Аннотацияның түрлері


Мақалаға берілетін аннотация қалай құрылуы қажет?



бет2/2
Дата30.11.2022
өлшемі16,45 Kb.
#53778
түріРеферат
1   2
Байланысты:
Аннотация дәріс

Мақалаға берілетін аннотация қалай құрылуы қажет?
Әр адам күнделікті өмірінде көркем шығармаға, ғылыми жұмысқа, мақалаға берілген түрлі аннотацияны оқиды. Кез келген аннотация мәтіндегі ең маңызды нәрсені ашып көрсететін қысқаша сипаттама болып табылады. Оның мақсаты оқырманды осы мақаланы міндетті түрде оқу қажеттігіне сендіру.


Нұсқаулар:
Мақалаға жазылған аннотация мынадай талаптарға жауап беруге тиіс:

  1. Аннотация жазуға дайындалу барысында мәтінді қайтадан мазмұндап беруде аулақ болыңыз, сіздің мақсатыңыз оқырманның осы мақаланы оқуға деген қызығушылығын туғызу. Мақала туралы жеке пікіріңізді білдірмеңіз. Сіз үшін мақала өте қызықты болғанымен, оқырман үшін қызықты болмауы да мүмкін, немесе керісінше де болады. Мақаладан дәйексөз жасамаңыз. Аннотацияңыз барлық оқырмандарға түсінікті, жетімді тілмен жазылғаны дұрыс. Күрделі ойға құрылған құрмалас сөйлемдерді пайдаланбаңыз.

2. Аннотация беріліп отырған мақала тақырыбына қатысы жоқ мәліметтерді пайдаланудың қажеті жоқ. Жалпыға белгілі мәліметтерді де аннотация мәтінінен алып тастаңыз.
3. Бұл мақала қандай оқырман қауымына қызықты болатынын атап көрсетіңіз. Мақалада кескіндеме, сұлба не кесте болса, мұны да аннотацияда атап көрсеткеніңіз жөн.
4. Мақаланың сипатына қарай (ғылыми мақала ма, көркем мақала ма) аннотацияның жазылу (баяндалу) стилін таңдап алыңыз. Ал ең бастысы – аннотация жазуға кіріспес бұрын мақаланы мұқият оқып шығыңыз.
5. Сіздің аннотацияңыз ұсынылып отырған мақаланың не туралы екенінен мағлұмат беруі керек.
Мақала неге, қандай мәселеге арналғаны туралы әңгімелеңіз. Автор қандай қорытынды жасаған немесе қандай мәселені көтерген?
6. Қарастырылған, зерттелген, талданған, назар аударылған, салыстырылған, зерделенген т.с.с. етістіктерді қолданыңыз. Мақалаға берілген аннотация көлемді болмауы тиіс, маңызды 6-7 сөйлем болса жетіп жатыр.
7. Мақалаға берілетін аннотацияның үлгі құрылымы
1) Автордың аты-жөні мен тегі, мақала атауы.
2) Мақалада … қарастырылады.
3) Бұл мақаланың ерекшелігі мынада: ...
4) Автордың болжамы бойынша … .
5) Автор мынадай тұжырым жасайды: ... (Автор .... қорытынды жасайды)
Сіздің осындай аннотацияңызбен танысып шыққан оқырман мақаланы оқып шығу не оны ескеру туралы өз шешімін қабылдайтын болады.


Аннотация үлгісі:
«Ғылыми жаңалықтар қалай жасалады» деген мақала ғалымның ғылыми мәселе бойынша жұмыс процесін сипаттауға арналған. Мақалада ғылыми шығармашылық еңбектің бастауы қарастырылады. Зерттеушінің ой еңбегінің кезеңдері сипатталады, ғалымның орасан зор, ауқымды күш-жігерді қажет ететін еңбегі баяндалады. Ғалым шығармашылығының анағұрлым маңызды кезеңін анықтау мәселелеріне ерекше назар аударылады. Мақала ғылыми шығармашылықты сипаттайтын ой процестерінің мәселелері қызықтыратын қауымға арналған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет