Анықтамалық с. 1 Аутизмі бар балаларға дәретханаға баруды үйрету бойынша ата-аналарға арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
Дата31.03.2017
өлшемі1,64 Mb.
#10869
түріАнықтамалық

Бұл материалдар Аутизмді емдеу желісінің, Autism Speaks қоры 

қаржыландырып отырған бағдарламаның атқарып отырған 

қызметінің нәтижесі болып табылады. Бағдарлама АҚШ Денсаулық 

сақтау және әлеуметтік қызметтер министрлігінің, Денсаулық сақтау 

және медициналық қызмет көрсету басқармасының, Массачусетс 

штатының Орталық ауруханасының ана мен бала денсаулығы туралы 

зерттеу бағдарламасының қолдауымен, UA3 MC11054 келісімшарты 

бойынша жұмыс істейді.

Балаға дәретханаға

баруды үйрету

Ата-аналарға 

арналған 

анықтамалық

с. 1


Аутизмі бар балаларға дәретханаға баруды үйрету бойынша ата-аналарға арналған нұсқаулық

Дәретханаға баруды үйрету процесі 

аутистикалық спектрдің бұзушылығы (АСБ) бар 



балалар 

үшін аса қиынға соғуы мүмкін

. Мұның неліктен көп уақытты алуы мүмкін екендігінің себебі көп. 

АСБ бар балалардың көпшілігі дәретхананы пайдалануды біршама есейген кезінде үйренеді. 

Және, әдетте, олар мұндай дағдыны өзінің норматиптік құрбыларынан кешірек игереді (Tsai, 

Stewart, & August, 1981).

АСБ бар әр бала өзіндік ерекшеліктерге ие. Дегенмен де, оларды дәретхананы қолдануды үйрету 

шарасын қиындататын ортақ мәселелер біріктіреді,  мұндай мәселелерді білу сізге балаңыздың 

ерекше сипаттағы қажетсінулерін қанағаттандырудың әртүрлі әдістерін таңдап алуыңызға себін 

тигізетін болады. Көңіл бөлуге тұрарлық кейбір идеялар мынадай:

“Бұл спринт емес, бұл 

марафон.”

-Гэри Хеффнер

Dalrymple және Ruble зерттеулері 

(1992) АСБ бар балаларды олар 

күні бойы құрғақ күйінде қалып 

отыруға үйренгенше дәретханаға 

баруды орта есеппен 1 жыл және 

6 ай бойы үйрету қажет екендігін, 

ал кейде тіпті бала процесті 

бақылауды үйрену үшін 2 жылдан 

астам уақыт қажет болатынын 

көрсетті.



Өмір бойы 

дәретханаға бару 

тәуелсіздігіне қол 

жеткізу үшін екі 

жылдық сапар жасау 

соған тұрарлық!

Әртүрлі дәретханаларды пайдалану

:  Кейбір аутизмі бар балалар 

үйде не болмаса мектепте дәретханаға өз бетінше баруды үйренгенімен, өзге 

қоғамдық орындардағы дәретханаға баруда қиналады.

Бір сарындылықты

(ұқсастықты)

қажетсіну

: Аутистикалық

спектрдің бұзылуына шалдыққан кейбір балалар зәр шығару

мен


дефекацияның өзіндік шараларын ойдан шығарып алады. Жаңа әдістерді

үйрену олар үшін қиынға соғуы мүмкін.



Киіну

: АСБ бар кейбір балалар дәретханаға барған кезде шешіну мен 

киінумен байланысты қиналады.

Дене сигналдары

Кейбір аутизмі бар балалар өздеріне дәретханаға 

бару қажет екендігін не болмаса өзінің шалбарының су болып не 

былғанғанын әрдайым түсіне бермейді.

Қорқыныштар

: Кейбір аутизмі бар балалар унитазға отырудан қорқады 

не болмаса дәретхананың суын ағызу дыбысынан сескенеді. Дәретханаға 

баруды визуалды кесте арқылы үйрету және мұны күнделікті үйреншікті 

шараның бір бөлігіне айналдыру мұндай қорқынышты біршама басуға себін 

тигізеді.



Сөйлеу тілі

: АСБ бар кейбір балалар сөйлеу тілін түсіну мен қолдануда 

қиналады. Аутизмді баладан дәретханаға барғысы келетіні туралы өзі айтады 

деп күтпеңіз.



Әрекеттеріңізді жалғастыра беріңіз!

Осы анықтамаға енгізілген идеялар, АСБ бар жас балаларды, жасөспірімдер мен ересектерді дәретхананы 

пайдалану дағдысына үйретуде себін тигізуі мүмкін.  Сіз жоғарыда аталған мәселелерге орай дәретханаға бару 

дағдысына үйретуді қалай бастау керектігіне сенімді болмасаңыз да, бұл өзін бақылап отыруға болатын міндет; 



аутизмі бар баланы дәретханаға өз бетінше баруға қалай үйретуге болатыны туралы әдістер әрдайым бар.  

Есіңізде болсын, аутизмі бар балаларға арнап дамуы қалыпты балаларға арнап қолданылатын көмекші әдістерден 

өзге әдістерді қолдану керек.

.

с. 2



Физикалық себептер:

Дәретханаға барудың қиындықтары физикалық 

не медициналық себептердің салдары болуы мүмкін. Бұл мәселелерді Сіздің 

балаңызды бақылайтын педиатрмен талқылаңыз.



Аутизмі бар балаларға дәретханаға баруды үйрету бойынша ата-аналарға арналған 

нұсқаулық



Неден бастау керек?

"Дәретханаға баруды үйрету" не болмаса "Кесте бойынша үйрету" балалардың дәретхананы 

пайдалану дағдыларын оларға өзге талаптарды қолданусыз үйренуіне себін тигізеді. Ересектер 

кестені белгілеп және бала ағзасының сол кестені ұстанып отыруына жәрдемдеседі.



6 рет отырып шығу. 

Дәретханаға 6 рет барудың мақсатын белгілеңіз. Дәретханаға алғашқы 

барулар қысқамерзімді (бала отырған күйінде шамамен 5 секунд бойы қалып отыруы тиіс) болуы 

мүмкін, артынша күн сайын алты рет отырып шығудың біреуінің уақыты дефекация дағдысын 

қалыптастыру үшін ұзартылады. Уақыт өте келе, унитазда отыру уақытын ұзартуға болады (сонау 10 

минутқа дейін). Таймерді қою жақсы идеяға айналуы мүмкін, осылайша, бала оның унитазда отыруы 

қашан аяқталатынын біліп отыратын болады. Бала унитазға кіші не үлкен дәретке отыра салысымен, 

оның бірден тұрып кетуіне мүмкіндік беріңіз. Ұл балаларды олар дәретханада үлкен дәретке дұрыс 

отыруды үйренгенше, унитазға кіші дәретке отыруды үйретіңіз.



Сұрамаңыз. Айтыңыз.

Балаңыз Сізге өзінің дәретханаға баруы

керектігі туралы айтады не болмаса ол Сізге "ия" деп жауап беру үшін

Сіздің оған оның дәретханаға барғысы келе ме-жоқ па деген сұра0қ

қойғаныңызды күтеді деп тоспаңыз. Дәретханаға барудың уақыты

келгенін айтыңыз.



Күн тәртібі.

Дәретханаға бару әрекеттерін күнделікті өміріңіздің бір

бөлігіне


айналдырыңыз.

Оларды


өзіңіздің

әдеттегі


кестеңізде

жоспарлаңыз.

Оларды күннің белгілі бір уақытымен не болмаса

балаңыздың

күні

бойы


айналысатын

белгілі


бір

әрекетімен

байланыстырңыз.



Коммуникация. 

Дәретханаға әр барған сайын бір ғана қарапайым 

сөздерді, белгілерді не суреттерді қолданыңыз. Бұл баланың дәретханаға 

бару шарасымен байланысты сөздік қорын жылдамырақ біліп алуға себін 

тигізеді.



Әрекетті жалғастыра беріңіз. 

Адам бір нәрсені әдетке 

айналдыру үшін оған 3 апта қажет дейді. Сіз әрекет пен әдістерді 

белгілей салысымен тура сол мақсатқа – үшапталық мерзімге қарай 

бет алыңыз.



Визуалды кестені құрыңыз.  

Суреттер балаңызға дәретханаға 

барудан нені күтуге болатынын түсінуге көмектеседі (9-беттегі

2-қосымша: 

Визуалды кестенің мысалы 

қар.). Жуынатын бөлмеңіздегі 

заттарды суретке түсіріп алыңыз (мысалы, дәретхана, дәретхана қағазы). 

Осы фотосуреттерді балаға оның дәретханаға бару кезіндегі әрбір 

қадамын көрсету үшін қағаз бетінде тиісті тәртіппен орналастырыңыз. 

Сондай-ақ Ғаламтордан дайын суреттерді табуға болады, сіз оларды 

артынан қағазға басып шығара аласыз. Веб-сайт туралы ақпарат алу 

үшін 7-бетті қар. Егер бала бұл суреттердегі ақпаратты түсінбей 

отырған болса, онда оған дәретханаға беру кезіндегі әрбір қадамға 

арналған нақты гигиена заттарын (мысалы, дәретхана қағазының 

орамасы) көрсетсе болады.



Марапаттау әдісін белгілеңіз. 

Балаңыздың ойыншық, тағам не бейнежазба сияқты сүйікті 

заттарының тізімін жасаңыз. Бала дәретханаға кіші не үлкен дәретке отыра салысымен оған 

олардың қайсысын бірден беру оңай болатынын ойланып көріңіз. Аздаған тағамдық марапаттау 

(жемістер, крекер, шоколад бөлігі) көп жағдайда жақсы әсер етеді. Баланың дәретханаға барғаны 

үшін беретін марапатқа қосымша түрде сіз сондай-ақ ол дәретханаға барғаннан кейін оның сүйікті 

ісімен (бейнежазбаны қарау, ойыншықпен ойнау) айналысуына қосымша уақыт ұсынсаңыз 

болады.


Қолдануға арналған жылдам көмекші 

әрекеттер...

Қолдап отырыңыз.  

Балалармен 

дәретханаға бару дағдысына үйрету 

процесі жайлы сөйлескен сайын 

марапаттауларды қолданып отырыңыз.  

Олар жаныңызда болған кезде 

жағымды сөздерді қолданыңыз.

Баланы оның әрекеттері мен 

бірлескен іс-қимылдары үшін олардың 

үлкен-кіші болуына байланыссыз 

мақтап отырыңыз

.

Дәретханаға бару дағдысын үйрете 



бастаған кезде өзіңізді 

байсалды және 

"орынды" ұстаңыз

.

Кестені ұстаныңыз



. Үйде, сондай-ақ 

басқа жерде дәретханаға бару 

дағдысын үйретуге арналған уақытты 

белгілеп алыңыз.

Үйрету кезінде 

тура сол сөздерді 

қолданыңыз

.

Барлығының бірдей жоспарды 



пайдаланып отырғанына көз 

жеткізіңіз

. Сіздің балаңызбен жұмыс 

істейтін адамдармен сөйлесіңіз. 

Олармен Өзіңіздің дәретханаға бару 

дағдысына үйрету жоспарыңызбен 

бөлісіңіз және тура сол күнделікті кесте 

пен сөйлеу тілін қолдануды өтініңіз.

Табысқа жету кілті:  Қарапайым сөйлеу тілін қолданыңыз және 

дәретханаға беру дағдысына үйретудің бірдей тәртібін ұстанып 

отырыңыз. 

С. 3


Аутизмі бар балаларға дәретханаға баруды үйрету бойынша ата-аналарға арналған 

нұсқаулық



Аутизмі бар балаларды дәретханаға баруға үйрету ісін сәтті етуге арналған 

көмекші ұсыныстар!

3 «үлгілік» күн бойы баланың дәретке қалай отырып жүргенін бақылап көріңіз. 

Дәретханаға 

баруларды күн кестесіне дұрыс енгізу үшін бала жеп-ішкен сәттен бастап дәретке отырған сәтке дейін 

қанша уақыт өтетінін қадағалап отырыңыз. Оның жөргектерін жиі тексеріп отырыңыз (мысалы, әр 15 

минут сайын), бұл сізге оны дәретханаға қай кезде апарған дұрыс болатынын жоспарлауыңызға 

көмектеседі.



Баланың тамақтану режимін ескеріңіз.

Тамақтану рационына өзгерістер енгізу, мысалы,

клетчатканы не болмаса сұйықты көбірек ішу оның дәретханаға барғысы келетінін сезінуіне себін

тигізуі мүмкін.



Күнделікті өміріне аздаған өзгерістер енгізіңіз.

Балаға шешілуі оңай болатын киім кидіріңіз.

Баланың киімін оның жөргектері суланып не бұлғанған сайын ауыстырып отырыңыз. Жөргегін

жуынатын бөлмеде не болмаса тура соның жанында ауыстырыңыз. Баланы гигиена процесіне

тартыңыз.

Баладан, егер бұл мүмкін болса, жөргектің ішіндегі дәретін унитазға тастауын өтініңіз.

Бұл


оның жөргектің ішіндегі дәреттің унитазға тасталып отыруы тиіс екенін түсінуіне себін тигізуі мүмкін.

Артынан унитаздың суын ағызып және жөргекті әрбір ауыстырған сайын қолын жуып отыруын

өтініңіз.

Баланың дәретханаға баруы оған жайсыздық тудырмайтынына көз жеткізіңіз.

Ол унитазда отырған

сәтінде өзін жайлы сезінуі тиіс. Оның аяғының астына қою үшін баланың орындығын не болмаса

табуретканы пайдаланыңыз. Егер сіз балаңыздың унитазға отырмайтынын білетін болсаңыз,

дәретханаға баруды үйретуден бұрын оны унтизаға отыруға дағдыландырып алыңыз.

Балаңыздың сенсорлық қажетсінулері жайлы ойланып алыңыз. 

Егер ол дәретаханада болған 

кезде өздеріне жанасатын белгілі бір иістерді, дыбыстарды не заттарды ұнатпаса, оларды барынша 

өзгертуге тырысыңыз.



Ауыстырып кигізетін іш киімді көбірек дайындап қойыңыз. 

Балаларды дәретханаға баруға 

үйреткен кезде олардың іш киімді күні бойы киіп жүргені өте маңызды, себебі олар іш киімінің 

суланғанын (бұлғанғанын) сезіну қажет. Балаға, қажет болса, іш киімнің сыртынан клеенка шалбар не 

жөргек кигізіп қоюға болады. Жөргекті балаңыз ұйықтаған кезде не болмаса үйден тысқары жерде 

жүрген кезде қолдануға болады.



Визуалды тәртіпті қолданыңыз. 

Дәретханаға бару шарасының әр қадамын бейнелейтін суреттер 

балаңыздың осы шарамен танысып және одан әрі не болатынын біліп отыруға көмектесуі мүмкін. Дәретханаға 

барған кезде оған өзіңіз жасаған визуалды кестені осы шараның әрбір қадамын орындаған сайын көрсетіп 

отырыңыз.

(9-беттегі 

2-қосымша: Визуалды кестенің мысалы 

қар.).


Марапаттауларды қолданыңыз. 

Баланы ол унтизаға кіші не үлкен дәретске отыра салысымен 



бірден марапаттап отырыңыз.  Сіз оның іс-әрекетін неғұрлым көбірек марапаттап отырсаңыз, оның 

осы іс-әрекеттің келешекте күшейю ықтималдығы да арта түседі. Дәретханаға барғаны үшін 

марапаттаулар ерекше болып және сол іс-әрекетті марапаттау үшін ғана қолданылуы тиіс.

Осы дағдыны әртүрлі дәретханаларда пысықтап отырыңыз.

Бұл баланың өзге жерлердегі

әртүрлі дәретханалар мен жуынатын бөлмелерді пайдалана алатынын түсінуіне мүмкіндік береді.

С. 4


Аутизмі бар балаларға дәретханаға баруды үйрету бойынша ата-аналарға арналған 

нұсқаулық



БАЛАҒА ДӘРЕТХАНАҒА БАРУДЫ ҮЙРЕТУ ЖОСПАРЫН ҚАЛАЙ ЖАСАУ КЕРЕК

Сіздің балаңызға дәретханаға баруды әртүрлі аламдар, өзге отбасы мүшелері, көмекшілер және бала-бақша қызметкерлері 

үйретуі мүмкін. Сіздің балаңызбен жұмыс істейтін әрбір адам бірдей түрде сөйлеп және күнделікті бір процесті ұстанып отыруы 

тиіс.  Бұл дәретханаға баруды үйрету шарасын сәтті етуі мүмкін.

Дәретханаға баруды үйретудің жазбаша жоспары АСБ бар баланың ілгері жылжуына көмектеседі. Егер оның жазбаша нұсқасы 

болса, әркім бірдей түрде сөйлеп және бірдей процесті ұстанып отыра алады. Дәретханаға баруды үйрету шарасы мынадай 

ерекшеліктерді қамтуы мүмкін:

Мақсат:

Балаңыздың көмекшісіне өзіңіздің мақсатыңыз жайлы айтыңыз.  Көмекшіге өзіңіздің белгілі бір уақыт 

кезеңінде қандай мақсатқа қол жеткізуді көздеп отырғаныңызды түсіндіріңіз. Мысалы, «Мақсат 

мынадай: Томми тамақтанудан кейін 15 минут өткеннен кейін дәретханаға барып және унитазда 5 

секунд бойы отыруы тиіс."

Бірсарынды процесс:

Қаншалықты жиі? Балаңыздың дәретханаға қаншалықты жиі және қай уақытта барып отыруы тиіс 

болатынын айтыңыз. Мысалы, "сағат сайын" не болмаса «су ішіп/ас ішкеннен кейінгі 15 минут сайын".

Қаншалықты ұзақ? Баланың дәретханада қаншалықты ұзақ уақыт отыра алатынын міндетті түрде 

көрсетіңіз – 5 секундтан бастауға болады.

Сөйлеу тілі:

Сөздер: Балаңызға лайық сөздерді қолданыңыз. Мысалы, кіші дәретке отыруы үшін қандай да бір 

"кодтық" сөздерді пайдаланыңыз?  Балаңыз дәретханаға бару үшін қандай сөздерді қолданасыз?

Места:

Қайда? Бала қай жерге дәретке отырады?

Не? Сәуле (жарық) туралы ойлап көріңіз, ол жарық па әлде күңгірт пе? Сіздің балаңызға жарық қалай 

әсер етеді? Дәретханада бөгде шуыл (желдеткіш) бар ма? Дәретхана қағазының қандай түрін қолданған 

дұрыс? Есікті жауып не ашып қойған дұрыс па?

Кім? Бала дәретханаға кіммен барады?  Баланың жанында біреу бар ма не болмаса жақын маңда тұр 

ма?

Әдістер:

Сіз қандай әдістерді қолданасыз? Сіз визуалды кестені қолданасыз ба? Сіздің балаңызға музыка 

тыңдау не болмаса кітап оқу ұнай ма?

Марапаттаулар:

Қандай іс-әрекеттер марапатталады? Ал қандайы марапатталмайды?

Сіз балаңызды іс-әрекеттерді жақсы орындағаны үшін қалай марапаттайсыз? Егер балаңыз 

марапаттауға лайық болмаса, не істейсіз?

с. 5


Аутизмі бар балаларға дәретханаға баруды үйрету бойынша 

ата-аналарға арналған нұсқаулық



АТА-АНАЛАР ЖИІ ҚОЯТЫН САУАЛДАР

См. Приложение 2 на стр. 8 для получения информации о Примерном плане обучение 

навыку использования туалета, который можно распечатать и выполнять.

с. 6


Сауал

Баламыз мектепте дәретханаға барады, алайда үйде дәретханаға барудан 

бас тартады. Мұндай жағдайда не істеу керек?

Жауап

Сіздің АСБ бар балаңыз мектепте жасауды үйреніп жүрген нәрсені үйде жасауда қиналуы 

мүмкін. Егер ол мектепте әртүрлі дәретханаларды пайдалануды үйренетін болса, бұл оған 

көмектесуі мүмкін. Мектепте мұғалім қолданатын тура сол сөздер мен әдістерді 

қолданыңыз.  Сізге үйде қарапайым қадамдардан бастау қажет болуы мүмкін. 

Дәретханаға барудан бастаңыз. Балаңыз үйдегі дәретхананы пайдалана бастаған сәтке 

дейін қадамдарды біртіндеп қосып отырыңыз. Бұл дағдыны әртүрлі дәретханаларда 

пайдаланыңыз.  Дүкендердегі және басқа адамдардың үйлеріндегі дәретханаларды 

пайдаланыңыз.

Сауал

Біз қызымызды дәретханаға бару дағдысына үйретуге арналған 

бағдарламамыз жақсы деп ойлап жүрдік, алайда ол іске аспай қалды. Енді не 

істеуіміз керек?

Жауап

Сіз әртүрлі іс-әрекеттерді орындасаңыз болады.  (1)  Медициналық себептердің 

болмауына көз жеткізіңіз. Қызыңыздың дәрігерімен қызыңызда іш қатудың болу-

болмауына қатысты не болмаса тамақтану режимін өзгерту туралы кеңестер алу үшін 

сөйлесіңіз. (2)  Қызыңыздың дәретханаға бару кестесін қарап шығып және оны 

дәретханаға оның кіші не үлкен дәретке бару ықтималдығы орын алған сәтте апарып 

жүргеніңізге көз жеткізіңіз. (3) Марапаттауларды қалай өзгертуге болатынын ойлап 

көріңіз. Қызыңызға марапаттаудың ұнайтынына көз жеткізіңіз. Өзіңіз қолданатын 

марапаттауларды әр 3 ай сайын қайта ойластырып отырған пайдалы болады, алайда 

мұны одан да жиі түрде жасап отыруға тура келуі мүмкін.



Сауал

Мен баламды дәретханаға бару дағдысына үйретсем де, ол үйрене алмай 

жатыр. Бұл процесс қаншалықты ұзаққа созылады?

Жауап

Көптеген адамдарға дәретханаға баруды үйрету ұзақ уақытты қажет етеді. Сіз өзіңізді 

байсалды және сабырлы ұстаған жағдайда бұл қасиеттер процеске себін тигізеді. 

Дәретханаға баруды үйретудің белгілі бір мерзімі жоқ. Дәретханаға баруды үйрету сіздің 

күнделікті өміріңіздің кішкентай бөлігіне айналуы тиіс. Үзіліс жасап және күш жинап 

алғаннан кейін не болмаса балаңыз дайын болған кезде қайта әрекет жасап көруге 

болады. Есіңізде болсын, дәретханаға баруды үйрету (үйрену) оңай емес. Дәретханаға 

баруды үйрету шараларын сізге және сіздің отбасыңызға лайықты уақыттарда жүргізіңіз. 

Мұндай жағдайда сіздің балаңызға осы бір маңызды дағдыны ұзақ уақыт бойы пысықтап 

отыруға көмектесуге күшіңіз болады.



Сауал

Біз отбасымызбен түгелдей баламызға дәретханаға баруды үйретуге 

тырыстық, алайда ол әлі де жөргек киіп жүр. Мұндай жағдайда не істеу 

керек?

Жауап

Мүмкін, арнайы үйретуден өткен біреудің көмегіне жүгінген дұрыс болар. АСБ бар 

баланың дәретханаға баруға үйренуіне көмектесе алатын дәрігерлер, психологтар, 

арнайы педагогтар, сөйлеу/тіл бойынша мамандар, мінез-құлықты талдаушылар / 

мамандар және эрготерапевтер бар. Бұл кәсіпқой мамандар отбасыңызға балаңызды 

дәретханаға баруға үйретуге көмектеседі.  Бұл әдіс АСБ диагнозы бар балаларға арнап 

жұмыс істей алады, алайда оны кәсіби маман бақылап отыруы тиіс. Есіңізде болсын, 

мұндай күрделі және маңызды дағдыны игеру үшін ұзақ уақыт қажет болуы мүмкін.



Аутизмі бар балаларға дәретханаға баруды үйрету бойынша ата-аналарға арналған 

нұсқаулық



Ресурстар

Autism Speaks қорының Отбасы істері жөніндегі басқармасы аутизмге шалдыққан балалары бар 

отбасыларға ақпарат көздерін, аспаптар жиынын, сондай-ақ қолдау ұсынады 

www.autismspeaks.org/family-services

. Егер Сіз Autism Speaks қорының Отбасы істері жөніндегі 

басқармасы мүшелерінің бірімен сөйлескіңіз келсе, Аутизм бойынша арнайы топпен 888-AUTISM2 (288-

4762) телефоны арқылы не 

familyservices@autismspeaks.org

электронды пошта арқылы байланысыңыз. 

Испан тіліндегі ART 888-772-9050 телефоны бойынша.



Анықтамалық әдебиеттер

1.

Dalrymple, N.J. & Ruble, L.A. (1992 г.). Аутизмі бар 



адамдарға дәретханаға бару дағдысы мен өз-өзін 

ұстау ережелерін үйрету: Ата-аналардың пікірлері. 

Аутизм және дамуындағы бұзушылықтар журналы 

22(2), 265-275.

2.

Tsai, L., Stewart, M.A., & August, G. (1981). 



Инфантильді аутизмнің отбасылық берілуі кезіндегі 

жыныстық айырмашылықтардың байланысы 

Аутизм және дамуындағы бұзушылықтар журналы 

11(2), 165-173.



Вебсайттар

Ұлттық аутистикалық қоғамы: Дәретханаға бару 



дағдысын үйрету: 

www.autism.org.uk/living-with-

autism/understanding-behaviour/toilet-training.aspx

www.do2learn.com/picturecards/printcards/se



lfhelp_toileting.htm 

- суретті кестелерді 

алудың жақсы ресурсы

Күнделікті өмірге арналған көмекші кеңестер –



Дәретханаға бару дағдысын үйрету: 

www.theautismprogram.org/wp-

content/uploads/toileting-tips.pdf

Жарқын балдырғандар: Дәретханаға бару дағдысын 



үйрету және аутизм: 

www.brighttots.com/Toilet_training_and_autis m.html



DVD-дискілер

Дәретхана күші



Дәретханада өткізген Элмо уақыты



Кітаптар



Аутизмі бар адамдарға арналған өз-өзіне көмек 



көрсету дағдылары :  Жүйелі түрде үйрету 

әдісі, авторлар Anderson, S.R., Jablonski, A.L., 

Thomeer, M.S., & Knapp, M. (2007).



Дәретханаға бару: Ерекше қажетсінулергі ие, 



сонымен бірге аутизмі және сонымен 

байланысты бұзушылықтары бар балаларды 

дәретханаға бару дағдысына үйрету, автор 

Coucouvanis, J. (2008).



Ерекше қажетсінулергі ие балаларды 

дәретханаға бару дағдысына үйрету, автор 

Hepburn, S. (2009).



Аутизмі бар адамдарды не болмаса дамуында 

өзге түрдегі мәселелер бар адамдарды 

дәретханаға бару дағдысына үйрету: Ата-

аналар мен тәрбиелеушілерге арналған 

кешенді нұсқаулық, автор Wheeler М. (2007).



Бір күні дәретханада, автор Frankel A. (2007).



Дәретханаға бару, автор Rogers F. (1997).

АЛҒЫС БІЛДІРУ

Бұл жарияланымды Физикалық және психикалық денсаулықты сақтау жөніндені Ғылыми комитеттің жанындағы Autism Speaks 

қорының Аутизмді емдеу желісінің / аутизм мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу желісінің мүшелері әзірлеген. Ерекше 

алғысымызды психология докторы, (Цинциннати балалар ауруханасы) Николь Бингке, BSW (JFK серіктестері, Денвердегі Колорадо 

Университеті) Дилан Карелли, философия докторы, (JFK серіктестері, Денвердегі Колорадо Университеті) Сюзана Гепберн, философия 

докторы, (JFK серіктестері, Денвердегі Колорадо Университеті) Терри Катз, философия докторы, (JFK серіктестері, Денвердегі Колорадо 

Университеті) Патти ЛаВеззер, өнер магистры (Цинциннати балалар ауруханасы) Лаура Сриворакиат пен психология докторы, 

(Кеннеди Кригер Институты) Аманда Сантанеллоға олардың осы жарияланыммен жұмыс жүргізгені үшін білдіргіміз келеді.



Жариыланымды Autism Speaks қорының Аутизмді емдеу желісінің/аутизм мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу желісінің 

Байланыстар жөніндегі бөлімі редакциялап, әзірлеп және жасап шығарды. Біз Autism Speaks  қорының Аутизмді емдеу желісімен 

байланысты болып келетін көптеген адамдарға, сонымен бірге отбасыларға осы құжатты қарастырып және ұсыныстарын алға 

тартқаны үшін ризамыз. Бұл жарияланымды қазіргі күйінде тегін таратуға, қағазға басып шығару үшін және өз ұйымыңыздың 

атауын және оның жиі аталатын анықтама әдебиеттерін көрсетумен электронды файл түрінде жекедара түрде ресімдеуге 

болады. Ақпараттың жаңа версиясын алу үшін келесі электронды пошта мекенжайына хабарласуыңызды сұраймыз 

atn@autismspeaks.org.

Бұл материалдар Аутизмді емдеу желісінің, Autism Speaks қоры қаржыландырып отырған бағдарламаның атқарып отырған 

қызметінің нәтижесі болып табылады. Бағдарлама АҚШ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер министрлігінің, 

Денсаулық сақтау және медициналық қызмет көрсету басқармасының, Массачусетс штатының Орталық ауруханасының ана 

мен бала денсаулығы туралы зерттеу бағдарламасының қолдауымен, UA3 MC11054 келісімшарты бойынша жұмыс істейді. 

Жарияланым авторлары MCHB, HRSA, HHS ресми пікіріне әрдайым сәйкес бола бермейтін оның мазмұны үшін толық 

жауапкершілікте болады. Осы әдістер жинағына арнап суреттер istockphoto® компаниясынан алынды. 2012 жылдың мамыр айында 

жазылған.

С. 7


Аутизмі бар балаларға дәретханаға баруды үйрету бойынша ата-аналарға арналған 

нұсқаулық



1-ҚОСЫМША: ДӘРЕТХАНАҒА БАРУ ДАҒДЫСЫН ҮЙРЕТУ МЫСАЛЫ

Мақсат : 

Мысалы, «Мақсат мынадай: 

Томми тамақтанудан кейін 15 

минут өткеннен кейін 

дәретханаға барып және 

унитазда 5 секунд бойы отыруы 

тиіс 

"

Процесс:



Қаншалықты жиі? 

Томми 


дәретханаға жеп-

ішкеннен кейін 15 минут 

өткен сайын барады

.

Қандай іс-қимылдарды 



қанша уақыт бойы 

орындап отыру керек? 

Томми дәретханада 5 

секунд бойы отыр. Ол 

унитазда отыр.



Сөйлеу тілі: 

«Біз қазір дәретханаға 

барамыз"; "Пс-пс" = кіші 

дәретке отыру.

кіші дәретке отыру.

Орын: 

Көмекші есіктің артында тұр. 

Есік ашық. Жарық пен 

желдеткіш қосулы

.

Әдістер: 

Томми дәретханада кітап 

оқып отыр 

«Құбыжықтар 

мекендейтін жер "

дәретханада.



Марапаттаулар: 

Томмидің дәретханаға әр 

барғаны үшін оған iPad-та 5 

минут ойнай тұруға рұқсат 

беріледі.

с. 8


Аутизмі бар балаларға дәретханаға баруды үйрету бойынша ата-аналарға арналған 

нұсқаулық



2-ҚОСЫМША: ВИЗУАЛДЫ КЕСТЕНІҢ МЫСАЛЫ

Визуалды кесте

Визуалды кесте күні бойы не болмаса іс-әрекеттерді орындау кезінде не орын алатынын көрсетеді. Ол 

баланың дәретханаға баруы кезінде көмектеседі және оған белгілі бір іс-әрекеттің қашан басталатынын 

нақты көрсетумен, бір іс-әрекеттен екіншісіне ауысумен байланысты алаңдаушылық пен қиындықтарды 

азайтады.

1) Кестеге енгізуді жоспарлап отырған іс-әрекет түрлерін белгілеп алыңыз

. Ұнайтын іс-әрекеттерді 

ұнамайтын іс-әрекеттермен үйлестіріп көріңіз.

2)Бірге алып жүретін кестеде өзіңіз көрсетіп қойған 



сабаққа арналған көрнекі материалдарды іліңіз 

(картон не ілінбелі тақташа). Кесте Сіздің балаңызға іс-әрекеттің бірінші түрінен бастап қол жетімді 

болып отыруы тиіс. Ол барлық іс-әрекет түрлерін орындау барысында көрнекі болып отыруы тиіс.

3)Балаға қысқаша сөйлеу түрінде 



кесте бойынша іс-әрекет түрінің қашан басталатынын 

келесі іс-әрекет 

түрі басталмай тұрып хабарлап отырыңыз. Міндет орындалғаннан кейін баланы мақтаңыз. Кестеге 

сүйенумен келесі іс-әрекет түрін іліп қойыңыз.

4)Кестені ұстанғаны үшін және іс-әрекет түрлерін орындағаны үшін баланы 

мақтап отырыңыз және/не 

болмаса өзге түрде марапаттаңыз

. Бала кестеде көрсетілген тармақтардың барлығын орындап 

болғаннан кейін қандай да бір жағымды нәрсені күту үшін оның ұнататын нәрсесін кестенің ең соңына 

қойыңыз.


ВИЗУАЛДЫ КЕСТЕ

с. 9


Унитазға отыру

Сүртіну  

Суын ағызу

Қолыңды жу


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет