Рим тарихнамасы. Рим тарихнамасының қалыптасуына ежелгі грек мәдениеті ықпал етті. Римдегі тарихи шығармалардың ең көне жанры анналдар (лат. annus – жыл) болды. Анналдар дегеніміз – Римде абыз–понтификтердің ежелгі уақыттан бері құрастырып келген оқиғалар тізбегі. Шамамен б.з.д. 123 жылы. Көп жылдар бойы жинақталған материалдар «Ұлы анналдарға» (80 кітап) кіргізілді. Ерте тарихи римдік еңбектер – «аға анналистердің» шығармалары б.з.д. ІІІ–ІІ ғасырларда грек тілінде жазылды.
Гай Саллю́стий Крисп 86 б.э.д., Амитерн – 35 б.э.д. Көне рим тарихшысы, саяси қайраткер, антика тарихнамасының реформаторы. Ол орталық Италиядағы Амитерн қаласында дүниеге келген. Кейбір деректерде Рим қаласында туды деп көрсетіледі. Ата–анасы, шыққан тегі жөнінде толық мәлімет жоқ. Ол сол кездегі барлық балалар сияқты латын және грек тілінде білім алған.
Жас кезінде саясатпен айналысқан. Цезарь оны әскери қызметке шақырды деген де мәліметтер бар. Бірақ оның аты тарихта ғылыми шығармаларымен қалды.
«Катилины бүлігі» және «Югуртин соғысы» еңбектері оны сол замандағы тарихшылардың ең бір дарындыларының қатарына қосты. Ол тарихи шығарма жазу барысында саяси және әскери қайраткерлердің сөздерін тікелей келтіру әдісін қолданды.
Екіншіден ол Рим тарихына сыни көзқарас қалыптастыру қажеттілігін баса көрсетті. Оның негізгі кітабы «Тарих» деп аталушы еді. Бірақ ол бізге дейін толық жетпеді. Рим үстемдігінің әлсіреу себебін ол ел басындағылардың моральдық деңгейінің, адамгершіліктің, тазалықтың, төмендеуімен түсіндіреді.
Тит Ливий – (б.э.д.59–б.э. 17.) – Римнің белгілі тарихшыларының бірі. Өмірбаяны туралы деректер мардымсыз. Жасында Римнен кейінгі үлкен қала Патавиде (қазіргі Падуя) білім алған. Ливий алғаш рет Римнің толық тарихын жазуға тырысты. Оның негізгі еңбегі 142 кітаптан тұратын Рим империясының тарихына арналған. Өкініштісі оның тек 35 томы ғана бізге дейін жетіп отыр. Кітаптың атын автор «Жылнама» деп атаған. Кейін тарихшы Плиний Старший өзгертіліп, оны «Римнің пайда болғаннан бастау алатын тарихы» – деп атайды. Кітап 10 томнан (декада) топталған, әр декаданың басында арнаулы кіріспе берілген. Ливийдің мұрасын зерттеушілер кітаптің бірінші томы б.э.д. 27 жылы жазылғандығын анықтаған. Автор жалпы бұл еңбекке өзінің 40 жыл уақытын жұмсаған.
Ол өзіне дейінгі авторлардың еңбектерін кеңінен пайдаланған. Ал енді мұрағат құжаттарын сирек пайдаланады. Ол болған оқиғалардың шындығын, ондағы себеп–салдарлық байланыстарды іздеп әуре болмайды. Кез келген оқиғаны баяндағанда ол осы шындыққа жақын–ау деген фактыны пайдаланған өзінің сөзі бойынша «Раз дело касается столь древних событий, я буду считать достаточным признавать за истину то, что похоже на истину».