Прокопий - эллиндалған сириялық. Палестинадағы Кесарий қаласында ҮІ ғасырдың басында дүниеге келген. Осы жерде классикалық білім алды. Кемелге толған жасында жоғарғы мемлекеттік қызметтерде болған. Рим империясының ірі қолбасшыларының бірі Флавий Велизариидің хатшысы әрі кеңесшісі ретінде 527–542 жылдар аралығында сол заманда болған әскери қимылдардың бәріне қатынасқан.
Хатшы қызыметі оны барлық болып жатқан оқиғалардан хабардар болуына мүмкіншілік берді. Велизаридің жазған хаттары, сөйлеген сөздерінің мәтінінің барлығы Прокопийдің қолында болды. Сондықтан деректердің шынайылығына шүбә келтіру қиын.
Прокопий өте талантты адам болған, соның арқасында ол «Соғыстар», «Құрылыстар туралы», «Құпия тарих» сияқты шығармлар қалдырды. Оның ең көлемді еңбегі «Соғыстар», «Парсылармен соғыс», «Вандалдармен соғыс», «Готтармен соғыс» деген бөлімдерден тұрады. Бұл кітаптарда тек соғыс қимылдары ғана баяндалып қоймайды. Сонымен қатар Прокопий болған елдердің географиясы, этнографиясы, саяси, әскери қайраткерлердің портреті, күнделікті күйкі тіршіліктің көріністері кездеседі.
Бекіту сұрақтары. 1. Ертедегі Грекияда тарихи ой–пікірдің қалыптасуының алғы шарттары? 2. Логогра́фтар және олардың қоғамдағы орны? 3.Тарихи сананың қалптасуына үлес қосқан грек тарихшылары? 4. Анналдар дегеніміз кімдер? 5. Ірі Рим тарихшыларының еңбектеріне баға бер?
Тарихнамалық деректер: История Казахстана в произведениях античных авторов. В двух томах. Состовление и редакция А.Н Гарковца. –Астана: Фолиант, 2005.
Әдебиет: Историография античной истории / Под ред. В. И. Кузищина. – М.: Высшая школа, 1980
Историография истории Древнего Востока: Иран, Средняя Азия, Индия,Китай / Под ред. В. И. Кузищина. – СПб.: Алетейя, 2002. – 304 с.
История греческой литературы: В 3 т. Т.2. М., 1955. С. 19–22.
ЛисовыйИ.А., Ревяко. К.А.Античный мир в терминах, именах и названиях: Словарь–справочник по истории и культуре древней Греции и Рима / Науч. ред. А.И. Немировский. – 3–е изд. – Мн: Беларусь, 2001)