«Россия мемлекетінің әр-түрлі аймақтарына саяхат».
1768-74 жж экспедицияны басқарды. Ол экспедицияның жұмысына Фальк және Георги қатысты. Мәліметтері молдығымен, тарихи мазмұнымен қазіргі кезге дейін ерекше орын алады.
10.Георги.
1796 ж - «Ресей мемлекетін мекендейтін барлық халықтардың ... сипаттамасы».
11.Ломоносов.
Қазақстанға ғылыми экспедициялар ұйымдастырудың және оның географиялық картасын жасаудың бастамашысы болды.
12.Кириллов.
«Қырғыз-қайсақ және қарақалпақ ордалары туралы түсіндірулер».
Ресейдің Орта Азия халықтары және қазақтармен сауда байланыстарын орнатуының мүмкіндіктерін, пайдалы екенін дәлелдеді.
13.Андреев.
«Қырғыз- қайсақтардың Орта жүзінің сипаттамасы». 1795 ж.
14.Скалон.
«Орыс- қазақ сөздігі».
Өскемен бекінісінің генерал-майоры.
Қазақ әдебиет мен музыкасы. 18 ғ Қазақстанда 20-дан астам саз аспабы болды.
Есімі.
Өмір сүрген жылдары.
Шығармашылығы, өмірі.
1.Ақтамберді.
1675-1768 жж.
Жоңғарларға қарсы көптеген соғыстарға қатысып, батыр ретінде белгілі болған жырау. XVIII ғ 50 жж жоңғарлардан азат етілген жерлерге қазақтардың қайта оралуын басқарды. ШҚО, Абай ауданында жерленген.
2.Тәтіқара.
XVІІІ ғ екінші жартысы.
Қостанай облысында дүниеге келді. Цин империясына қарсы соғысқа қатысты. Абылайға жақын жүріп, Орта жүздегі оқиғаларға қатысқан. Шақшақ руынан Жәнібекті, уақ руынан Баянды ерекше жырлайды.
3.Үмбетей.
1706-78 жж.
Жоңғарларға қарсы жорықтардың бәріне де қатысты. Бекболат биге арнауының тәрбиелік мәні зор. Абылайға Бөгенбайдың өлімін естіртті.
4.Бұқар жырау.
1684-1781 жж. 1693-1787 жж.
Қалқаман батырдың баласы. Халық арасында «Көмекей әулие» атанды. Негізгі идеясы-Қазақ хандығының тәуелсіздігін сақтау. Болашақты болжай білетін дарыны болған. Абылайдың кеңесшісі.
5.Жанақ ақын.
1775-1846 жж.
ШҚО, Абыралы ауданында өмірге келген. Орынбаймен айтысы белгілі. Ең басты жетістігі-«Қозы Көрпеш – Баян сұлудың» ерекше бір нұсқасын жасады.
6.Көтеш.
18-19 ғғ басы.
Көшпелілердің діни сенімі мәселелерін қозғады.
7.Тілеуке Күлекеұлы (Шал).
18-19 ғғ басы.
Ақмола облысында дүниеге келді. Ақын ретінде 15 жасынан танылды. Көшпелілердің діни сенімі мәселелерін қозғады.
8.Тілеп Аспантайұлы.
1757-1820 жж.
13 жасынан қобыз тарта бастады. Күйлері: «Толғау», «Аллам жар», «Бақсы».
ІІ. ХІХ ғ бірінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті. Білім беру ісі.
Жыл.
Қала.
Оқу орны.
1789 ж.
Омбы.
Азиялық училище.
1813 ж.
Омбы.
Әскери училище (1837 ж бастап Сібір кадет корпусы).
1825 ж.
Орынбор.
Әскери училище (1844 ж бастап Неплюев кадет корпусы).
1831 ж.
Семей.
Орысша білім беретін училище.
1836 ж.
Өскемен.
Интернаты бар училище.
1841 ж.
Бөкей ордасы.
Алғашқы қазақ мектебі. Жәңгір ханның бастамасы бойынша ашылды.
1850 ж.
Орынбор.
Жаңа үлгідегі жетіжылдық мектеп. Хатшылар мен аудармашыларды дайындады.
Орыс ғалымдары мен жазушылары.
Есімі.
Еңбегі.
Сипаттама.
1.Даль.
1.«Бикей мен Мәулен». 1845 ж Парижде француз тілінде шықты. 2.«Майра». 3.«Түңгі күзетші».
XIX ғ бірінші жартысында қазақ халқының өмірі мен тарихын зерттеген орыс ғалымдары ішінен Дальдің есімі ерекше орын алды. Исатай мен Махамбетке жанашырлық білдірді.
2.Пушкин.
1.«Пугачев бүлігінің тарихы». 2.«Капитан қызы».
1833 ж Орынбор мен Оралда болды. Оралда «Қозы- Көрпеш- Баян сұлу» поэмасымен танысты. Пушкиннің «Капитан қызы» повесі орыс ориенталистері арасында орасан зор қызығушылық тудырды.
3.Карелин.
1848-49 жж Каспий теңізін зерттеді. Сырдария жағалауларын картаға түсірді. Арал теңізі мен Сырдарияның тереңдігін анықтады.
4.Бутаков.
1848-49 жж Арал теңізін зерттеді. Сырдария жағалауларын картаға түсірді. Арал теңізі мен Сырдарияның тереңдігін анықтады.
5. Ковалевский, Небольсин, Северцев.
Топографиялық зерттеулер жүргізді. Қазақстанның табиғи байлықтарын анықтады.
6.Левшин. 1799-1879 жж.
«Қырғыз- қазақ ордалары мен далаларының сипаттамасы».
«Қазақ тарихының Геродоты».
7. Броневский.
«Орта жүз қырғыз- қайсақтары туралы жазбалар». 1830 ж.
Солтүстік-Шығыс Қазақстан қазақтарының тарихын, өмірі мен тұрмысын зерттеген.
Қазақ әдебиеті.
Есімі.
Өмір сүрген жылдары.
Өмірі, шығармашылығы.
Махамбет.
1804-1846 жж.
Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында туды. Руы-беріш. Орыс, татар, араб тілдерін жақсы білді. Орыс жазушысы әрі этнографы Дальмен жақсы таныс болды. Саяхатшы ғалым Карелинмен тығыз қатынас жасап тұрды. Көтеріліс мақсатын айқындауда, шаруаларды күреске көтеруде Махамбеттің орны ерекше. Махамбет өлеңдерінен көтеріліс мақсаттарын, басты талаптарын байқауға болады. Поручик Аитовқа Есет батырдың қолына түскен тұтқын орыс солдаттарын азат етуіне көмектескен. 1824-29 жж Махамбет Орынборда Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайынның тәрбиешісі ретінде тұрды. 1829 ж шаруалар толқуына қатысқаны үшін Калмыков бекінісінде қапаста ұсталды. Өлеңдері: «Тарланым», «Соғыс», «Ереуіл атқа ер салмай», «Алайма, сұлтан, алайма», «Қызғыш құс», «Мұнар да мұнар, мұнар күн, «Баймағамбет сұлтан айтқаны».
Шернияз.
1807-1867 жж.
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында туды. 1836-38 жж көтеріліске қатысты. Сұлтан Айшуақұлына арнаған өлеңі халық арасында кеңінен мәлім. Суырыпсалмалық өнерді жетілдірді.
Шөже.
1808-1895 жж.
Бұрынғы Көкшетау облысының Қызылту ауданында туып өсті. Жастай екі көзінен айырылды. Ақындық өнерді күнкөріс көзіне айналдарды. Ірі эпик ақын.Оны жоғары бағалады – Уәлиханов. «Қозы Көрпеш-Баян сұлудың» ең көркем нұсқасын таратты
Сүйінбай.
1822-95 жж.
Алматы облысы, Жамбыл ауданына қарасты Қаракәстек деген жерде дүниеге келді.
Дулат Бабатайұлы.
19 ғ 40-60 жж.
«Зарзаман» дәуірінің ақыны.
Шортанбай Қанайұлы.
19 ғ 40-60 жж.
«Зарзаман» дәуірінің ақыны.
Мұрат Мөңкеұлы.
19 ғ 40-60 жж.
«Зарзаман» дәуірінің ақыны. «Үш қиян» деген өлеңінде отарлау кезіндегі қазақ халқының ауыр жағдайын суреттейді.
ІІІ. ХІХ ғ екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті. Білім беру ісі.
Жыл.
Қала.
Оқу орны.
1857 ж.
Омбы.
Жаңа үлгідегі жетіжылдық мектеп. Хатшылар мен аудармашылар даярланды.
1861 ж.
Троицк.
Орыс-қазақ мектебі.
1872 ж.
Омбы.
Мұғалімдер институты.
1879 ж.
Ташкент.
Мұғалімдер институты.
1882 ж.
Омбы.
Механикалық-техникалық училище. Қарқаралы уезінің түлегіБөкейханов бітіріп шықты.
1883 ж.
Орск.
Тұңғыш қазақ мұғалімдік мектебі. Ашылуына Алтынсарин зор үлес қосты.
1885 ж.
Уездік ауылшаруашылық мектептер.
1892 ж.
Ауылдық көшпелі мектептер.
Атырау.
Теңізде жүзу ісін үйрететін мектеп.
1900 ж.
Түркістан.
Ең алғашқы жаңа әдістемелік мектеп ашылды. Ұйымдастырушылар-жадидшілдер (негізін қалаушы-Гаспринский). 1917 ж Қазақстанда 100 жаңа әдістемелік мектеп болды.
1896 ж Торғай облысынан Ресейдің әр түрлі оқу орындарында 50-ге жуық қазақ студенттері білім алды. Петербург университетінің стипендиаты Ақбаев алғашқы кәсіпқой қазақ заңгері болды. Барлығы 49000 қазақ оқуға тартылды (қазақтардың 10%-ы). Статистикалық комитеттер, кітапханалар, Орыс географиялық қоғамының бөлімшелері.