Себу мерзімінің қант қызылшасының өнімділігіне үлкен әсері бар. Себуді кешеуілдетуге болмайды, себебі тұқымның өнуі нашарлайды, әсіресе құрғақшылық жылдары. Кеш себу вегетациялық кезеңді қысқартып өнім деңгейін төмендетеді.
Қант қызылшасы тұқымын себуді ерте, дәнді дақылдарды сепкеннен 5-6 күннен кейін, топырақтың 10 см тереңдігінде температура 5-6°С жылынғанда бастай беруге болады.
Тұқым себу тереңдігі ауа райы мен топырақтың механикалық құрамына байланысты қойылады. Көбіне тұқымды 3-4 см тереңдікке енгізеді. Жеңіл топырақ пен құрғақшылық жағдайында себу тереңдігі 5-6 см дейін тереңдетіледі.
Себу тәсілі - кеңқатарлы (қатараралықтары 45 см). Суармалы жерлерде көбіне қатараралықтар 60-70 см. Көпдәнді қант қызылшасы сорттарын себу мөлшері 1 гектарға - 30-32 кг, ал бірөскінді сорттарды- 10-12 кг.
Қант қызылшасын арнайы ССТ-12А, ССТ-12Б және ССТ-8А сепкіштермен себеді.
Егер қант қызылшасы себілетін танап арамшөптермен ластанған жағдайда 1 қума метрге (п.м.)-35-38 дана тұқым себіледі немесе 10-12 кг/га, ал арамшөптері аз, егіншілік мәдениеті жоғары жерлерде 23-25 дана тұқым жеткілікті, ондай жағдайда 1 м 12-14 өскінді қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |