Анненков. Кіші жүздегі 18 ғ. шаруалар көтерілісіне кім басшылық жасады: Сырым Датұлы «1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөніндегі»



бет42/204
Дата19.09.2023
өлшемі0,58 Mb.
#108801
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   204
Байланысты:
общ1

ШЫҒЫС ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ
682-744жж.
55. 682 жылы Қытаймен жүргізген соғысының нәтижесінде өз мемлекетін қалпына келтірген: Шығыс Түріктер
56. 682 жылы шығыс түріктері өз мемлекетін қалпына келтірді: Моңғолияда
57. 682-744 жылдары Қазақстан, Орталық Азия, Шығыс Түркістан, оңтүстік Сібір жерлерін алып жатқан мемлекет: Шығыс Түрік қағанаты
58. Шығыс- Түрік қағанатының алғашқы қағаны: Елтеріс атанған Құтлық
59. Шығыс- Түрік қағанатының күшейген кезі: Білге қаған, Тоныкөк.
60. 742 жылы қарлұқтар басмыл және ұйғырлармен бірігіп Шығыс Түрік қағанатын жеңді. Нәтижесінде Моңғолияда құрылған жаңа мемлекет: Ұйғыр қағанаты


ТҮРГЕШ ҚАҒАНАТЫ
704-756 жж.
Жер аумағы мен халқы
1.Түргештер туралы алғашқы деректер кездеседі: қытай жазба деректерінде және Күлтегін ескерткіштерінде.
2. ҮІ ғасырда түргеш тайпаларының мекендеген аймағы: Іле мен Шу.
* Бұл кезде түргештер Батыс Түрік қағанатының сол қанатына енген, адам саны жағынан басым тайпа болған.
* Әл Идрисидің айтуынша «түргеш» сөзінің мағынасы: нағыз түрік
*Қағанаттың жер аумағы – Шаш (Ташкент) қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Тұрфан қалаларына дейінгі аралық.
3. Түргеш қағанатының (Үлкен ордасы) астанасы: Суяб
4. Түргеш қағанатының Ішкі одасы: Іле бойындағы Күңгіт
*Күнгіт қаласында- күнгіт тайпасы мекендеген
5. Қағандық халқының негізгі құрамы түргештерден тұратын. Басқа түрік тілдес тайпалардың көпшілігі осы түргештерде бағынған. Түргештердің өзі екі топқа бөлінді:
І. Сары түргеш (Суяб)
ІІ. Қара түргеш (Тараз)

Қағанаттың ішкі жәе сыртқы саяси жағдайы.


6. Түргеш қағанатының негізін қалаушы және алғашқы қағаны: Үшлік (704-706жж.)
7.Түргеш қағанаты бөлінген әкімшілік аймақ саны: 20
* Соғыс жағдайында әр аймақ 7 мыңнан әскер жинады.
* 706 жылы Үшлік қаған қаза болғаннан кейін билік басына келген: Сақал (706-711жж.)
8. 708 жылы басталған сары және қара түргештер арасындағы билік үшін талас- тартысты пайдаланып, Түргеш қағанатына шабуыл жасаған Шығыс Түрік қағаны: Қапаған.
9. Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың жорығы бастады: VІІІ ғ басы.
10. 709 жылы Бұхараны соғыссыз алып, 714 жылы Шашты басып алып, Испиджабқа жорық жасаған араб қолбасшысы: Кутейба ибн Муслим.
11. 715 жылы билік үшін тартыста қара түргештер жеңіске жетіп, билікке келген: Сұлу
12. Сұлу қағанның билік құрған жылдары: 715- 738жж.
13. Сұлу қаған кезінде Түргеш қағанатының орталығы болған қала: Тараз (Талас)
14. Сұлу қаған Түргеш мемлекетінің тәуелсіздігін сақтап қалу үшін үш жақта күрес жүргізген.
*Батыста: Арабтар.
*Шығыста: Қытай
*Солтүстік- шығыста: Шығыс Түрік қағанаты
15. 717 жылы Сұлу қағанның барып қайтқан елі: Тан империясына.
* Ол шығыстағы жағдайын әскери келісімшарт жасаумен қатар, құдандалық арқылы да дұрыс жолға қойды. Шығыс Түрік қағаны Білгенің қызына құда түсіп, баласын аяқтандырды, өзі Тибет патшасының қызына үйленді. Сөйтіп қаған шығыстағы саяси жағдайын түбегейлі жақсартады. Сұлу қаған арабтарға қарсы Орта Азиядағы халықтардың (Бұқара, Самарқан, Шаш, Ферғана тұрғындары) күресін пайдаланып, оларды қолдап, жәрдем беруге тырысты.
16. 720-721 жылдары Соғды жеріндегі арабтарды қуып шығып, жеңіске жеткен Сұлудың әскербасы: Кули шор.
17. 737 жылы Тоқарыстанда Сұлу қағанмен бірігіп, арабтарға ойсырата соққы берген: Қарлұқтар.
* 738 жылы Сұлу қаған Навакет қаласында Баға тарханның опасыздығынан қаза болды.
18. Арабтардың Сұлу қағанға берген атағы: Сүзеген («Әбу Музахим»)
19. Сұлудан кейін қаған болған оның баласы: Тұқарсан Құтшар (738- 740жж.)
* Оның қағандық құрған мезгілі бір- екі жылға созылған. Бұл кезде сары және қара түргештер арасында талас- тартыс ушығып кетті. Ішкі талас- тартыстан қағандық саяси және экономикалық жағдайы мүлде әлсірейді.
20. Қытай әскерлері Суябты жаулап алды: 748 жылы
21. 751 жылы Атлах қаласының жанында арасында үлкен шайқасы болды: Арабтар мен Қытай арасында (5 күн).
22. Атлах шайқасының үлкен тарихи маңызы болды: Қытайлар Жетісудан біржола кетті.
* 749 -753 жылдары қағандықты өз қолына алған қара түргештердің тарханы Жыпыр.
* Бірақ оның билік құрған кезінде де жағдай жақсара қоймады.
23. 756 жылы Түргеш қағандығын құлатып, билікті өз қолына алған тайпа: Қарлұқтар.

Шаруашылығы.


*Түргештер көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы, жартылай отырықшы егіншілікпен айналысты.
24. 704-766 жылдары соғылған, «Түргеш қағанының теңгесі» немесе «түріктің көк ханының теңгесі» деген соғды жазуымен жазылған теңгелер табылған қала: Тараз
(*Клоусонның пікірінше, түргеш теңгелері Ақбешім(Суяб) қаласында соғылған).

Жетісудағы соғдылар.


25. Соғдылар- Орта Азиядағы иран тілдес халық.
* Ежелден Зеравшан мен Қашқарияда өзендерінің алабын қоныстанған.
* ҮІІ ғасырдың бас кезінде Жетісуда болған қытай саяхатшысы Сюань Цзянь өзінің күнделігінде: «Суяб қаласының батыс жағында бірнеше қала бар. Шу өзенінен Кушанияға дейінгі бүкіл ел Сули (Соғды) болып аталып келген. Тұрғындарының жартысы егіншілкпен, жартысы саудамен шұғылданған» деп жазады.
26. ҮІ- ҮІІ ғасырларда соғдылықтарды жаулап алған: Түрік қағанаты.
27. Соғдылардың Жетісуға қоныстануы туралы үш пікір бар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет