1-5% йод – спирттік тұндырма. Хирургтың қолын, операциялық алаңды өңдеуде, таңу кезінде қолданылады. Айқын құрғатып, бітеу әсерін көрсетеді.
1% йодинол ерітіндісі – «көк» йод. Сыртқы қолдануға арналған.
Йодонат пен йодопирин – йодтың органикалық қосылысының 1% ерітіндісі. Сырттай жағу, негізінен операциялық алаңды өңдеу үшін қолданылады.
0,1-1% йодонат-йодин – сыртқы қолдануға арналған, бос йодтың органикалық қосылыстары. Операциялық алаңды және жараларды өңдеу үшін пайдаланылады.
Люголь ерітіндісі – құрамында йод пен калий йодиді (сулы және спирттік ерітінділері) бар. Препарат біріктірілген түрде әсер етеді. Кетгутты залалсыздандыру үшін және химиотерапевттік зат ретінде, қалқанша безі ауруларын емдеуде қолданылады.
Хлорамин Б – 1-3% ерітінділер. Тұрмыстық заттарды, резеңке құрал-саймандарды, бөлмелерді өңдеуде қолданылады.
Ауыр металл тұздары
Сулема – 1:1000 ара-қатынасындай концентрацияда қолғаптарды, аспаптарды, жібек жібін залалсыздандыру барысында кезеңдердің бірі ретінде қолданылады. Қазіргі кезде өзінің улылығына байланысты пайдаланылмайды.
Сынап оксицианиді – дезинфекциялық зат. 1:10000, 1:5000 ара-қатынасындай концентрацияда оптикалық құрал-саймандарды залалсыздандыру үшін қолданылады.
Күміс нитраты – сыртқы қолдануға арналған антисептикалық зат. 0,1-2% ерітіндісі көздің конъюктивасын, шырышты қабаттарды жуу үшін қолданылады. 5-20% ерітінділері күйдіргіш әсер көрсетеді.
Протаргол, колларгол – сыртқы қолдануға арналған, тұтқыр және қармаушы әсері бар антисептикалық зат.
Мырыш оксиді – сыртқы қолдануға арналған антисептикалық зат. Көптеген себу ұнтақтарының құрамына кіреді.
Спирттер
Этил спирті – дезинфекциялық (тігіс жіптерін залалсыздандыру, құрал-саймандарды өңдеу үшін) және сыртқы қолдануға арналған антисептикалық зат ретінде хирургтың қолын, операциялық алаңды, жараларды өңдеуде, компресс салғанда қолданылады. 700 спирт – антисептикалық, ал 960 –антисептикалық және теріні құрғатып бітеу әсерлерін көрсетеді.