сыртқы қолдануға арналған антисептикалық зат. 3% ерітіндісі іріңді жараларды жуып-шаюда, қансырауды тоқтатуда қолданылады; оның жағымсыз иісті кетіретін (дезодорациялық) және көбік түзетін айқын әсері бар. 6% ерітіндісі асептикада анаэробты микробтармен инфекциямен инфицирленген құрал-саймандарды өңдеуде пайдаланылады.
Калий перманганаты – сыртқы қолдануға арналған антисептикалық зат. 2-5% ерітінділері іріңді жараларды, күйіктерді емдеуде пайдаланылады. Дезодорациялық әсер көрсетеді, антианаэробты белсенділігі бар.
Детергенттер
Хлоргексидин биглюконаты – сыртқы қолдануға арналған антисептикалық зат. 0,5% спирттік ерітіндісі хирургтың қолын, операциялық алаңды өңдеуде қолданылады.
Церигель – сыртқы қолдануға арналған антисептикалық зат. Қаптаушы (пленка түзуші) әсері бар.
Дегмин, дегмицид – сыртқы қолдануға арналған антисептикалық зат. Хирургтың қолын, операциялық алаңды өңдеуде пайдаланылады.