Ќант ќызылш асы



бет5/12
Дата07.03.2022
өлшемі211,5 Kb.
#27193
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ҚонысбайӨсімдік шаруа

Тыңайтқыштар жүйесі. Қант қызылшасы топырақтан қоректік заттарды басқа дақылдарға қарағанда көп пайдаланады, сондықтан оның егісін өте құнарлы топырақтарға орналастырады.

300 ц тамыр өнімінде қызылша дақылы топырақтан гектарына 150-200 кг азот, 45-80 - Р2О5 және 180-240 кг К2О сіңіреді, демек бұл дақыл көп тыңайтқыш бергенді қажет етеді. Тыңайтқыштарды бірнеше мезгілде қолданады: негізгі өндеуде, тұқым себуде және вегетацияда- үстеп қоректендіруде. Негізгі өңдеуде органикалық және минералдық тыңайтқыштар пайдаланылады. Органикалық тыңайтқыштарды алғы дақылдар немесе жергілікті жердің жағдайына қарай, қант қызылшасына арнап күзде (гектарына 10-30 т көң) береді. Минералдық тыңайтқыштарды топырақ-климат жағдайларына байланысты гектарына: азотты 40-90 кг, фосфорды - 30-90, ал калийді 45-100 кг шамасында береді.

Тыңайтқыштармен үстеп қоректендіруді бірнеше рет жүргізеді, үстеп қоректендіру қатараралықты өңдеумен бірге беріледі. Өсімдіктерді сиретуден кейін бірінші үстеп қоректендіруде 1 гектарға 10-15 кг азот, 15-30 –фосфор және 15-20 кг калий қолданады. Екінші және үшіншіде - 15-25 кг Р2О5 мен 20-30 кг К2О, ал азотты аз мөлшерде (7-10 кг) пайдаланады.

Қант қызылшасын үстеп қоректендіруде минералдық тыңайтқыштармен бірге микроэлементтерді де (бор, мырыш, марганец) пайдаланады.

Суармалы жерлерде үстеп қоректендіруді суарудың алдында жүргізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет