Қанның құрамы, мөлшері. Қанның қызметтері



бет10/11
Дата25.11.2023
өлшемі58,1 Kb.
#127730
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
рк физ 1

Қан тамырларына жүйке әсерлері
Тамырлардың тонусына вегетативтік жүйке әсер етеді,Тамыр жүйкелері тамыр түтігін тарылтатын – вазоконстриктор және кенейтетін – вазодилататор болып екіге бөлінеді.
1851 жылы француз ғалымы Клод Бернар өте көрнекті тәжірибе жасап , симпатикалық жүйкенін ( вазоконстриктор ) қантамырларын тарылтатынын дәлелдеді . Ақ қоянның қүлақ тамырларындағы симпатикалық жүйкені мойын түсынан кесіп тастаса құлақтын кызарғанын және әр тамырдың кеңейгенін ешбір аспапсыз жай көзбен де көруге болады . Құлақтың қантамырлары кеңейіп , қанға толып ысиды , қызуы көтеріледі . Кесілген жүйкенің шеткі құлаққа баратын үшын тітіркендірсе , керісінше , құлақ тамырлары тарылады да , күлақ сұрғылт тартып , қызуы төмендейді . Бұл тәжірибе симпатикалық жүйкенің қантамырларын тарылтатынын , олардың тонусын жоғарылататын көрсетеді . Сонымен қүрсақ ағзаларының қантамыр ларының тарылуы мен кеңеюі симпатикалық жүйкелер серпінісінің жиілігіне тікелей байланысты екені анықталды . Мұнымен қатар тамырлардың тарылуы мен кеңеюі сол жүйкелердін үшынан бөлініп шыкқан медиаторлардың және оларды қабылдайтын тамыр қабырғасындағы ет талшықтары рецепторларының түріне байланысты болады . Симпатикалық ганглийден кейінгі жүйкенің үшынан медиатор - норадреналин не адреналин бөлініп , ал ганглийге дейінгі ұшынан ацетилхолин шығатыны айтылған . Осыған орай симпатикалык адренергиялық жүйке тамырды тарылтса , холинергиялық симпатикалық жүйкелер оны кеңейтеді. Симпатикалық жүйкенің қантамырларына әсері , бір жағынан медиаторлардың түріне , олардың мөлшеріне , концентрациясына бай ланысты болса , екінші жағынан медиатормен әрекеттесіп қозатын адренорецепторлардың санына да байланысты . Қаңқа еттеріндегі кейбір тамырлардың симпатикалық ганглийден кейінгі жүйкелер ұшынан ацетилхолин бөлінеді . Ацетилхолин қан тамыры қабырғаларындағы салалы еттердің тонусын төмендетіп , түтігін кеңейтеді .

  1. Қан тамыры тонусының гуморальдық реттелуі.

Қан тамырына гуморалдық әсерлер
Белгілі бір тамырдың жүйкесін түгелдей кесіп тастаса тамырдың тонусы жойылмайды . Жүйкесі жойылғаннан кейін сақталып қалған тамырдың тонусы қан тамырының негізгі не қалдық тонусы деп аталады. Қан арқылы әсер ететін гуморалдық заттарға гормондар , медиаторлар , метаболиттер жатады . Олар қантамырларын тарылтып , қысымын жоғарылататын гипертензивті заттар , ал қантамырларын кеңейтіп қысымын томендететін - гипетативті заттар болып екі топқа бөлінеді . Вазоконстрикторлар : Адреналин тамыр тонусына әсері рецепторлардың түріне байланысты : кейбіреуі каңқа еттерінін артериолалары тарылады , кейбіреуі кантамырларын кецейтеді . Адреналиннің әсері копке созылмайды , кейде 4-5 минуттан аспайды . Вазопрессин қалыпты молшерде қантамырларына әсер ете алмайды , әсер ету үшін оны қандағы деңгейін жоғарылату керек . Бұл артериолаларды тарылтады . Вазопрессин әсіресе қан қысымы төмендеген кезде көбірек болінеді . Қан қысымының жоғарылау се бебі қантамырларынын тарылуына ғана емес , сондай - ақ денедегі су қоры сақталып , қан көлемінің артуына байланысты . Ангиотензин әсері адреналиннен 50 есе күшті . Ол қан тамырын қатты тарылтады және норадреналин медиаторының болінуін жеңілдетеді , бүйректе альдостерон гормонының түзілуін үдетеді . Вазодилататорлар адреналинге қарсы әсер етеді : қантамырларын әсіресе артериолаларды кеңейтеді . Ацетилхолин парасимпатикалық жүйке үшынан болініп шығатын медиатор , артерия мен венаны кеңейтеді . Гистаминнің ішкі ағзаларға , жүрек тамыр ларына деген әсері күшті . Оның әсерінен қан қысымы төмендейді .

  1. Артериялық пульс.

Жүректің ырғақты соғуына байланысты қолкадағы қан қысымының жоғарылап - төмендеуі артерия тамырларын лүпілдетіп тұрады . Мұны артерия пульсі деп атайды . Систола кезінде жүректен шыққан қан колканы кеңітеді , ал диастола кезінде қолқадағы серпімді талшықтардың серпінісі ішіндегі қанды қысып қолқа түтігін бұрынғы қалпына келтіреді де , қанды сығып колкадан әрі артерияға ығыстырып жылжытады .Ол артерия тамырларының бойымен лезде шетке тарап кетеді .пульстік толқын шеттегі тамырларға колқаны кеңейткен кан бөлігінен бұрын келіп жетеді . Артерия тамырын саусақпен ұстап басқан кезде осы пульстік толқын сезіледі . Пульс көбінесе қатты тіннің ( сүйектін ) үстінде теріге жакынырақ орналасқан артерияларда байқалады . Мысалы , адамда самай , білезік , білек ұйқы артерияларын бас бармақтан басқа төрт саусақпен басып аныктайды . Пульсті белгілі аспаппен сфигмографпен жазып алуға болады. Артериялық пульс жүректің атқаратын қызмет көрсеткішінің бірі . Пульсті тексергенде оның мынандай көрсеткіштері анықталады :
1. Тамыр соғуының жилігі , Артериялык тамыр минутына 60-90 рет соғады , бұл жүрек лүпіліне сәйкес келеді .
2. Пульстің соғу ырғағының дұрыстығы .
3. Пульс серпіні - сфигмограммадағы пульс толқыны биік болса , ол үлкен пульс — P.magnus , ал кіші болса , әлсіз пульс Р.parvus .
4. Пульс шапшаңдығы , сфигмограммадағы қисық сызықтың тез көтеріліп , тез төмендеуі немесе баяулауы .
5. Пульстің катандығы . Мүны артерия қабырғасын саусақтармен басып қысу арқылы анықтайды . Тамырды кысып қанды тоқтату қиын болса , Р.durus ( қатты ) болғаны , ал оңай қысылса пульс жұмсақ - Р.mollis болғаны .
6. Пульстің толық қандылығы . Қанға толы пульс - Р.plenus , бос пульс - Р.vacuus . Пульстің қанға толған - толмағаны тамырды ортанғы саусақпен басып одан жоғары жерде тамырдын тез немесе сәл толғанын байқап біледі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет