ҚАСИЕТТЕРІ Эпитоптар шығу тегіне жэне антигенде орналасу орнына сэйкес бірнеше түрге бөлінеді: - ұзындық, не секвенциалдық - сыртқыбеттік, не конформациялық - шеттік және орталық - тереңдіқ, не жасырын.
Иммуногендік.Иммундогендік дегеніміз ол антигенің макроорганизмде өзіне қарсы қорганыс жауабын тугызу мүмкіншілігі. Иммундогендіктің дэрежесі эр түрлі факторларға байланысты. Факторларды үш топқа жатқызуга болады: 1. Антигеннің молекулалық ерекшелігі. 2. Антигеннің ағзадагы клиренсі (тазартылуы, өңцелуі). 3. Макроорганизмнің реактивтік (жауап қайтару) қабылеті.
ҚАСИЕТТЕРІ Спецификалық. Спецификалық дегеніміз антигеннің тек қана белгілі бір эпитопқа иммундық жауап туғызу мүмкіншілігі. Бұл қасиет иммундық жауаптың қүрылу кезіндегі ерекшелікпен байланысты, сондықтан иммундық жауапты жасушылардың рецепторлары тек қана бір белгілі антигеннің эпитобына жауап беруге арналған. Соған қарай антигеннің спецификалығы көбінесе сол эпитоптардың құрылымдық қасиетімен анықталады. Бірақ, әрқашанда эпитоптар құрылысының әртүрлі екенін және антигенге жауап беретін лимфоциттердің спецификалық гетерогенділігі де есте болу керек. Соның нәтижесінде антигендік тітіркенуге организм көпклоналды иммундық жауап қайырады. Кейбір антигендік эпитоптар бір уақытта 100-ден астам эффекторлық лимфоциттердің клонымен өзара қатынасатыны анықталган. Бәл көрініс спецификалық иммундыглобулиндердің аффиндығының, кең спектрлыгының негізі, жэне де мұндай иммундыглобулиндерді поликлоналды деп атайды.
Антигендердің алуан түрі олардың кейбір сипаттамалық қасиетіне негізделіп бірнеше топқа бөлінуі мүмкін: - тегіне - табиғатына - молекулалық құрылысына - иммуногендік дәрежесіне - бөгделік дәрежесіне - активтелу бағыттылығына жэне иммундық тітіркенуінің қаматамасыз етілуіне сәйкес
АНТИГЕНДЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ Тегіне сәйкес антигендер экзогендік (организмнен тыс пайда болған) жэне эндогендікке (ағзаның өзінде пайда болған) бөлінеді. Эндогендіктің арасында ерекше көңіл аударатындары ауто- жэне неоантигендер. Аутоантигендер, не болмаса организмнің өз бойындағы меншікті антигендері дегеніміз физиологиялық жағдайда организмде түзілетін құрылысы тұрақты молекулалар. Қалыпты жағдайда аутоантигендер иммундық жүйенің дамуы кезінде иммунологиялық толеранттықтың себебінен, не болмаса олардың иммундық факторларымен тікелей қатнасынуының жеткіліксіздігінен кедергінің арғы жағындағы құрылған антигендер. Қалыпты жагдайда бұл антигендер иммундық жұйені тітіркендірмейді. Толеранттық жоғалған кезде, немесе биологиялық кедергінің қалыптылығы бұзылган кезде (көбінесе жарақаттану себебінен) иммундық жүйеде аутоантигендер спецификалық тітіркендіру тудырып, иммунитеттің спецификалық факторларының (аутоантиденелер, аутотітіркенетін лимфоциттердің клоны) пайда болуына себепкер болады.