«Antiquus» деген латин сөзi “ежелгi” деген мағына бередi. Антикалық философия дегенде ежелгi Қытай, Үндi философиясы емес, тек ежелгi Рим және Грек философиясын айтады. Антикалық философия б.з.д. VII ғ. соңында VI ғ. басында пайда болып, б.з. V ғ. өмiр сүрдi, құл иленушiлiк қоғамдағы спецификалық жағдайдағы философиялық дәстүр пайда болды.
Ежелгi гректер философияны данышпандық ойлармен байланыстырды. Әлемнiң қайнар көзi мен негiзi туралы бiлiмдi данышпандық деп атады, осыған сәйкес өткеннің, қазiргi және келешектiң мәнiн аңғару мәселесi қойылды. Бүкiл ғарыштың, табиғаттың мәнiн түсiнуге ұмтылу, ежелгi грек философиясына тән болды. Бұл әрекеттi мифология атқарды, ол сенiмге сүйенген табиғаттың дiнi болды. Сондықтан мифология мен философияның арасында маңызды айырмашылық көрiнедi: миф барлық тiршiлiктiң қалай туғанын әңгiмеледi, ал философия: “Ол неден пайда болды?”–деп сұрады. Әртүрлi дәуiрдiң философтары антикалық философиядан шығармашылық шабыт, рухтану көзiн тапты. Гректер «философия» терминiн енгізді, ал адам онда рухани белсендiк типiнiң ерекшелiгiн анықтады.
Көне грек философиясы немесе архаизм (көне, ескi, атам заманғы) б.з.д. VI-V ғ. басындағы кез. Бұл кезеңдегi негiзгi мектептер: Милет мектебi (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен); Пифагор және пифагоршылар; Элеаттар (Парменид, Зенон); атомшылар (Левкипп, Демокрит). Бұл мектептерден тыс тұрған философтар – Гераклит, Эмпедокл және Анаксагор.
Классикалық кезеңнiң негiзгi мектебi – софистер (Горгий, Гиппий, Протогор, т.б.). Алдымен бұларға қосылған, кейiн оларды сынаған Сократ, Платон, оның мектеп академиясы, Аристотель және лицей мектебi.
Эллиндiк кез (б.з.д. IV-б.з.V ғ.). Бұл кезеңнiң негiзгi мектебi: Эпикур мен Эпикуршiлер ( Лукреций Кар), Стоиктер (Зенон, Луций Анней Сенека, Марк Аврелий); скептиктер (Пиррон, Секст Эмпирик); кинктер (Антисфен, Диоген Синопский); неоплатонизм (Плотин, Прокл, Янвлих).
Антикалық философияның (даму кезеңiне тәуелсiз) негiзгi сипаты – ғарыштық логоцентризм. Логос – ежелгi философияның орталық ұғымы. Гректер ғарышты тәртiпке салынған және антикалық адамды да тәртiпке салынған әрі үйлесiмдi жүйелер деп көрсетедi. Адам бойындағы зұлымдық пен шалалық нақты бiлiмнiң жеткiлiксiздiгi ретiнде түсiндiрiледi және оны философия көмегiмен толықтыруға болатынына сенедi.
Антика философиясының сипаттамалық ерекшеліктері: • космоцентризм – табиғаттың, ғарыштың, әлемнің түпнегізін анықтауға талпыныс; • онтологизм – философиялық проблеманың негізі ретінде болмыс қарастырылды; • философияның негізгі екі бағыты қалыптастырылды– идеалистік (Платон) және материалистік (Демокрит)
Анаксимандр алуан түрлi табиғаттың негiзiнде әлдебiр белгiсiз және шексiз материя жатады деп ойлады, оны апейрон деп атады. Мiне, осы түсiнiк дүниенiң материалдық субстанциясын оның тереңiрек қарағанын көрсетедi.
Анаксимен – материалист. Оның iлiмiнше барлық нәрсе бастапқы материядан – ауадан пайда болады және қайтадан соған айналады. Ауа қозғалыста, шексiз, мәңгiлiк зат.
Ертедегi грек материалистерiнiң өзiне тән өзгешелiгi мен ең маңызды табысы стихиялық диалектика болды. Оны Гераклит дамытты. Эфестен шыққан Гераклит (б.з.д. 540-460 ж.) шындық дүниенiң өзгерiп отыратыны жайында аса ұлы пiкiр айтты: «Дүние дегенiң – аққан су», табиғаттың түп негiзi – от, ол әрдайым өзгередi. Ол қарамақарсылықтың бiрлiгi мен күрес заңын ұсынды