34. Батыс Түрік қағанатының алғашқы билеушісі: Тардуш (Дато)
* Тардуш қаған шығыс түріктерді басып алуды, екі қағанатты қайта қосуды жүзеге асыруға тырысты
35. Батыс Түрік қағанатының саяси билігінің күшейген кезі:
*Шегу (610- 618 жж.)
* Тон (618- 630 жж.)
* Шегу қаған мемлекеттің шығыстағы шекарасын Алтайға дейін, батыста Тарым өзені мен Памир тауына дейін жеткізді.
36. Батыс Түрік қағанатының билеушісі Тон қаған: Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрды.
37. Тон қағанның Батыс Түрік қағанатында салық жинауға бекітілген жергілікті адамдарға берген атағы: Селиф
* Салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп, оларға «селиф» деген атақ берген қаған: Тон
38. Батыс Түрік қағанатындағы селифтер: салық жинаушылар
39. Батыс Түрік қағанатының Иранға қарсы одақтасты: Византия
40. Батыс Түрік қағанатының халықаралық жағдайдағы саяси беделін көтерген жағдай: 627 жылы Византияға әскери көмек көрсетуі
41. 634 жыы нушеби тайпасының қолдауымен билік басына келген: Ешбар Елтеріс
* Ол «он тайпа»- «он оқ бұдун» жүйесі енгізді.
42. Батыс Түрік қағанатының әлсірегендігін пайдаланып, 659 жылы Жетісуға басып кірген: Қытай (Тан)
43. VІІІ ғасырдың аяғы мен VІІІ ғасырдың басында Үшліктің Тан империясына қарсы жүргізген соғыстарының нәтижелі болуы, түргеш тайпасының беделін көтерді.
• Қағанаттың әлеуметтік жағдайы
44. Ерте түрік феодалдық мемлекеттердің атауы: Қағанат
45. Қағанның билігі шексіз және мұрагерлік жолымен берілді. Түрік қағандары Ашина руынан шыққан
* Қағаннан кейінгі билік қаған сайлаған ұлыққа берілді.
46. Батыс Түрік қағанатында ябғу, шад, елтебер атағы берілді: қаған руынан шыққандарға
47. Батыс Түрік қағанатында сот қызметін атқарушылар: тархан (бұйрық)
48. Батыс Түрік қағанының жергілікті жерлердегі негізгі тірегі: Бектер
49. Батыс Түрік қағанатындағы «қара- бұдундар»: қарапайым халық
50. Батыс Түрік қағанатында алым салық төлейтін, ауыртпалықты көп көтерген: қара бұдундар
51. Батыс Түрік қағанатындағы «тат» сөзінің мағынасы: құл
52. Салықтың «қанмен өтілетін» түрі дегеніміз: Тәуелді тайпаларының адамдары майдан шебінің алдыңғы қатарында жүрген
•Шаруашылығы
Батыс Түрік қағанаты шаруашылығының негізін құраған: маусымды жайылымға негізделген жартылай мал шаруашылығы
53. Түріктер жаппай отырықшылана бастады: VІІ ғ басы.
54. Ерте орта ғасыр кезінде Қазақстанда қала мәдениетінің дамуында негізгі рөл атқарған: соғдылар
* Батыс Түрік қағанаты жерінде жібек саудасының дамығандығы туралы жазған қытай монахы: Сюань Цзянь(629ж.)
* Ол :«Қаған жасыл жібектен желбегей шапан киген, оның жанында жүрген нөкерлері де қамқадан желбегей шапанда жамылған, қандай тамаша көрініс»,- деп таңданады.
Достарыңызбен бөлісу: |