5. Рецензия. Рецензияның құрылымы, мағынасы.
Мысалы..........
Рецензия - белгілі бір еңбекке (монография, диссертация, ғылыми мақала) сыни бағытта жазылады. Рецензия әдетте жарыққа шығатын еңбектің кемшіліктерін болдырмау мақсатында, кемшін, жетімсіз, қате пікір айтылған тұстары көрсетіле жазылады. Рецензияде еңбекте көтерілген мәселеге байланысты әділ сын айтылады. Мұнда зерттеу нысанының дәлдігі, зерттеу әдісі, фактілердің топтастырылуы, статистикалық мәліметтердің дәлдігі мен сәйкестілігі, зерттеу нәтижелерінің маңыздылығы баса көрсетіледі. Рецензия ең алдымен ғылыми негізде, сол саланың мамандарына түсінікті тілде, салалық және сала аралық терминдерді негізді қолдана отырып жазылуы тиіс. Рецензияді сала мамандарына, шығарма авторына және оқырмандарына пайда келтіретіндей етіп, сол саланы терең білетін, жан-жақты білімді маман жазуы тиіс. Рецензент еңбектің дәлелдей отырып, ойландырғысы келген тұстарын тезис-антитезис арқылы баяндайды. Еңбектің ғылым саласында алатын орны мен маңызына, еңбектің көлеміне, рецензент - автордың нақты тұжырымдарына байланысты рецензия ғылыми мақалаға ұласуы мүмкін. Рецензия соңында автор нақты тұжырымдар негізінде ғылыми-сауатты қорытынды жасайды. Ғылыми еңбекке жазылған рецензия обьективті болу керек, себебі ғылым жолы аса жауапкершілікті қажет етеді. Мұның өзі ғылым саласының дағдарысқа ұшырап, тұйықталмай, еркін дамуына септігін тигізеді.
5В071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша білім алатын М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті Шакирова Камилла Камильеваның
««Arduino негізінде робот-шаңсорғыш прототипін құрастыру» тақырыбындағы дипломдық жұмысына
РЕЦЕНЗИЯ
Дипломдық жұмыс «Arduino негізінде робот-шаңсорғыш прототипін құрастыру» тақырыбына жазылған. 21 ғасыр технологиялар заманы болғандықтан, робот-шаңсорғыш – қазіргі таңда қажетті жаңа технологияның бірі. Сондықтан дипломдық жұмыстың тақырыбы – өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Зерттелетін тақырыптың өзектілігіне негіздеме беріледі.
Тәжірибелік бөлімде студент аса ауқымды жұмыс жасаған. Студент теориялық материалдың көп мөлшерін өңдеп, жоғары теориялық және әдістемелік деңгейде робот-шаңсорғыштардың нарығына зерттеу жүргізген. Құрылғының құрылымдық схемасы негізінде принципиалды схемасы әзірленген. Құрылғының макетін жинау үшін қол жетімді және техникалық сипаттамалары жақсы элеметтер таңдалған. Таңдау негізделген.
Жұмыстың мазмұны берілген диплом тапсырмасына толығымен сәйкес келеді. Жұмыстағы материал ішкі логикаға сәйкес келтірілген, бөлімдер арасында логикалық байланыс бар.
Тақырыптың әрбір бөлімінде мұқият жұмыс жүргізілді. Жұмыстың тақырыбы толығымен ашылды, мақсат қойылды, міндеттер шешілді. Қолданылатын практикалық материалдар сенімді, қорытындылар негізделген, ұсыныстардың практикалық маңызы бар.
Дипломдық жұмыстың теориялық маңызы бар, бұл жұмыста бөлім-бөліммен робот-шаңсорғышты қалай құрастыруға болатыны жайлы толық ақпарат бар.
Бұл дипломдық жұмыстың басты артықшылығы: әзірленген құрылғы төмен бағаға және жоғары сапаға ие.
Барлық материалдар сызбалармен және естептеулер негізделген. Бұл жұмысты робототехниктерге немесе өндірісте қолдануға болады.
Жұмыс ГОСТ талаптарына сәйкес орындалды. Бұл жұмысты өзекті, толық, жоғары сапалы деп айтуға болады. Елеулі кемшіліктер жоқ.
Жалпы дипломдық жұмыс өте жақсы деңгейде орындалған. Осыған байланысты, дипломдық жұмыс 100 балл «өте жақсы» деген бағаға, ал Шакирова К.К. «бакалавр» академиялық мамандық атағы берілуге лайық.
Солтүстік Қазақстан облыстық
радиотелехабар тарату дерекциясы
«Казтелерадио» АҚ-ның филиалының
эфир инженері Тенизов Т.Б.
Достарыңызбен бөлісу: |