соғыс, жарыс т.б. Тасқа қашап жазылған туындыларда соғыстың басталу
себептері, не үшін соғысты, нені сақтап қалу үшін соғысты деген сауалдарға
жауап табуға болады. Гүлденіп, алып империя болу үшін де соғысудың керек
екенін көреміз. Соғыста жеңіліп барып, қайта жеңудің озық үлгілерін
мәңгі
тасқа қашалған жазулардан көруге болады.
Тек соғысты мақсат тұтып, елді қирату – түркілердің мақсаты
болмағанын тастағы жырлардан байқаймыз. Көк түркілердің елдік мұрат пен
бейбіт өмірді сүйетіндігін төмендегідей дастандарда көрініс табатынын
аңғарамыз.
Сақ патшасы «Тұмар патша» туралы аңыз – солардың бірі. Ғалым
А. Қыраубаева «Ежелгі әдебиет» еңбегінде Геродоттың «Тарих» атты
кітабынан үзінді келтіреді. Тұмар патшаның он алтыдан асқан ұлын бір
шайқаста Кирдің әскері тұтқынға алады. Тұмар Кирге сәлем жолдап: «Сен
менің тұтқындағы ұлымды қайтар, аман-сауыңда еліне кет. Бұл айтқанымды
тыңдамасаң, қанға тоймас басынды қанға тұншықтырам!» дейді [2, б. 10].
Тұмар патшаның Кирге сәлемдеме жолдауының өзі түркілердің
бейбітшілікті, тыныштықты сүйетініне дәлел. Әскер күші жағынан кем
түспейтін Тұмар патша ескертусіз-ақ Кирдің басын алуына болар еді,
дегенмен ескерту жасап барып шайқасқа аттанады.
2.1 Ұзақ ғасырлар жасап келе жатқан фольклор өзімен бірге өмір
сүрген әдебиетке, жалпы мәдениетке үнемі ықпал етіп келген. Мәселен, бізге
жеткен авторлық ауыз әдебиеті мен алуан түрлі
жазбалық мәтіндерде
фольклордың тікелей де, астарлай да әсері айқын көрінеді. Бастауын Иолығ-
Тегіннен алатын жыраулық поэзияда, яғни Күлтегінге, Тоныкөкке арналған
жырларда эпостың стилі анық көрінеді, ал, Шыңғыс хан мен Жошыға
қатысты айтылатын шумақтарда, яки болмаса Сыпыра жыраудың, Асанның,
Шалкиіздің, Қазтуғанның, Бұқардың толғауларында ежелгі фольклорлық
символдар, тіркестер, сарындар кәдімгі батырлар мен ғашықтар туралы
жырларда топ-тобымен кездеседі. Бұл дәстүр
ХІХ ғасыр ақындарында да
сақталған: Махамбет, Дулат, Сүйінбай, Мұрат, Шортанбай поэзиясы
фольклордың поэтикасын молынан пайдаланған [3, б. 19]. Фольклорлық
сарынның әр кезең әдебиетіне ықпал етуі «мәңгілік» жасаудың өзегі десек
болады. Шығарманың формасы, мотиві, сюжеті пен фабуласында өз
дәуіріндегі әлеуметтік-саяси, қоғамдық санаға байланысты өзгерістер болып
тұруы заңдылық. Ендеше, фольклор мен әдебиеттің мәңгі жасауы – Мәңгілік
Ел руханиятының өміршеңдігінің көрінісі.
«Толық адам», «Ізгілікті қоғам», «Мәңгілік Ел» – осы үш
тұғыр берік
болуы керек. Адамгершіліктің биік шыңынан қарасақ, аталған үш тұғыр
жүзеге асатын, пенде қаласа жасай алатын дүние. Ал пендешілік тұрғысынан
бұл – жүзеге аспайтын утопистік идея. Фольклор мен әдебиеттегі жасампаз
қаһармандар қай заманда да болған, бола беретін табиғаттың бұлжымас
заңдылығы. Демек, айтып отырған үш тұғыр негізсіз емес.
2.2 «Мәңгілік бейне»,
«Мәңгілік су»,
«Мәңгілік өмір», «Мәңгілік алау»,
«Мәңгілік Ел», «Мәңгілік тас», «Мәңгілік жарық» осы сынды мәңгілік сөзіне
тіркесіп келетін ұғымдар көптеп кездеседі. Жалпы шығармадағы мотивтердің
тұрақты композициясы осы ретпен көрсетілген. Бұл мотивтерден ұққанымыз
адам баласының бойындағы мәңгілікке деген құштарлықтың басымдығы, я
болмаса жаратушыны тануға деген болмыстан туған деп ұғынуымызға
болады.
Түркі
халықтарының
наным-сенімдерінде
осы
жазба
ескерткіштерден байқауға болады. Көк тәңіріне сену, ел болу үшін
тәңірге
сыйыну мотивтерінен басталады. Мәселен, Күлтегін, Тоныкөк жазба
ескерткіштерінде «Тәңірдей тәңіріден жаралған...».
2.3 Мәңгілік Ел идеясы қиял, утопиялық дүние емес. Идеяның
еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың басын біріктіре алатын да қуаты бар.
Қоғамдық сананың жаңғыруына ықпал ете алатын алпауыт күшке ие. Рухани
жаңғыру мақаласындағы прагматизм мәселесіадам бойындағы асыл
қасиеттерді жетілдіруді мақсат тұтатындығын көріп отырмыз. «Біз жаңғыру
жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда
бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.
Прагматизм – өзіңнің ұлттық және
жеке байлығыңды нақты білу, оны
үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу,
ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу
деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-
салтанат
емес.
Керісінше,
ұстамдылық,
қанағатшылдық
пен
қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті
көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: