам»
деп ұрысқан ата-ана (әке) зор қателеседі.
Баланың іс-әрекетін толымды ұйым дас-
тыру үшін, ең әуелі оған ана тілін үйрету ке-
рек. Үйрету: қызықтыру, сөз мәнін тұшынту,
та лап ету, жаттату, жадын ұлғайту арқылы
іс ке асырылады. Ең әуелі бала өзінің ана ті-
лін жақсы үйреніп алсын, содан кейін ана ті-
лі арқылы басқа тілдерді де үйренеді.
Балаға ұлттық дәстүрлерді, әдептілікті,
сы пайылықты, ізеттілікті үйретіп, оны іс жү-
зінде орындауын жалықпай талап етіп отыру
керек. Қайырымдылық, мейірімділік, ізет ті-
лік, инабаттылық, шешендік, өнерпаздық
сияқ ты ұлттық қасиеттерді баланың бойына
сіңіріп отыру - әкенің әдеттік нұсқасы, әдеп-
тік парызы. «Әке көрген оқ жанады».
Отбасындағы қарым-қатынаста әрбір
тұл
ға ның өз міндеті, әдебі, әдеті болады.
Үл кенді сыйлау, әке-шешенің тілін алу мұ-
ра герлік кәсіпті үйрену, әділетті, адал, шын-
шыл, батыл, сергек, қажырлы болу, тек
пай далы сөз айтып, қарым-қатынаста сөз
мә дениетін үйрену баланың міндеті. Сол қа-
жеттіліктердің орындалуын әдепті әке әр қа-
шан талап етіп отыруға міндетті.
Әке ақылды, білімді, әдепті, ізгі ниетті,
көп шіл, кішіпейілді болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |