Аннотациясы


Зерттеу жұмысының әдістері



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата05.05.2023
өлшемі444,91 Kb.
#90467
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
alimbayev-abstract-kaz

Зерттеу жұмысының әдістері. Диссертациялық жұмыста тарихи-
типологиялық, жүйелік-салыстырмалы, салыстырмалы талдау, сондай-ақ 
жинақтау мен салғастырмалы әдістер қолданылды. 
Зерттеу жұмыстың құрылымы: анықтамалардан, белгілер мен 
қысқартулардан, кіріспеден, негізгі екі бөлімнен (әр бөлім үш тарауға 
бөлінген), қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады. 
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ 
Кіріспеде тақырыпты таңдау, оның өзектілігі, ғылыми жаңалығы 
негізделеді, зерттеудің мақсаты мен міндеттері анықталады, қорғауға 
шығарылатын қағидалар, жұмыстың маңыздылығын арттырады, зерттеу 
көздері мен әдістері сипатталады.
Диссертацияның «Көне түркі әдебиетін зерттеудегі концепциялық 
жүйе» атты бірінші бөлімінде зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздемесі 
және диссертациялық жұмыстың негізі болатын басты ұғымдар анықталады. 
1.1 Көне түркі әдебиеті нұсқаларының сюжеттік байланыстар мен 
кейіпкерлер табиғатын жан-жақты, жүйелі қарастыру керек. Жалпы, қазақ 
филологиясы ғылымында бұл тақырып төңірегінде белгілі әдебиеттанушы 
және лингвист ғалымдар А. Аманжолов, Ғ. Айдаров, М. Жолдасбеков, 
С.А. Қасқабасов, Н. Келімбетов, А. Қыраубаева, А. Егеубаев және т.б. 
ғылыми еңбектер жазған. Сақтар, ғұндар және түрк қағанаты дәуірі туғызған 
қаһармандық дастандар: «Алып Ер Тоңға», «Шу», «Аттила», «Көк бөрі», 
«Ергенекөн», «Күлтегін», «Тоныкөк» және т.б. Бұл жырлардың біразы 
құлпытастарға өте мәнерлеп жазылған. Бұларды тасқа жазылған кiтап деуге 
болады. Зерттеуімізде аталған соғыстарда ерлік көрсеткен ежелгі түркі 
халқынының батырлары мен хандары жайында жазылған ескерткіштерге 
тоқталамыз. 
1.2 Түркі ойшылдары мұраларындағы Ұлы Дала гуманизмі. Рухани 
құндылықтар ұлттың рухани кемелденуіне жұмыс жасаса қоғам ізгіленеді. 
Жалпы «ізгілікті қоғам» тіркесінің сөздік қорымызда болуының өзі, адам 
баласының өмір сүріп жатқан дәуіріне көңілі толмауының бірден-бір белгісі. 
Жан-жақты дамыған қоғам болса, мұндай тіркес, мұндай ұғым болмас еді. 
Ата-бабаларымыздың «ізгілікті қоғам» құруды аңсағанын көне түркі жазба 
ескерткіштерінен де көреміз. Одан кейінгі кезеңдерде де жібін үзбей келе 
жатқан бұл идея Жерұйықты іздеген Асан қайғы, Қорқыттың өлімнен қашуы 
сияқты сюжеттерден бізге етене таныс. 
1.3 Ежелгі жыр-дастандардағы елдік пен қаһармандық. Әлем 
жаралғаннан бері өмір сүру үшін күрес тоқтаусыз жүріп жатқан үдеріс. 
Күштілер жеңеді, әлсіздер жеңіледі. Бұл жаратылғандар жасағанша жасай 
беретін күрес. Тіпті жер бетінен жойылудың алдында тұрған дүниелердің өзі 
уақыт өте келе гүлденіп, құлпырып қайта жаңғыруы мүмкін немесе бүгін 
гүлденіп, жайнап тұрған дүние ертең түбірімен жоқ болып кетуі ғажап емес. 
Бар болуды немесе жоқ болуды, жеңуді немесе жеңілуді анықтайтын нәрсе – 


соғыс, жарыс т.б. Тасқа қашап жазылған туындыларда соғыстың басталу 
себептері, не үшін соғысты, нені сақтап қалу үшін соғысты деген сауалдарға 
жауап табуға болады. Гүлденіп, алып империя болу үшін де соғысудың керек 
екенін көреміз. Соғыста жеңіліп барып, қайта жеңудің озық үлгілерін мәңгі 
тасқа қашалған жазулардан көруге болады. 
Тек соғысты мақсат тұтып, елді қирату – түркілердің мақсаты 
болмағанын тастағы жырлардан байқаймыз. Көк түркілердің елдік мұрат пен 
бейбіт өмірді сүйетіндігін төмендегідей дастандарда көрініс табатынын 
аңғарамыз.
Сақ патшасы «Тұмар патша» туралы аңыз – солардың бірі. Ғалым 
А. Қыраубаева «Ежелгі әдебиет» еңбегінде Геродоттың «Тарих» атты 
кітабынан үзінді келтіреді. Тұмар патшаның он алтыдан асқан ұлын бір 
шайқаста Кирдің әскері тұтқынға алады. Тұмар Кирге сәлем жолдап: «Сен 
менің тұтқындағы ұлымды қайтар, аман-сауыңда еліне кет. Бұл айтқанымды 
тыңдамасаң, қанға тоймас басынды қанға тұншықтырам!» дейді [2, б. 10]. 
Тұмар патшаның Кирге сәлемдеме жолдауының өзі түркілердің 
бейбітшілікті, тыныштықты сүйетініне дәлел. Әскер күші жағынан кем 
түспейтін Тұмар патша ескертусіз-ақ Кирдің басын алуына болар еді, 
дегенмен ескерту жасап барып шайқасқа аттанады.
2.1 Ұзақ ғасырлар жасап келе жатқан фольклор өзімен бірге өмір 
сүрген әдебиетке, жалпы мәдениетке үнемі ықпал етіп келген. Мәселен, бізге 
жеткен авторлық ауыз әдебиеті мен алуан түрлі жазбалық мәтіндерде 
фольклордың тікелей де, астарлай да әсері айқын көрінеді. Бастауын Иолығ-
Тегіннен алатын жыраулық поэзияда, яғни Күлтегінге, Тоныкөкке арналған 
жырларда эпостың стилі анық көрінеді, ал, Шыңғыс хан мен Жошыға 
қатысты айтылатын шумақтарда, яки болмаса Сыпыра жыраудың, Асанның, 
Шалкиіздің, Қазтуғанның, Бұқардың толғауларында ежелгі фольклорлық 
символдар, тіркестер, сарындар кәдімгі батырлар мен ғашықтар туралы 
жырларда топ-тобымен кездеседі. Бұл дәстүр ХІХ ғасыр ақындарында да 
сақталған: Махамбет, Дулат, Сүйінбай, Мұрат, Шортанбай поэзиясы 
фольклордың поэтикасын молынан пайдаланған [3, б. 19]. Фольклорлық 
сарынның әр кезең әдебиетіне ықпал етуі «мәңгілік» жасаудың өзегі десек 
болады. Шығарманың формасы, мотиві, сюжеті пен фабуласында өз 
дәуіріндегі әлеуметтік-саяси, қоғамдық санаға байланысты өзгерістер болып 
тұруы заңдылық. Ендеше, фольклор мен әдебиеттің мәңгі жасауы – Мәңгілік 
Ел руханиятының өміршеңдігінің көрінісі. 
«Толық адам», «Ізгілікті қоғам», «Мәңгілік Ел» – осы үш тұғыр берік 
болуы керек. Адамгершіліктің биік шыңынан қарасақ, аталған үш тұғыр 
жүзеге асатын, пенде қаласа жасай алатын дүние. Ал пендешілік тұрғысынан 
бұл – жүзеге аспайтын утопистік идея. Фольклор мен әдебиеттегі жасампаз 
қаһармандар қай заманда да болған, бола беретін табиғаттың бұлжымас 
заңдылығы. Демек, айтып отырған үш тұғыр негізсіз емес.
2.2 «Мәңгілік бейне», «Мәңгілік су», «Мәңгілік өмір», «Мәңгілік алау», 
«Мәңгілік Ел», «Мәңгілік тас», «Мәңгілік жарық» осы сынды мәңгілік сөзіне 
тіркесіп келетін ұғымдар көптеп кездеседі. Жалпы шығармадағы мотивтердің 


тұрақты композициясы осы ретпен көрсетілген. Бұл мотивтерден ұққанымыз 
адам баласының бойындағы мәңгілікке деген құштарлықтың басымдығы, я 
болмаса жаратушыны тануға деген болмыстан туған деп ұғынуымызға 
болады. 
Түркі 
халықтарының 
наным-сенімдерінде 
осы 
жазба 
ескерткіштерден байқауға болады. Көк тәңіріне сену, ел болу үшін тәңірге 
сыйыну мотивтерінен басталады. Мәселен, Күлтегін, Тоныкөк жазба 
ескерткіштерінде «Тәңірдей тәңіріден жаралған...». 
2.3 Мәңгілік Ел идеясы қиял, утопиялық дүние емес. Идеяның 
еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың басын біріктіре алатын да қуаты бар. 
Қоғамдық сананың жаңғыруына ықпал ете алатын алпауыт күшке ие. Рухани 
жаңғыру мақаласындағы прагматизм мәселесіадам бойындағы асыл 
қасиеттерді жетілдіруді мақсат тұтатындығын көріп отырмыз. «Біз жаңғыру 
жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда 
бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. 
Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны 
үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, 
ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу 
деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-
салтанат 
емес. 
Керісінше, 
ұстамдылық, 
қанағатшылдық 
пен 
қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті 
көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет