Педагогика



бет1/4
Дата07.02.2023
өлшемі446 Kb.
#65948
  1   2   3   4

Педагогика


1-деңгей
200/200/100 (жауаптары 1 А)

1.Ежелгі Грециядағы тәрбие жүйесі:


а) спартандық және афинылық
б) мұсылмандық және христиандық
в) діни және зайырлы
г) элементарлық және грамматикалық
д) рыцарлық

2.Ежелгі Римдегі мектептердің типтері:


а) элементарлық және грамматикалық
б) спартандық және афинылық
в) сарайлық мектептер
г) діни және зайырлы
д) шешендік мектептер

3.Ежелгі Греция философтарынан кім ең бірінші рет жас ерекшеліктеріне бөлуді анықтауға талпыныс жасады?


а) Аристотель
б) Платон
в) Пифагор
г) Сократ
д) Томас Мор

4.Ежелгі Греция философтарынан ең алғаш рет мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиенің қажеттілігі туралы кім ой қозғады?


а) Платон
б) Квинтилиан
в) Аристотель
г) Сократ
д) Демокрит

5.«Шешендікке тәрбиелеу туралы» еңбектің авторы кім?


а) М.Ф.Квинтилиан
б) Г.Фребель
в) Г. Песталоцци
г) Сократ
д) Т. Мор

6.Ежелгі Қытай мектептерінің типтері:


а) ең төменгі мектеп
б) қызметкерлердің мектебі
в) сарайлық мектептер
г) көшірмешелер мектебі
д) шешендік мектеп

7. Тәрбие мақсатын – адамның өзін-өзі тануы ретінде анықтаған кім?


а) Сократ
б) Демокрит
в) Плутарх
г) Аристотель
д) Платон

8. Орта ғасырдағы Россиядағы педагогикалық ескерткiш:


а) «Владимир Мономахтың балаларына өсиетi»
б) «Грамматика»
в) “Игорь полкы туралы жыр”
г) «Библия»
д) «Ана тiлi»

9.«Ұлы дидактика» атты еңбектің авторы кім?


а) Я. А Коменский
б) Г. Песталоцци
в) Д. Дидро
г) К.Д. Ушинский
д) Л. Н Толстой

10.Я.А Коменскийдің негізгі еңбектері:


а) «Аналық мектеп», «Ұлы дидактика», «Әлемді суреттеп бейнелеу»
б) «Тәрбие туралы ойлар»
в) «Эмиль немесе тәрбие туралы»
г) «Лингард және Гертруда»
д) «Владимир Мономахтың балаларына өсиетi»

11.Я.А. Коменский ұсынған оқыту принциптері:


а) оқытудың көрнекілігі, саналылығы, жүйелілігі, бірізділігі, шамаға лайықтылығы, негізділігі
б) оқытудың қоғам мұқтаждығына сәйкестілігі, идеялылығы мен мақсаттылығы
в) даналылылық, парасаттылық, азаматтық, шындық, әділдік
г) тәрбиенің үздіксіздігі, сабақтастығы, жүйелілігі, бірізділігі
д) оқытудың сапалылығы, сабақтастылығы

12.Дамудың әрбір жас кезеңіне сәйкес Я.А.Коменский ұсынған мектептердің типтері:


а) ана мектебі, ана тілі мектебі, латын мектебі, академия
б) шіркеулік діни мектеп, гимназия, университет, орта мектеп
в) элементарлық мектеп, гимназия, университет
г) шешендік мектеп, ең төменгі мектеп, элементарлық мектеп
д) балабақша, мектеп, колледж, университет

13.Я.А. Коменскийдің табиғатқа сәйкестілік принципі бойынша


а) бүкіл тәрбие ісі табиғатқа тән жалпы заңдылықтарға сәйкес болуы тиіс
б) бүкіл тәрбие ісі табиғатқа ұқсас болмауы керек
в) балалар тәрбиесі қоғам дамуына тән жалпы заңдылықтарға сәйкес болуы тиіс
г) бүкіл тәрбите ісі халықтық сипатта боуы тиіс
д) тәрбие табиғат аясында өткізілуі болуы тиіс
14.Я.А. Коменскийдің педагогикасының іргетасын қалайтын идея:
а) пансофизм
б) социализм
в) капитализм
г) табиғатқа сәйкестілік
д) халықтық педагогика

15.Оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесін кім жасады?


а) Я.А. Коменский
б) К.Д. Ушинский
в) Г. Песталоцци
г) Ф. Фребель
д) А. Дистервег

16.Джон Локктың негізгі еңбегі:


а) «Тәрбие туралы ойлар»
б) «Ұлы дидактика»
в) «Эмиль немесе тәрбие туралы»
г) «Ана тілі»
д) «Музыканың ұлы кітабы»

17.Джон Локктың айтуы бойынша тәрбиенің міндеттері:


а) джентльменді тәрбиелеу
б) жаңа адамды өз Отанының патриоты ретінде тәрбиелеу
в) жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу
г) барлық жауаптар дұрыс
д) еркін жеке тұлғаны тәрбиелеу

18.Джон Локк тәрбиенің негізгі құралдарына мыналарды жатқызады:


а) үлгі, орта, баланың айналасы
б) еңбек, оқыту
в) үлгі, еңбек, орта
г) ойын, салт-дәстүр, ән, күй, ертегі, аңыз және т.б.
д) ана тілі, тарих, салт-дәстүр және т.б.

19.Ж.Ж. Руссоның негізгі еңбегі:


а) «Эмиль немесе тәрбие туралы»
б) «Тәрбие туралы ойлар»
в) «Ұлы дидактика»
г) «Гертруда өз балаларын қалай оқытады»
д) «Аққулар әні»

20.Ж.Ж. Руссо тәрбие құралдарына мыналарды жатқызады:


а) табиғат, адамдар, заттар
б) ересектердің үлгісі, орта, еңбек
в) еңбек, оқыту, орта
г) дұрыс жауабы жоқ
д) барлық жауаптар дұрыс

21.Ж.Ж. Руссоның жас ерекшелік кезеңдері:


а) 1 кезең-туылғаннан 2-жасқа дейін, 2 кезең – 2 жастан 12 жасқа дейін, 3 кезең 12-ден 15 дейін, 4 кезең-15-тен кәмелетке толғанша
б) туылғаннан 6 жасқа дейін - балалық, 6-дан 12-ге дейін-бала жігіттік шақ, 12-ден 18-ге дейін – жастық шақ, 18-ден 24-ке дейін – ересктік шақ
в) туылғаннан 3 жасқа дейін –мектепке дейінгі жастан алды, 3 жастан 6 жасқа дейін -мектепке дейінгі жас, 6 жастан 18 жасқа дейін – мектептік жас
г) 1 кезең – туылғаннан 10 жасқа дейін, 2 кезең - 10 жастан-13 жасқа дейін, 3 кезең – 13 жастан 20 жасқа дейін
д) барлық жауаптар дұрыс

22.«Еркін тәрбие теориясын» кім ұсыңды?


а) Ж.Ж. Руссо
б)Д.Локк
в)А. Дистервег
г)Д.Дидро
д) Я.А. Коменский

23.Элементарлық білім беру теориясының авторы кім?


а) Г. Песталоцци
б) Ж.Ж. Руссо
в) Д. Гельвеций
г) Д.Дидро
д) А. Дистервег

24.Бастауыш мектепте оқыту әдістемесінің негіздерін жасаушы кім?


а) Г. Песталоцци
б) Д. Локк
в) И. Гербарт
г)Я.А. Коменский
д) К.Д Ушинский

25.Г. Песталоццидің негізгі еңбектері:


а) «Лингард және Гертруда», «Гертруда өз балаларын қалай оқытты», «Бақылау азбукасы»
б) «Тәрбие туралы ойлар», «Француз энциклопедиясы»
в) « Неміс мұғалімдерінің білімін жетілдіруге басшылық»
г) «Ұлы дидактика», «Әлемді суреттеп бейнелеу»
д) «Эмиль немесе тәрбие туралы», «Жаңа Элоиза»

26.Г. Песталоцци тәрбие мақсатын былай анықтайды:


а) адамның барлық табиғи күшін және қабілетін дамыту
б) жылылық сезімдерін тәрбиелеу
в) жеке тұлғаны жан-жақты тәрбиелеу
г) адамды «сегіз қарлы, бір сырлы» етіп қалыптастыру
д) барлық жауаптар дұрыс
27.Сауаттылыққа оқытудың дыбыстық әдісін ең алғаш ұсынған кім?
а) Г. Песталоцци
б)Я.А Коменский
в) К.Д. Ушинский
г) Д.Дидро
д) Ф. Фребель

28.И. Гербарт басқару құралдарына мыналар жатқызады:


а) қорқыту, бұйыру, тиым салу, жазалау, бедел
б) үлгі, орта, оқыту
в) еңбек, оқыту, дамыту
г) мадақтау, мақтау, марапаттау, алғыс жариялау және сыйлықтар беру
д) әңгіме, түсіндіру, қоғамдық пікір, үлгі-өнеге

29.А. Дистервегтің негізгі еңбегі:


а) «Неміс мұғалімдерінің білімін жетілдіруге басшылық»
б) «Ана тілін оқытуға басшылық»
в) «Тәрбие туралы ойлар»
г) «Лингард және Гертруда»
д) «Эмиль немесе тәрбие туралы»

30.Практикада мектепке дейінгі мекемелерді жасаушы кім?


а) Р. Оуэн
б) Г. Песталоцци
в) А. Дистервег
г) И. Гербарт
д) Ф. Фребель

31.Жұмысшы балаларын бастауыш мектепте жалпы білім беретін бағдарламамен оқытуды алғаш ендірген кім?


а)Р. Оуэн
б)Г. Песталоцци
в) А. Дистервег
г) И. Гербарт
д) Ф. Фребель

32.Ф. Рабленің негізгі шығармасы?


а) «Гаргантюа және Пантагрюэль»
б) «Шешендікке тәрбиелеу туралы»
в) «Тәрбие туралы ойлар»
г) «Эмиль немесе тәрбие туралы»
д) «Лингард және Гертруда»
33.Орта ғасырлық Шығыс елдерiндегi педагогикалық шығарма?
а) Кабуснама
б) Хадистер
в) Кұран-Кәрiм
г) Мың бiр түн
д) Әлiппе

34. Тәрбие мақсатын – ізгілік пен жақсылық дей отырып, өмір сүріп отырған қоғамдық қатынастарға икемделе алатын, қалыптасқан тәртіпті сыйлай білетін, соған бағынатын білетін адамды тәрбиелеу деп анықтаған кім?


а) И.Ф.Гербарт
б) К.А. Гельвецций
в) И.Г.Песталоцци
г) А.Дистервег
д) Ж.Ж.Руссо

35. XIX ғ. жартысындағы бiлiмнiң теориялық құрылымдарын баланың психикалық дамуымен ұштастырған немiс ғалымы. Оның пікірінше, оқу процесі төрт сатыдан тұрады: 1.анықтылық-айқындық; 2.ассоциация; 3.жүйе; 4.әдiс:


а) И.Ф.Гербарт
б) К.А. Гельвецций
в) А.Дистервег
г) И.Г.Песталоцци
д) Ж.Ж.Руссо

36. XIX ғ. немiс педагогы, жалпы адамзаттық тәрбиенiң идеясын қорғаған педагогикалық проблеманың таптық және шовинистiк түрде шешiлуiне қарсы шыққан. Ол былай деген: «атым – адам, атауым – немiс»:


а) А.Дистервег
б) И.Гербарт
в) И.Г.Пестолоцци
г) Ж.Ж.Руссо
д) Д.Локк

37.«Педагогикалық әдебиеттердің пайдасы туралы», «Қоғамдық тәрбиенің халықтығы туралы», «Мектептің үш элементі» атты еңбектердің авторы кім?


а) К.Д Ушинский
б) П.Д Лесгафт
в) Л.Н. Толстой
г) Д.Локк
д) И.Г.Пестолоцци

38.К.Д Ушинский анықтаған халықтық тәрбиенің құралдары:


а) оқыту, үлгі-өнеге, сендіру, дұрыс қарым-қатынас жасау, алдын -ала ескерту, мадақтау, жазалау
б) дамудағы еркіндік, қоғамдық бағыт, икемділік, қатынас, тәртіп
в) балада жақсылыққа оң қатынас жасауға үйрету
г) қоршаған ортаға оң қатынас жасау, талапты ақылмен қою
д) тәрбиенің жүйелілігі, бірізділігі, ұзақтылығы, сабақтастығы

39.К.Д. Ушинскийдің негізгі педагогикалық еңбектері:


а) «Балалар әлемі», «Ана тілі», «Адам тәрбиесі»
б) «Педагогикалық әдебиеттердің пайдасы туралы», «Ұлы дидактика»
в) «Мектепті құрайтын үш нәрсе», «Адамды тәрбиелеудегі беделдің маңызы туралы»
г) «Орыс әліппесі», «Баланы құтқару», «Балаларды тәрбиелеудің және оқытудың жаңа жолдары»
д) «Эмиль немесе тәрбие туралы», «Жаңа Элоиза»

40.К.Д. Ушинскийдің қандай еңбегінде халықтық принцип негізділген?


а) «Қоғамдық тәрбиенің халықтығы туралы»
б) «Балалар әлемі»
в) «Ана тілі»
г) «Адам тәрбиесі»
д) «Педагогикалық әдебиеттердің пайдасы туралы»

41. К.Д. Ушинскийдің пікірінше тәрбие дәрменсіз болмауы үшін қандай болуы керек?


а) Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін халықтық болуы тиіс
б) Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін ұлттық болуы тиіс
в) Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін тиімді болуы тиіс
г) Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін кешенді болуы тиіс
д) Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін таптық болуы тиіс

42. «Жаңа әліппенің» авторы кім?


а) Л.Н. Толстой
б) Р.В. Бунаков
в) К.Д. Ушинский
г) Н.А. Добролюбов
д) Н.А. Пирогов

43.«Семья және мектеп» атты еңбектің авторы кім?


а) Н.К. Крупская
б) К.Д. Ушинский
в) Н.И. Пирогов
г) Н.А. Герцен
д) Н.А. Новиков

44.«Ұстаздық дастан» атты еңбектің авторы кім?


а) А.С. Макаренко
б) К.Д. Ушинский
в) Н.И. Пирогов
г) Н.А. Герцен
д) Н.А. Новиков

45.«Мұнара устіндегі тулар» атты еңбектің авторы кім?


а) А.С Макаренко
б) К.Д Ушинский
в) Н.И. Пирогов
г) Н.К. Крупская
д) Н.А Новиков

46.«Ата –аналар, сіздер үшін» атты еңбектің авторы кім?


а) А.С. Макаренко
б) К.Д. Ушинский
в) Н.И. Пирогов
г) Н.К. Крупская
д) Н.А. Пирогов

47.Ұжымның қалыптасу және даму кезеңдерін негіздеген кім?


а) А.С Макаренко
б) К.Д Ушинский
в) Н.И. Пирогов
г) Н.К. Крупская
д) Н.А. Новиков
48. «Балаға жүрек жылуы» атты еңбектің авторы кім?
а) А.В. Сухомлинский
б) К.Д. Ушинский
в) А.С. Макаренко
г) Н.К. Крупская
д) Н.А. Новиков

49. «Ұжымның құдыретті күші» атты еңбектің авторы кім?


а) А.В Сухомлинкий
б) К.Д Ушинский
в) А.С Макаренко
г) Н.К Крупская
д) Н.А Новиков

50.Россиядағы бiрiншi университеттiң ашылуы кiмнiң инициативасымен жүзеге асырылды?


а) М.В.Ломоносов
б) К.Д.Ушинский
в) I Петр
г) II Екатерина
д) А.В. Сухомлинский

51.Орта ғасырлардағы білім берудің мазмұны қандай сипатта болды?


а) діни сипатта
б) дүниелік сипатта
в) философиялық сипатта
г) гуманистік сипатта
д) әдеби сипатта

52.Рыцарлық тәрбиенің мазмұнына нелер кіреді?


а) барлық жауаптар дүрыс
б) сайысу, аң аулау, шахмат ойыны
в) өлең шығару және айта білу
г) атпен жүру, жүзу
д) найза лақтыру

53.Теориялық білім беруді еңбекпен байланыстыру идеясын кім ұсыңды?


а) Томас Мор
б) Ф. Рабле
в) Д. Локк
г) Я.А. Коменский
д) Ж.Ж. Руссо

54.«Жалпы білім беру принципін» кім ұсынды?


а) Томас Мор
б) Ф. Рабле
в) Д. Локк
г) Я.А. Коменский
д) Ж.Ж. Руссо
55.М. В. Ломоносовтың қызметі:
а) барлық жауаптар дұрыс
б) реакциялық ілімдерге қарсылық танытты
в) жалпы білім беретін орта мектеп туралы ойларын қорғады
г) Ресейде сословиесіз мектептерді ұйымдастырды
д) Москва университетінің ашылуына тікелей ықпалын тигізді

56.Мына шығармалардың қайсысы М. В. Ломоносовтікі емес?


а) «Аналық мектеп»
б) «Риторика»
в) «Эксперименталдық физика»
г) «Гимназияның регламенті»
д) «Орыс грамматикасы»

57. «Мұғалiмдерге ең тамаша мiндет жүктелген, күн астында одан жоғары тұрған еш нәрсе жоқ» деген сөйлемнің авторы кім?


а) Я.А.Коменский
б) К.Д.Ушинский
в) В.Г.Белинский
г) Н.К.Крупская
д) А.С.Макаренко
58. «Мұғалiм балалармен iстес болады. Егер олар бiр нәрсенi түсiнбесе, онда мұғалiм шәкiрттердi кiнәламай, олардың көкейiне қалдыра алмағаны үшiн өзiн-өзi кiналауы тиiс»
а) Ы.Алтынсарин
б) К.Д.Ушинский
в) А.С.Макаренко
г) В.А.Сухомлинский
д) Я.А.Коменский

59. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген сөйлемнің авторы кім?


а) А.Құнанбаев
б) Ш.Уәлиханов
в) Ы.Алтынсарин
г) М.Жұмабаев
д) А.Байтұрсынов

60. «Егер ұстаз өз iсiн де, шәкiрттiн де жақсы көре бiлсе, ол – нағыз ұстаз».


деген сөйлемнің авторы кім?
а) Л.Толстой
б) Ы.Алтынсарин
в) Д.Писарев
г) М.Жұмабаев
д) К.Д.Ушинский

61.“Мұғалiм - мәңгi нұрдың қызметшiсi. Ол барлық ой мен қимыл әрекетiне ақылдың дәнiн сеуiп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесi”, - бұл сөздердiң авторы кiм?


а) Я.А.Коменский
б) К.Д.Ушинский
в) Ы.Алтынсарин
г) А.Дистервег
д) Д.Локк

62.«Педагогтiк қызметке де басқалар сияқты әрқашан да шабыт керек, себебi әр жылы бiр нәрсенi қайталап оқыта бергендiктен, айтылатын хабарлар жаттанды түрге айналып кету қаупi тууы мүмкiн» деп ескерткен кiм?


а) К.Д.Ушинский
б) Я.А.Коменский
в) А.Дистервег
г) Ж.Ж.Руссо
д) И.Гербарт
63."Орхон-Енисей" жазба ескерткiшiнiң авторы кiм?
а) Иолых - тегiн
б) Қорқыт-ата
в) Абай Құнанбаев
г) Шоқан Уәлиханов
д) Ыбырай Алтынсарин


64."Орхон-Енисей" жазба ескерткiшi бөлiмдерiнiң аты қандай?
а) Бiлге-қаған, Күлтегiн, Тоныкөк
б) Иолых-тегiн, Қорқыт, әл-Фараби
в) Қорқыттың нақыл сөздерi және 12 оғыздын батырлық жырлары
д) Бiлге қаған, Күлтегiн
г) «Құтты білік», «Қабуснама»

65."Бiлге каған" жырында кандай мәселелер айтылады?


а) Халкына адал, қамқоршы, әдiл басшы бола бiлген хан жырланады
б) Ақылшы, дана қарт Тоныкөк туралы жырланады
в) Ойшыл дана Иолыхтегiн туралы жыр айтылады
г) Әскер басы Тоныкөк туралы жырланады
д) Билер мен шешендердің өмірі туралы жырланады

66.«Күлтегін» жырында қандай мәселелер айтылады?


а) Жау жүрек батыр, дала халқының қайсар жауынгерінің ерлігі жырланады
б) Халкына адал, қамқоршы, әдiл басшы бола бiлген хан туралы жырланады
в) Билер мен шешендердің өмірі туралы жырланады
г) Көк, жер, адам туралы жырланады
д) Тәңірі туралы жырланады

67."Тоныкөк" жырында кандай мәселелер айтылады?


а) Ханның және әскербасының ақылшысы, кенесшiсi туралы жырланады
б) Халкына адал, қамқоршы, әдiл басшы бола бiлген хан туралы жырланады
в) Жау жүрек батыр, дала халқының қайсар жауынгерінің ерлігі жырланады
г) Әскер басы дәрiптеледi
д) Тәңiрi туралы жырланады

68."Қорқыт-ата" кiтабында әйелдi неше түрге бөледi?


а) Төрт түрге: ниетi құрыған әйел, ынсапсыз әйел, үйдiң құты болған әйел, кесiр әйел
б) Үш түрге: ынсапсыз әйел, үйдiң құты болған әйел, кесiр әйел
в) Екi түрге: ынсапсыз әйел, үйдiң құты болған әйел
г) Бiр түрге: үйдiң құты болған әйел
д) Барлық жауаптары дұрыс


69. Данышпан, ойшыл, қобызды жасаушы, музыкант, композитор Қорқыт
қай ғасырда өмiр сүрдi?
а) IX ғ.
б) VII ғ.
в) VIII ғ.
г) IV ғ.
д) Х ғ.

70.Қорқыт ата әңдерінің негізгі тақырыптары:


а) адам өмірінің тез өтетіндігі, өлімнің шарасыздығы
б) жалпы психологиялық және моральдік, педагогикалық мәселелер
в) даналықты көрсету
г) түркілердің ерлік оқиғалары
д) барлық жауаптар дұрыс

71.Әл-Фараби қандай ежелгi грек ойшылының еңбегiн талдады?


а) Аристотель
б) Демокрит
в) Платон
г) Плутарх
д) Сократ


72.Шығыстың ұлы ойшылы Әл-Фараби тәрбиеге қандай анықтама берген?
а) Тәрбие - халықтардың бойына бiлiмге негiзделген iзгiлiктер мен өнердi дарыту деген сөз
б) Тәрбие - адамдарды iзгiлiкке баулу мен қайырымдылыққа үйрету деген сөз
в) Тәрбие бiлiм арқылы берiледi
г) Тәрбие өнер арқылы берiледi
д)Тәрбие – жеке тұлғаның бойында адами қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған процесс
73. Тәрбиешiге қажеттi сапалар туралы әл-Фараби қандай трактатында жазған?
а) Даналық туралы трактат
б) Музыка туралы үлкен трактат
в) Поэзия өнерi туралы трактат
г) Мемлекеттiк қайраткердiн афоризмдерi
д) Қырғыз хрестоматиясы

74."Түрiк сөздерi жинағының" авторы кiм?


а) М. Қашқари
б) А. Йугнеки
в) Ж. Баласағұн
г) Әл - Фараби
д) Қ.А. Ясауи

75."Кұтты бiлiк" дастанының авторы кiм?


а) Ж. Баласағұн
б) М. Қашқари
в) А. Йугнеки
г) Әл - Фараби
д) Қ.А. Ясауи

76."Ақыл сыйы" кiтабының авторы кiм?


а) А.Йугнеки
б) М.Қашқари
в) Ж.Баласағұн
г) Әл - Фараби
д) Ж.Баласағұн

77."Тарих-и-Рашиди" шығармасының авторы кiм?


а) М.Х.Дулати
б) М.Қашқари
в) Ж.Баласағұн
г) А.Йугнеки
д) С.Сараи


78.Қай жырау мәңгiлiк өмiр, жақсылық, жамандық, адамның жақсы-жаманы туралы толғанған?
а) Асан-Қайғы
б) Бұхар - жырау
в) Қазтуған
г) IIIалкиiз
д) Жиембет


79.Қай жырау ақыл-ой тәрбиесiне үлкен маңыз бердi және шешендiктi адам тәрбиелiлiгi критерийiнiң бiрi санады?
а) Бұхар - жырау
б) Асан-Қайғы
в) Шалкиiз
г) Шал-ақын
д) Ақтамбердi


80.Қазақ балалары үшiн бiрiншi офицерлiк мектеп кайда ашылды?
а) Оренбургте
б) Таразда
в) Түркістанда
г) Омскiде
д) Қызылордада

81. XIX ғасырда Қазақстан территориясындағы мектептердiң негiзгi типтерi:


а) Мектептер, медреселер
б) Дiни мектептер
в) Гимназиялар
г) Латын мектептері
д) Университеттер

82.Ш. Уәлиханов кiм болған?


а) Барлық жауаптар дұрыс
б) Ағартушы
в) Лингвист
г) Саяхатшы
д) Этнограф

83."Қырғыз хрестоматиясы" кiтабының авторы кiм?


а) Ы. Алтынсарин
б) С. Торайғыров
в) А. Құнанбаев
г) Ш. Уәлиханов
д) А.Байтұрсынов


84.Орыс-қазақ мектептерiнiң ашылуы кiмнiң әдiстерiмен байланысты?
а) Ы.Алтынсарин
б) А.Құнанбаев
в) Ш.Уәлиханов
г) М. Жұмабаев
д) Ж. Аймауытов
85.Қазақстанда әйелдерге бiлiм берудiң негiзiн қалаушы кiм?
а) Ы. Алтынсарин
б) Ш. Уәлиханов
в) А. Құнанбаев
г) Ж.Аймауытов
д) И.А. Ильминский

86.Абай Құнанбаев тәрбиенiң мынадай түрлерiн бөлiп көрсеттi :


а) Барлық жауаптар дұрыс
б) Отбасы тәрбиесi
в) Эстетикалық тәрбие
г) Еңбек және дене тәрбиесi
д) Адамгершiлiк тәрбиесi

87. Жастарды өнер - бiлiмге шақыру, адамгершiлiктi, iзгi қасиеттердi сақтау Ш. Құдайбердиевтiң қандай өлеңiнде айтылған?


а) Жастарға
б) Арман
в) Мақсатсыз өмiр тұл
г) Мiнеу мен күндеу
д) Дүние мен өмiр

88.Ш. Құдайбердиевтiң қандай еңбегiнде оның философиялық ой-пiкiрлерi айтылған?


а) Үш анық
б) Қазақ айнасы
в) Анық пен танық
г) Тәңiрi мен жал
д) Барлық жауаптар дұрыс
89."Кiм жазықты" атты романның авторы кiм?
а) С. Торайғыров
б) М. Әуезов
в) Ә. Тәжiбаев
г) М. Жұмабаев
д) С. Сейфуллин

90.С.Торайғыровтың "Оқып жүрген жастарға" атты өлеңiнде нендей мәселелер айтылады?


а) Оқу, бiлiм, ғылым
б) Өмiр, махаббат
в) Тұрмыс, бiлiм
г) Адамгершiлiк, сұлулық
д) Жақсылық пен жамандық

91.Қазақ халқының салт-дәстүрлерiн Қазан төңкерiсiне дейiн кiмдер зерттеп, жинастырған?


а) А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов
б) А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев
в) М.Тынышпаев, Н. Құлжанова
г) С.Асфандияров, X. Досмұхамедов
д) С.Көбеев, М.Әуезов, А.Байтұрсынов
92.Қазақстанда 20-ғасырдың басында қандай мерзiмдi баспасөздер шықты?
а) Барлық жауаптар дұрыс
б) «Дала уалайаты»
в) «Түркiстан уалайаты»
г) «Айқап»
д) «Мұғалiм»

93.Қазақтың мемлекеттiк университетi қай жылы ашылды?


а) 1934 ж.
б) 1917 ж.
в) 1928 ж.
г) 1940 ж.
д) 1953 ж.


94.Тұңғыш қазақ тiлiнде шыққан "Педагогика" оқулығының авторы кiм?
а) М. Жұмабаев
б) М. Дулатов
в) X. Досмұхамедов
г) Ж. Аймауытов
д) Н. Құлжанова

95.Тұңғыш қазақ тiлiнде шыққан "Психология" оқулығының авторы кiм?


а) Ж. Аймауытов
б) М. Жұмабаев
в) М. Дулатов
г) X. Досмұхамедов
д) Н. Құлжанова


96.Қазақ тiлiнде шыққан тұңғыш "Әлiппе»нiң авторы кiм?
а) А.Байтұрсынов
б) М.Жұмабаев
в) Ш.Уәлиханов
г) М.Дулатов
д) С.Көбеев


97.Ұлттық тәрбие туралы қазақ халқының ұлы тәлiмгерi М.Жұмабаев не деген?
а) Әрбiр ұлттың бала тәрбиелеу туралы ескiден келе жатқан жолы бар
б) Ұлттық тәрбие - басты мәселе
в) Ұлттық тәрбие - қазақы тәрбие
г) Ұлттық тәрбие арқылы ұлттың санасы мен намысын дамытуға болады
д) Ұлттық тәрбие - адамдарды iзгiлiкке баулу мен қайырымдылыққа үйрету деген сөз

98."Есеп құралы" атты ұлттық оқу құралының авторы кiм?


а) М.Дулатов
б) М.Жұмабаев
в) А.Байтұрсынов
г) Ж.Аймауытов
д) С.Торайғыров


99."Әрбiр тәрбиешi, сөз жоқ, ұлттық тәрбиемен таныс болуы тиiс" деген ұсынысты айтқан кiм?
а) М. Жұмабаев
б) А. Байтұрсынов
в) М. Әуезов
г) Ш. Құдайбердиев
д) М. Дулатов

100.А.Байтұрсыновтың "Мектеп керектерi" деген мақаласы қай газетте шықты?


а) «Қазақ»
б) «Еңбекшi қазақ»
в) «Қазақстан»
г) «Мұғалiм»
д) «Түркiстан»
101.А.Байтұрсыновтың қай еңбегiнде "Ауыз әдебиетi – даналық негiзi" деген ой айтылды?
а) Әдебиет танытқыш
б) Әлiппе
в) Тiл құралы
г) Қырық мысал
д) Педагогика


102. 30-шы жылдары жарық көрген "Қазақ әдебиетi" атты оқу құралының авторы кiм?
а) С. Сейфуллин
б) М. Жұмабаев
в) А. Байтұрсынов
г) С. Көбеев
д) С. Асфандияров


103.Қазақстанда тұңғыш жарық көрген "Педагогика тарихы" атты оқу құралының авторы кiм ?
а) К. Бержанов
б) М. Ғабдуллин
в) Т. Тәжiбаев
г) Л. Сембаев
д) С. Мұқанов

104.А.Макаренко «Перспективалық сызықтар жүйесi» деп аталатын педагогикалық принциптi негiздедi, оның мағынасы неден құрылады?


а) Ұжым алдына әрқашан жаңа перспективалық жоспар құруы керек
б) Педагог тапсырманың орындалуын қадағалап отыруы қажет
в) Педагог әрқашан оқушыларынан қоғамдық жұмыстардың орындалуын талап етуi керек
г) Ұжымдық - тәрбиелiк жұмыстарды жүйелi ұйымдастырып отыруы қажет
д) Ұжымда қалыптастырылған әртүрлі дәстүрлердің болуы қажет


105.М. Дулатовтың "Есеп құралы" ең алғаш рет қай жылы шықты?
а) 1914
б) 1920
в) 1900
г) 1990
д) 2000

106.М.Дулатов: "Балаларды оқыту өз алдына бiр ғылым. Ол - ғылыми педагогика" деген сөздерiн қай еңбегiнде жазды ?


а) «Қирағат»
б) «Ана тiлi»
в) «Есеп құралы»
г) «Оян, қазақ!»
д) «Жастарға»


107."Оқу кiтаптары ана тiлiмен, өз ұлтының тұрмысымен жазылуы қажет" деген сөздердi М. Дулатов қай еңбегiнде айтты?
а) «Қирағат»
б) «Ана тiлi»
в) «Есеп құралы»
г) «Оян, қазақ!»
д) «Жастарға»


108.Қазақ мектебiнiң практикасында сауат ашу үшiн әрiптiк әдiстi кiм ұсынды?
а) А. Байтұрсынов
б) М. Жұмабаев
в) А. Аймауытов
г) С. Көбеев
д) Н. Құлжанова

109.Ж. Аймауытов "Ана тiлiн жақсы меңгерiп алмай тұрып, өзге пәндердi түсiну мүмкiн емес" деген сөздерiн қай еңбегiнде айтты ?


а) «Тәрбиеге жетекшi»
б) «Тәрбие»
в) «Комплекстi оқыту жолдары»
г) «Психология»
д) «Педагогика»

110.Х. Досмұхамедовтың ұлттық мектеп және ұлттық тәрбие беру туралы ой-пiкiрлерi қай журналда жарияланды?


а) Сана
б) Мұғалiм
в) Айқап
г) Абай
д) Қазақ


111.X.Досмұхамедовтың "Қазақ халық әдебиетi" атты очеркi қай жылы шықты?
а) 1928
б) 1937
в) 1945
г) 1990
д) 2000


112.Қазақ халқының ұлы тәлiмгерi М.Жұмабаев ұлттық тәрбие туралы қандай еңбегiнде айтқан?
а) «Педагогика»
б) «Ересектер үшiн әлiппе»
в) «Сауаттылыққа оқыту»
г) «Бастауыш кластағы ана тiлi»
д) «Қазақ халық әдебиетi»
113.М. Жұмабаевтың "Педагогика" атты оқу құралында тәрбиенiң қандай түрлерi көрсетiлген?
а) Дене тәрбиесi, ақыл тәрбиесi, сұлулық тәрбиесi, құлық тәрбиесi
б) Экологиялық тәрбие, отансүйгіштік тәрбие, экономикалық тәрбие
в) Құқықтық тәрбие, еңбек тәрбиесі, адамгершілік тәрбиесі
г) Гуманистік тәрбие, имандылық тәрбиесі, саяси тәрбие
д) үлгі-өнеге, қоғамдық пікір, әңгіме, түсіндіру, пікірталас

114."Қирағат" атты оқу құралының авторы кiм?


а) М.Дулатов
б) Ш.Уәлиханов
в) А.Құнанбаев
г) Н.А.Ильминский
д) С.Көбеев


115.Жастық шақтың үш типiне сипаттама берген акын:
а) Шал-ақын
б) Хорезми
в) Жиембет
г) Шалкиiз
д) Ақтамберді


116.Өтiрiкшiлердi, жалқауларды, мақтаншақтарды сынаған ақын-жырау:
а) Шалкиiз
б) Асан - Қайғы
в) Бұхар -жырау
г) Қазтуған
д) Жиембет

117.М.Жұмабаевтың "Педагогика" атты оқулығының маңыздылығы неде?


а) Ғылыми педагогиканың негiзiн ұлттық тәрбиемен, халықтың мiнез- құлқымен байланыстыра бiлгендiгiнде
б) Алғаш рет ғылыми педагогиканың қазақ тiлiнде жазылуында
в) Қазақша педагогикалық терминдерді қолдана білгендігінде
г) Ғылыми педагогиканы төрт тәрбие түрінің ерекшеліктерін ескере отырып негіздей білгендігінде
д) Педагогика ғылымын психология ғылымымен байланыстыра отырып, қарастыра білгендігінде

118.Ресейдің XYIII ғасырдағы ұлы ағартушылары кімдер?


а) барлық жауаптар дұрыс
б) М.И.Новиков
в) Г.С.Сковорода
г) А.Н.Радищев
д) М.В.Ломоносов

119. Ресейде XYIII-ші ғасырда жарық көрген «Орыс грамматикасы» атты оқу құралының авторы кім?


а) М.В. Ломоносов
б) Л.Н. Толстой
в) Н.А. Ильминский
г) Н.А. Добролюбов
д) В.Г. Белинский

120.1856 жылы жарық көрген «Өмір мәселелері» атты мақаланың авторы кім?


а) Н.И.Пирогов
б) Г.А.Герцен
в) В.Г.Белинский
г) Н.А.Добролюбов
д) М.В.Ломоносов

121.Н.Г. Чернышевскийдің педагогикалық көзқарасының негізі:


а) халық ағарту жүйесі үшін күрес
б) балаларға қолданылатын зорлау және жазалауға қарсылық
в) жалпы азаматтық тәрбие беру талабы
г) табиғатқа сәйкестілік тәрбиесінің қажеттілігі
д) дұрыс жауабы жоқ

122.«Тәрбиедегі беделдің маңызы туралы» атты еңбектің авторы кім?


а) Н.А. Добролюбов
б) К.Д. Ушинский
в) В.Г. Белинский
г) Н.Г. Чернышевский
д) Л.Н. Толстой

123.Қазақстанның педогогикалық ой-пікірі дамуының 1 -кезеңіңдегі ойшыл-ғалымдар:


а) барлық жауаптар дұрыс
б) А. Иүгнеки
в) М. Қашғари
г) Әл-Фараби
д) Ж. Баласағұн

124. Қазiргi кезде халық педагогикасын қайта жаңғыртып үйренудiң идеясын түсiндiрудiң, тәжiрибесiн тарату керектiгiнiң себебiн түсiндiр:


а) Барлық жауабы дұрыс
б) Халықтың өзiндiк санасының өсуi үшi
в) Ұлттық мәдениеттiң өркендеуi үшiн
г) Ұлттық мектептiң жаңа моделiн жасаудың қажеттiлiгi үшiн
д) Этномәдениеттiк қажеттiлiктiң өсуi және ол туралы бiлiм алуға жағдай жасаудың қажеттiлiгi

125. Халықтық тәрбиенiң мақсаты:


а) «Сегіз қырлы, бір сырлы», жетілген, толық адамды тәрбиелеу
б) Жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру
в) Еңбекқорлыққа, бауырмалдыққа,азаматтыққа тәрбиелеу
г) Жоғары мәдениеттi жеке тұлғаны қалыптастыру
д) Көпмәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу

126. Этнопедагогиканың қызметi:


а) Халықтың педагогикалық құнды мұраларын насихаттау
б) Халықтың салт – дәстүрлерiн, әдет – ғұрыптарын үйрену
в) Фольклордағы тәрбие идеяларын зерттеу
г) Тәрбие әдiстерiн зерттеу
д) Тәрбиенiң халықтық құралдарын зерттеу

127. «Халық педагогикасының ауыз әдебиетiндегi көрiнiсi» атты оқу құралының авторы кiм?


а) Қалиев С.
б) Жарықбаев Қ.
в) Адамбаев Б.
г) Ұзақбаева С.
д) Бержанов Қ.

128. «Этнопедагогика» терминiн педагогикалық еңбектерде алғаш рет қолданған кiм?


а) Волков Н.
б) Виноградов Ю.
в) Гашимов И.
г) Измайлов Э.
д) Жарықбаев Қ.

129. Халық педагогикасының құралдары:


а) барлық жауаптары дұрыс
б) ұлттық ойындар
в) салт-дәстүрлер
г) алық музыка шығармашылығы
д) халық ауыз шығармашылығы

130.Халық педагогикасындағы тәрбие әдiстерi:


а) үйрету, өсиет сөздер, өтiнiш айту, бата беру
б) өсиет сөздер, жеке бастың үлгiсi, кiтаппен жұмыс жасау
в) әңгiме, лекция, пiкiр-талас, үлгi-өнеге
г) демонстрациялау, жарыс, мадақтау
д) үйрету, жаттығу, суретпен бейнелеу, мадақтау

131. Жалпы бiлiм беретiн мектептердегi оқу-тәрбие процестерiнiң, сыныптан тыс жұмыстарының өзiндік ұлттық ерекшелiктерiн айқындайтын, қазақ халық педагогикасының тәлiм-тәрбие принциптерiне негiзделген бағдарлама:


а) «Атамекен» бағдарламасы
б) «Елiм - ай» бағдарламасы
в) «Әдеп» атты арнайы курс
г) «Халық салт-дәстүрлерi» атты арнайы курс
д) Этномәдени бiлiм беру тұжырымдамасы

132. Жұмбақтар баланың ойын дамытуға, әртүрлi заттар мен құбылыстардың түйiнiн шеше бiлуге үйрету үшiн керек, сондықтан оның негiзi мақсаты:


а) Ақыл – ой тәрбиесi
б) Дене тәрбиесi
в) Эстетикалық тәрбие
г) Адамгершiлiк тәрбиесi
д) Еңбек тәрбиесi

133. Әр халықтың өзіне тән мінез-құлық ерекшеліктері қалай аталады?


а) Этникалық мiнез
б) Бiрдей мiнез
в) Қонақжайлылық және еңбексүйгiштiк
г) Жалпы мiнез
д) Айқын мiнез

134. Халық ауыз әдебиетiнiң қай шығармаларын балалар фольклорына жатқызуға болады?


а) ертегi, мақал-мәтел, жаңылтпаш, санамақ
б) ертегi, аңыз-әңгiме, айтыс
в) жұмбақ, өтiрiк өлең, эпос
г) санамақ, бата беру, мақал-мәтел
д) жаңылтпаш, ертегi, жоқтау

135. Балалар тәрбиесiне байланысты салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар мен рәсiмдер:


а) Ит көйлек кигiзу, тұсау кесу, атқа мiнгiзу
б) Бесiкке салу, тасаттық, тоғыз құмалақ
в) Шiлдехана, сыңсу, қырқынан шығару
г) Құрсақ той, шiлдекүзет, бата беру
д) Беташар, ат қою, санамақ

136.Ұлттық ойындар iшiнде оймен келетiн ойындар:


а) Бес тас, тоғыз құмалақ, санамақ, ауызша есеп
б) Жұмбақ, аударыспақ, санамақ
в) Үш аманат, алтыбақан, ауызша есеп
г) Тоғыз құмалақ, үш әдiл, жұмбақ, бәйге
д) Жұмбақ, көкпар, бес тас, қыз қуу

137.Қазақ халық педагогикасының негiзгi ұғымдарын атаңыз:


а) Халықтық бiлiм, халықтық тәрбие
б) Бiлiм, қабілет, дағдылар
в) Тәрбие, бiлiм беру, оқыту
г) Тәрбиелеу, дамыту, жетілдіру
д) Этнопедагогика, этнопсихология

138. Ы.Алтынсарин өз мектебiнде оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастыруда қандай идеяларға сүйендi?


а) Дүниежүзiлiк педагогика классиктерiнiң гуманистiк идеяларына
б) Жан-жақты және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру идеясына
в) Бiрыңғай мектеп идеясына
г) Қоғамдық еңбектi оқытумен байланыстыру идеясына
д) Тәрбиенiң табиғатпен сәйкестiлiк идеясына

139. «Қазақ этнопедагогикасының тарихы» атты оқу құралының авторы кiм?


а) С.Қалиев
б) Қ.Жарықбаев
в) Т.Тәжiбаев
г) А.Сембаев
д) С.Мұқанов


140. «Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiр антологиясы» (1-2 кiтаптар) атты оқу құралдарын кiмдер кұрастырған?
а) Қ. Жарықбаев, С. Қалиев
б) М. Ғабдуллин, С. Қалиев
в) Г. Тәжiбаев, Қ. Бержанов
г) А. Сембаев, С. Сейфуллин
д) С. Мұқанов, М. Әуезов

141. Білім беру мазмұнына қандай факторлар әсер етеді?


А) Ғылым мен техниканың дамуы
В) Ғалымдардың методикалық көзқарасы
С) Озат педагогикалық тәжірибе
Д) Саясат
Е) Экономика

142. Балалардың оқу іс-әрекетіне қызығушылықтарын арттыру, ынталандыру әдістері


А) танымдық ойындар, пікір таластар
В) кітаппен жұмыс жасау, жекелеп сұрау
С) жазбаша жұмыстар, лекциялар
Д) лабораториялық жұмыстар, жаттығулар
Е) бақылау жұмыстар

143. Практикалық оқыту әдістері


А) жаттығулар, тәжірибелік жұмыстар
В) тест, емтихан, лекция
С) сынақ, емтихан, лабораториялық жұмыс
Д) иллюстрация, демонстрация, әңгіме
Е) лекция, конференция

144. Білім беру жүйесін басқаруда басшылыққа алынатын негізгі мемлекеттік құжат


А) Қ Р білім беру туралы заңы
В) Қ Р тіл туралы заңы
С) Қ Р гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы
Д) Қ Р біліс беру саласындағы мемлекеттік саясат
Е) Қ Р этномәдениеттілік білім беру тұжырымдамасы

145. Педагогика курсының оқыту процесінің заңдылықтарына арналған бөлімі:


А) дидактика
В) мектептану
С) педагогика тарихы
Д) тәрбие теориясы
Е) этнопедагогика

146. Мектепте оқыту процесін ұйымдастырудың негізгі түрі


А) класс-сабақ жүйесі
В) семинар сабағы
С) практикалық сабақ
Д) конференция сабақ
Е) лекция сабағы

147. Дидактиканың негізгі ұғымдары


А) оқыту процесі, оқыту әдістері
В) тәрбие
С) өзін-өзі тәрбиелеу
Д) дамыту
Е) қалыптастыру

148. Педагогиканың - объектісі


А) педагогикалық процесс
В) адамтанудың пәнаралық байланысы
С) педагогикалық зерттеулердің әдістері
Д) тұлғаның психологиялық ерекшелікері
Е) теорияның құрылуы, принциптері жөніндегі ілімдері

149. Оқытудың тиімді жүйесін құрастырумен айналысатын, оқу прпоцесінің жобасын жасайтын педагогика ғылымының бағыты:


А) дидактика
В) тәрбие теориясы
С) педагогикалық технология
Д) әдістеме
Е) басқару теориясы

150. Жас ерекшелік педагогикасына қатыстылар:


А) сәбилер педагогикасы, мектеп педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, ересектер педагогикасы
В) сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика
С) педагогиканың тарихы
Д) салыстырмалы педагогика
Е) этнопедагогика

151. А.С.Макаренко педагогикалық жүйесіндегі негізгі проблема


А) ұжым
В) дидактика проблемасы
С) шығармашылық
Д) таным проблемасы
Е) адамдарға қарым-қатынас

152. Экологиялық тәрбиесінің міндеттері


А) табиғатқа ұқыпты қарым-қатынас қалыптастыру және табиғатты қорғау іс-әрекетін ұйымдастыру
В) спорт және дене шынықтырудың мәні мен қоғамдық маңызы оқушылардың білім жүйесін байытады
С) мектеп оқушыларын көркем өнер шығармашылығына араластыру
Д) оқушыларда мәдени мінез-құлықты және тәртіптілікті қалыптастыру
Е) оқушылардың ақыл-ой қабілетін дамыту

153. Эстетикалық тәрбиенің құралдары


А) табиғат, әдебиет, өнер
В) жаттығу
С) әңгіме, өнеге, әңгімелеу
Д) мадақтау

154. Оқытушының ауызша баяндау әдісі дегеніміз не


А) лекция, әңгімелесу, әңгіме, түсіндіру
В) кітаппен жұмыс
С) лабораториялық жұмыс
Д) бақылау жұмысы

155. “Дидактикалық очерктер” еңбегінің авторы


А) Л.Г.Лемберг
В) Н.Көшекбаев
С) Н.Д.Хмель
Д) Н.Құлжанова
Е) Қ.Бержанов

156. Оқыту әдістеріне жатады:


А) ауызша баяндау, көрнекілік, практикалық әдістер
В) материалды өңдеудің математикалық әдістері
С) факультативтік сабақтар
Д) интервью және анкеталық сауал
Е) сабақтан тыс үйірмелередің жұмысын ұйымдастыру

157. Дидактикалық бірлікті кеңейтетін (ДБК) педагогикалық технологияның авторы


А) П.М.Эрдниев
В)С.Н.Лысенкова
С) В.Ф. Шаталов
Д) Л.В.Тарасов
Е) В.К. Дьяченко

158. Педагогика ғылымының салалары атаңыз:


А) жалпы педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, әлеуметтік педагогика, педагогика тарихы
В) дидактика, психология, тарих, география, салыстырмалы педагогика
С) этика, эстетика, педагогика тарихы, мектепке дейінгі педагогика, антология
Д) әлеуметтік педагогика, философия, геометрия, жоғары оқу орны педагогикасы, филология

159. Педагогика ғылымы қандай ғылым саласында дамыды:


А) философия
В) психология
С) антропология
Д) этика
Е) эстетика

160. Зерттеудің ауызша сұрақ әдісі


А) интервью
В) анкета
С) бақылау
Д) пікірталас
Е) ситуацияны талдау

161. Адамның қалыстасуына мынадай факторлар әсер етеді


А) орта, тұқым қуалаушылық, тәрбие
В) табиғат
С) басқару саясаты
Д) қоғам талаптары

162. Педагогиканың негізгі категориялары:



  1. Оқыту

  2. Жетілдіру

  3. Оңтайландыру

  4. Дамыту

  5. Қалыптастыру

163. Отбасының басты функциясына не жатады:


А) тәрбиелеу
В) оқыту
С) баланың дене бітімін дамыту
Д) интелектуалдық қабілеттерін дамыту
Е) әлеуметтендіру

164. Тәрбие әдістеріне нелер жатқызуға болады:


А) сенім тудыру, жаттығу, ынталандыру, өзін-өзі тәрбиелеу
В) әлеуметтік орта
С) жеке тұлғаның дара психологиялық дамуы
Д) баланың айналасындағы микроорта
Е) өзін-өіз тәрбиелеу

165. Оқытудағы саналылық пен белсенділік


А) дидактикалық принциптер
В) оқыту әдісі
С) зерттеу әдісі
Д) тәрбие әдісі
Е) оқыудың заңдылығы

166. Оқыту әдістері дегеніміз:


А) оқытудың міндеті мен мақсатына жетудің жолы
В) оқушы мен оқытушының біріккен іс-әрекеті
С) оқытуды ұйымдастыру формасы
Д) оқушы іс-әрекетін басқару
Е) сабаққа қойылатын мақсат

167. “Ұлы дидактиканы” жазған -


А) Я.А.Коменский
В) Ж.Ж.Руссо
С) И.Герберт
Д) А.Дистервег
Е) Джон Локк

168. Дидактиканың “Алтын ережесін” құрған:


А) Я.А.Коменский
В) И.Г.Пистолоцци
С) И.Ф.Гербарт
Д) А.Дистервег
Е) Ж.Ж.Руссо

169. Оқу пәндерінің құрамы әр жыл сайын мына құжатпен реттеледі


А) оқу жоспарымен
В) мектептің жылдық жоспарымен
С) мектеп жарғысымен
Д) оқу бағдарламаларымен
Е) күнтізбелік жоспармен

170. Педагогика ғылымының негізін қалаушысы:


А) Я.А.Каменский
В) Ж.Ж.Руссо
С) Ы.Алтынсарин
Д) Д.Ушинский
Е) А.Макаренко

171. Тұлғаны дамыту факторлары:


А) тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие
В) оқуға қызығушылық, жетістік дәрежесі
С) әрекет
Д) тұлғаның ұжымдағы мәртебелік дәрежесі
Е) табиғи жағдайлар

172. Дене тәрбиесінің міндеттері


А) денесін дұрыс дамытуға ықпал жасау және денсаулықты шынықтыру, қозғалыс сапасын арттыру
В) білім, дағды және іскерлік жүйесін қалыптастыру
С) ақыл-ой дағдысын, іскерлігін қалыптастыру
Д) тұрақты оқуға қызығушылығын тәрбиелеу

173. Оқу материалдарын баяндаудың мына әдісі диолог ретінде қолданылады:


А) әңгімелесу
В) лекция
С) әңгіме
Д) түсіндіру

174. Ғылымның жетістігін қамтитын оқыту принципі


А) ғылымилылығы
В) оқытудың жүйелілігі
С) жеткіліктігі
Д) сабақтастығы
Е) саналылығы

175. “Жеңілден қиынға”, “Белгіліден белгісізге”, “Қарапайымнан күрделіге” деген оқыту принципі:


А) жүйелілік және бірізділік
В) ғылымилық
С) көрнекілік
Д) теория мен тәжірибенің байланысы
Е) оқушылардың дербес ерекшеліктерін есепке алу

176. Оқу пәндерінің құрамы жыл сайын мына құжатпен реттеледі:


А) оқу жоспарымен
В) мектептің жылдық жоспарымен
С) мектеп жарғысымен
Д) оқу бағдарламаларымен
Е) күнтізбелік жоспармен

177. Зерттеудің ауызша сұрақ әдісі


А) интервью
В) анкета
С) бақылау
Д) пікірталас
Е) ситуацияны талдау

178. Тәрбие принциптеріне жатпайтын түсінік:


А) оқытудың проблемалылығы
В) ұжымдағы тәрбие
С) жағымды іске сүйену
Д) тұлғалық тұрғыдан қарау
Е) тәрбиеленушілердің саналылығы

179. Педагогикалық процестің негізгі компоненттеріне жатпайды:


А) мұғалімдерді даярлау
В) білім беру мазмұны
С) білім беру мақсаты
Д) тәрбиенің міндеттері
Е) оқыту түрлері

180. Қазақ тіліндегі алғашқы “Педагогика” оқулығының авторы


А) М.Жұмабаев
В) Ы.Алтынсарин
С) Ш.Уәлиханов
Д) М.Дулатов

181. Педагогиканың негізгі салаларын атаңыз


А) жалпы педагогика, жоғары мектеп педагогикасы, педагогика тарихы
В) тарих, әлеуметттану, мәдениеттану, әлеуметтік педагогика, жоғары оқу орны педагогикасы, этнопедагогика
С) философия, физиология
Д) этнография, этнопсихология, этнопедагогика
Е) кибернетика, салыстырамалы педагогика

182. Дефектология – арнаулы педагогиканың саласы ретінде


А) дене және психикалық ауытқушылығы бар балаларды зерттейді
В) тілі кеміс, сақау балаларды зерттейді
С) ақыл-есі кемтар балаларды зерттейді
Д) соқыр, нашар көретін балаларды зерттейді

183. Педагогика ғылымының міндеттері


А) оқыту мен тәрбиелеу заңдылықтарын анықтау
В) балалар ұжымын қалыптастыру
С) адам табиғатын зерттеу
Д) тұлғаның рухани дамуын зерттеу
Е) оқушылардың қабілеттерін айқындау

184. Педагогикалық процесс қай жүйеге жатады:


А) адам-адам
В) адам-табиғат
С) адам-техника
Д) адам-белгі
Е) адам-көркем бейне (образ)

185. Ұжым туралы ұғымды қалыптастырған ғалымды атаңыз


А) А.Макаренко
В) А.Дистервег
С) К.Ушинский
Д) А.Искаков

186. Эстетикалық тәрбиенің мақсаты неде:


А) эстетикалық мәдениетті қалыптастыру
В) рационалды ойлайтын адамды тәрбиелеу
С) еркін тұлға қалыптастыру
Д) өзін-өзі рухани жетілдіру
Е) рухани қажеттіліктерді қалыптастыру

187. Сыныптағы негізгі тәрбиелік қызмет жүктеледі:


А) сынып жетекшісіне
В) мектеп директорына
С) пән мұғаліміне
Д) сынып старостасына
Е) мектеп оқу-тәрбие меңгерушілеріне

188. Ынталандыру әдістеріне не жатады:


А) мадақтау
В) педагогикалық талап
С) қоғамдық пікір
Д) әңгімелесу

189. Дидактиканың негізгі ұғымы:


А) оқыту
В) зерттеу
С) танып білу
Д) тәрбиелеу

190. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формалары:


А) сабақ
В) үй тапсырмасы
С) факультатив
Д) экскурсия

191. Практикада біліктілік пен дағдыны қалыптастырудағы оқу жұмысының әдістері:


А) жаттығу, лабораториялық сабақ
В) мектеп лекциясы
С) ауызша сұрау
Д) оқулықпен жұмыс

192. Педагогика ғылымының негізгі категориялары


А) білім беру, оқыту, тәрбиелеу
В) орта, тұқым қуалаушылық, тәрбие
С) білім, білік, дағды;
Д) оқыту, оқу, қалыптастыру
Е) тәрбиелеу, қалыптастыру, дамыту

193. Адамның қалыптасуына мынадай факторлар әсер етеді


А) орта, тұқым қуалаушылық, тәрбие
В) табиғат
С) басқару саясаты
Д) қоғам талаптары

194. Жеке тұлғаны қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі:


А) тәрбие
В) орта
С) өзін-өзі тәрбиелеу
Д) тұқым қуалаушылық
Е) әлеуметтік

195. Педагогика ғылымының объектісі –


А) педагогикалық процесс
В) білім
С) оқушы
Д) мұғалім
Е) ұжым

196. Тұтас педагогикалық процесстің қозғаушы механизміне не жатады:


А) қарама-қайшылық
В) мақсаты мен міндеттері, мазмұны
С) құралдары, формалары, әдістері мен тәсілдері
Д) оқытудың техникалық құралдары
Е) педагогикалық технология

197. Ынталандыру әдістеріне жататындар:


А) мадақтау және жазалау
В) жазба жұмыстарды жоспарлау
С) лабораториялық-тексеру жұмыстары
Д) әңгіме-лекция

198. Педагогикалық ғылымдарға кіретін


А) жалпы педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, әлеуметтік педагогика, арнайы педагогика, жеке пәндерді оқыту әдістемесі, педагогика тарихы
В) дидактика, психология, филосифия, мектеп тану, мектеп гигиенасы, тәрбие теориясы, салыстырмалы педагогика
С) жас ерекшелік физиологиясы, мектепке дейінгі педагогика, мектептану, педагогика тарихы
Д) жалпы педагогика, этика, эстетика
Е) валеология, әлеуметтік педагогика, дидактика, тәрбие теориясы, мектепке дейінгі педагогика

199. Педагогиканың ғылымы ретінде дамуын анықтайтын


А) қоғамдық өмірге тәрбиенің ролінің жоғарылауы
В) ата-аналардың балаларының бақыты үшін қамқорлығы
С) тұқымды сақтаудың биологиялық заңы
Д) адамның өмірге, еңбекке даярлығы

200. Педагогика тығыз мынадай ғылыммен байланысты –


А) психологиямен
В) археологиямен
С) өлкетанумен
Д) статистикамен
Е) географиямен




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет