Қанның құрамы, мөлшері. Қанның қызметтері



бет9/11
Дата25.11.2023
өлшемі58,1 Kb.
#127730
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
рк физ 1

Гемодинамика-қан тамырлары жүйесіндегі гидростатикалық қысым айырымы нәтижесінде тамырдағы қанның жылжуы.Қанайналымы гемодинамика және ол көбінесе гидродинамика заңдарына бағынады.Жүректің сол қарыншасынан қолқаға қан әлсіз болып келеді және қан тамырларды үздіксіз ағады.Гидродинамикалық көрсеткіштер ҚЫСЫМ КЕДЕРГІ және АЙЫРМАШЫЛЫҚ қанның тамыр арқылы ағуының өлшем көрсеткіші бола алады.Қан ағысының өлшем көрсеткіштері қан қысымы қан ағысының жылдамдығы қантамырлардың тонусы яғни қан ағысына көрсететін кедергісі.

  1. Қан қысымы. Артериялық және веналық қысымның белгілі деңгейін қаматамасыз ететін факторлар. Артериялық қысымды анықтау.

Артерия тамыры жарақаттанса сыртқа қанның шапшып ағатыны көптен белгілі , яғни артерияда қан қысымы жоғары , ал венада төмен болады . Осыған орай қан артериядан венаға қарай үздіксіз ағып тұрады . Тамырдағы қанның қысымы оны жылжытумен бірге тіршілікке керекті аса күрделі үрдістерді қамтамасыз етеді . Мысалы , қоректік заттардың ішектің қабырғасы арқылы қанға , каннан денедегi жасушаларға өтуі және бүйректегі сүзілу үрдістері , несептің түзілуі қанның қысымына қарай өзгеріп отырады . Қан қысымы төмендеп кетсе қан тамырларда қан жылжымай қалады . Адам қан қысымының өте төмендігінен ғана емес , кейде оның көп уақыт жеткіліксіз деңгейде болғандығынан да өліп кетеді . Өйткені , тіршілікке өте маңызды үрдістермен қатар , қанның керекті қызметтері жеткіліксіз орындалады . Қан қысымы қантамырларының әрбір бөлімінде әртүрлі : 1. Қолқада бәрінен де жоғары 2. Орташа жуандықтағы артерияда 3.Артериалолаларда 4. Капиллярлардын артериялық бөлімінде . Жоғарғы , төменгі қуысты веналарда кан кысымы төмен болуы мүмкін , сондықтан теріс қысымды веналар жарақаттанған кезде одан қан сыртқа ақпайды , керісінше оған ауа кіріп кетеді . Демек , ірі веналардың жарақаты өте қауіпті . Артериялық қысымның деңгейіне көптеген себептер әсер етеді : Қан қысымы негізінен систола кезінде жүректен ағып өткен қан ның мөлшеріне , яғни жүректің соғу жиілігі мен жиырылу күшіне байланысты . Қысқаша айтқанда артериядағы қанның қысымы ең алдымен жүректің қызметіне , яғни оның систолалық және минуттық қан көлеміне тікелей байланысты . Артерия тамыры жүректен алыстаған сайын , ондағы қан қысымы төмендей бастайды. Қарт адамда қан тамырының қабырғасы қатайып кетеді де , оның серпімділігі азаяды , осыған орай қан қысымы жоғарылайды , ал жас адамның , баланың тамыры өте серпімді келеді , сондықтан қан кысымы да төмен болады . артериялық қысым қан тамыр түтігінің көлеміне бай ланысты : қан тамыры тарылса , қан қысымы көтеріледі , ал тамыр кенісе , қысым төмендейді . Қан ағысына өте үлкен кедергі жасайтын тамырлар артериолар мен капиллярлар .
Қан қысымына каннын түткырлығы да әсер етеді . кан неғұрлым қою , туткыр болса , онын кан ағысына жасайтын кедергісі жоғары , ал кан қысымы соғұрлым жоғары болады . Тұңғыш рет қан қысымын 1733 ж . Стефан Хеле өлшеген еді .
Дем алған кезде жүрекке келіп күйіылған кан мөлшері барынша артады да қан қысымы котерідеді , ал дем шығарғанда жүрекке қүйылатын қан мөлшері азаяды да қан қысымы төмендейді .
Бүкіл әлемде адамда қан қысымы Коротков ( аускультациялық - ды быс тындау ) әдісімен анықталады . Адамның артериялық қысымы әртүрлі жағдайдың әсерінен жоғарылауы не томендеуі мүмкін . Қан қысымының жоғарылауы гипертензия , ал төмендеуін гипотензия деп атайды .
Венадағы қан қысымы қан шығаратын әдіспен өлшенеді . Қан капиллярлар кедергісінен өткен соң оның қысымы одан да бетер төмендейдіМүнда қан қысымын анықтау үшін оған кең түтікті ине кіргізіп , инені Вальдман флеботонометрімен байланыстырады .
Қан қысымын өлшейтін құрал-ТАНОМЕТР

  1. Қан тамыры арнасының түрлі бөлімдеріндегі қан ағысының көлемдік және сызықтық жылдамдығы.

Қан ағысының жылдамдығы Қан ағысының жылдамдығы үш түрлі өлшеммен сипатталады : көлемдік , сызықтық және қан айналымының толық мерзімі .
Қан ағысының көлемдік жылдамдығы деп тамыр түтігінің тұрақты диаметрі арқылы белгілі уакыт ішінде өтетін қан көлемін айтады . Қан ағысының көлемдік жылдамдығы тамырдың бас жағымен аяқ жағындағы қысымдарының айырмасына және тамырлардың шеткей кедергісіне байланысты.яғни қан ағысының көлемдік жылдамдығы тамырлар жүйесінің қай бөлігінде болса да , бірдей болуы шарт , әйтпесе белгілі бір тамыр қанға толы болса , екінші бір тамыр суалып қалады . Әдетте ондай жағдай кездеспейді . Бірақ әрбір ағза арқылы өтетін қан мөлшері бірдей емес , ол сол ағзадағы қантамырларының санына тамыр түтігінің көлеміне байланысты .
Қан ағысының сызықтық жылдамдығы деп қан тамшысының бір секунд арасында өткен жолын айтады, Қан ағысының сызықтық жылдамдығы кан тамырының ортасын да , қабырғасына таяу жерінде бірдей болмайды . Дегенмен де сызықтық жылдамдык орташа көрсеткіш болып есептеледі . Тамыр неғұрлым кең болса , қан ағысының сызықтық жылдамдығы солғұрлым баяу болады .
Қан айналымының толық мерзімі деп бір тамшы қанның үлкен және кіші қанайналымы шеңберлерінен бір айналып шығатын уақытын айтады . Бұл мерзім сау адамда қалыпты жағдайда 17-25 секундқа тең . Қанның қан шеңберлерін қанша уақытта бір айналып шығатынын шынтақ венасына бояу, радиоактивтік натрий изотопы арқылы білуге болады . Бұл заттардың арасында лобелин жиірек қолданылады . Лобелиннің 1 % -тік ерітіндісінің 1 мл көлемін , қанға құйса рефлекс аркылы тынысты тереңдетеді не жиiлетеді немесе жөтел пайда болады . Осы рефлекстің пайда болу уақыты анықталады . Рефлекс кезінде лобелин араласқан қан кіші шеңберді 3,5-5,4 секунд ішінде бір айналып өтеді .

  1. Қанның тамырлар арнасымен ағуын қамтамасыз ететін факторлар.

1. Жүрек қызметі – қан қысымының градиентін тудыра отырып, қанды
қантамырлар бойымен айдау. 2. Кеуде қуысындағы теріс қысымы. 3. Веналық қанды жүрекке қарай жылжытатын қаңқа бұлшықеттерінің қызметі. 4. Тыныс алу кезіндегі диафрагманың ішкі ағзаларға көрсететін қысымы. 5. Веналық қақпақшалардың болуы қанның кері ағуына кедергі жасайды. 6. Жүректің сору қызметі – жүректің диастола кезінде қысымы 0 тең. 7. Тамырлар қабырғаларының созылғыштығы. 8. Қанағысына шеткері қан айналымының кедергісінің көлемі. 9. Қантамырлар қабырғасының бұлшықет қабатының белсенді жиырылуы.

  1. Қан тамырларының тонусын жүйкелік реттелуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет