Аннотацияның құрылымы



бет2/7
Дата20.05.2022
өлшемі47,71 Kb.
#35150
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Шакирова Камилла МФК211дв Реферат,аннотация,рецензия

Мысалы
Мақала тақырыбы: Кесте функциясын тану
Аннотация. Мақалада кесте функциясын Фурье қатарына жуық ыдырау әдісімен тану қарастырылады. Суреттерді танудың негізгі міндеті-жағдайлар мен объектілердің формальды сипаттамаларын тиісті сыныптарға жатқызу үшін тиімді есептеу құралдарын жүйелі теориялық және эксперименттік зерттеулер негізінде құру. Тану есептерін тұжырымдау әдетте екі себепке байланысты болатын формальды теорияларды құру және математикалық әдістерді қолдану қиын болған жағдайларда қолданылады: а) тиісті пәндік саланы формализациялау деңгейі немесе қол жетімді ақпарат классикалық математикалық немесе математикалық-физикалық канондарға сәйкес келетін математикалық модельді синтездеуге негіз бола алмайтындай; б) математикалық модельді, негізінен, құруға болады, бірақ оның синтезі немесе оқуы ұтыстан едәуір асатын шығындармен байланысты.
Түйінді сөздер: суреттер, тану, алгоритм, кесте, функция.
2. Реферат ғылыми ақпарат саласының ерекше жанры ретінде.
Реферат құрылымы.
Рефераттың негізгі мақсаттары мен міндеттері.
Мысалы........

Реферат ғылыми стиль жанрларының күрделі түрі болып табылады. Жалпы, реферат - латын сөзі, баяндау, мазмұндау дегенді білдіреді. Реферат - ғылыми еңбек (мақала, диссертация, монография т.б.) түпнұсқасының қысқаша мазмұны. Оның көлемі түпнұсқадан әлдеқайда шағын, мазмұны мен мағынасы жағынан түпнұсқаға тең, құрылымы тұрақты жеке ғылыми еңбек болып табылады. Рефераттың құрылымын сақтап, сауатты жазу арқылы шағын мәтінмен мол ақпарат алуға болады.


Рефераттың құрылымы тұрақты үш бөлімнен тұрады:
а) кіріспе бөлім;
ә) негізгі бөлім;
б) анықтамалық немесе қорытынды бөлім.
1. Кіріспе бөлімде еңбек туралы мәліметтер беріледі: еңбектің атауы, автордың аты-жөні, басылымы, көлемі, қандай мәселені баяндайтыны немесе қарастыратыны, неге я қандай мәселеге ғылыми талдау жасалатыны, еңбектің құрылымы (қанша бөлім, тарау, атауы т.б.).
2. Негізгі бөлімде, яғни рефераттың өзінде азат жол (абзац) белгіленбейді. Мұның өзі осы бөлімде қаралатын мәселені, көтерілетін проблеманы логикалық өзара жүйелі байланыста берілген бір бүтін дүние деп есептеуге мүмкіндік береді. Мұнда еңбекте қаралатын мәселенің негізгі мазмұны, яғни мақсаты мен міндеті, негізгі қарастырылатын мәселе, оның сипатталуы, оның шешімі, ғылыми негізделуі, тұжырымы, автордың сол мәселеге байланысты келісім-көзқарасы, дәлелі қарастырылады. Қажет болған жағдайда әр түрлі салыстырмалы сандық көрсеткіштер, сызба-суреттер, кесте-формулалар т.б. келтіріледі.
3. Анықтамалық бөлімге ғылыми еңбекке қатысты басқа да ақпараттар, мысалы, еңбектің библиографиясына енгізілген әдебиеттердің саны, референттің жеке ойлары мен ескертулері т.б. енгізіледі. Референт автордың қорытындысын келтіре отырып, өз ойын тұжырымдайды. Бірақ бұл ақпараттар рефератқа көбіне енгізілмейді.
Реферат жазуға дайындық тақырыпты таңдап алудан басталады. Содан кейін тақырыпқа байланысты әдебиеттерді іріктеп, танысып, рефераттың жазылу мақсатын анықтау қажет әр.
Реферат жазу барысында адам алдына түрлі мақсат қояды:
а) рефератты жаза отырып, еңбекте баяндалатын мәселеге байланысты автор өз ойын дәлелдейді;
ә) бұрыннан бар мәселелерді баяндай келіп, ғылымның жаңа жетістіктерімен, жаңа идеялармен толықтырады;
б) еңбекте келтірілген пікірлерді дәлелдер келтіре отырып, теріске шығарады;
в) тақырып бойынша бұрыннан бар ой-пікірлерге шолу жасай отырып, көпшілікке жеткізеді.
Реферат жазылу мақсатына қарай әр түрлі қызмет атқарады:
а) ақпараттық қызмет, яғни еңбекте қаралатын негізгі мәселеден хабардар ету;
ә) индикативтік қызмет, яғни еңбекті сипаттау;
б) іздену қызметі, яғни белгілі бір ғылым саласына қатысты нақты еңбектердің жарық көргендігінен хабар бере отырып, оларда баяндалатын мәселенің тезисін жасау;
в) таныстыру қызметі - ғылыми еңбектен бұрын жарияланбаған, жоқ мәліметтерді іріктеп алу болып табылады.
Реферат еңбек түпнұсқасының барынша қысқартылып алынған түрі болғандықтан, автор еңбектен ең қажетті, негізгі мәліметті, тезистер мен тұжырымдарды, сондай-ақ қосалқы, жанама мәліметтерді талғап, ажырата алуы қажет. Еңбектегі ең негізгі мәліметті іріктеп алған соң ғана, оның сөйлемдерін өзгертіп, қысқартып, қажет емес жерін мүлдем алып тастау керек.
Қорыта айтқанда, қысқаша айтқанда, яғни, сонымен, басқаша айтқанда сияқты сөздердің көмегімен қайталанып берілетін мәліметтер реферат мәтініне мүлдем енгізілмейді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. УӘЛИХАНОВ атындағы КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет