С.Ғ.Қанапина«Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық бейнелілігі» (Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов шығармалары негізінде)::Тіл көркемдігін арттыруда антонимдердің қызметі зор. Сондықтан да болар антонимдер халық ауыз әдебиетінен бастап бүгінгі кез келген ақын, жазушы шығармаларында кең қолданыста. Антонимдерді әсіресе нақыл сөздерден, мақал-мәтелдерден жиі кездестіруге болады».
Антонимдер дүниедегі, әлемдегі құбылыста, сондай-ақ адам бойындағы өмір мен өлім, жақсы мен жаман, күн мен түн, жұмсақ пен қатты, тірі мен өлі, қайғы мен шат, әділет пен қиянат түрінде кереғар ұғымдардың жиынтығы. Мысалы:Батырлық-ерлік,қорқақтық туралы мақал-мәтелдердегі антонимдер: «Батырдыңбір ісі тепетек,қорқақтың екі ісі тентек». Антонимдер әр түрлі жұрнақ,жалғаулар қабылдап,солар арқылы жаңа сөз өрбітіп,өріс аумағын кеңейтіп,мағыналық қырларын молайта отырып та тіл шұрайлығына қызмет етеді.
Әсіресе сын есімді антонимдер мақал-мәтелдерде жиі кездеседі.Сын есімді антонимдердің қолданылуының табысы мынада:
А) заттың сапасын,қасиетін анықтауда;
Ә) адамның мінез-құлқының,көңіл-күйінің қасиетін танып білуге жәрдемдесуде;
Б) заттың сыр-сипаты мен белгілерін анықтауда;
В) зат пен құбылыстың түр-түсінің реңін танытуда;
Г) заттың,құбылыстың дәмін,сипатын,құрамын танытуда осы антоним сөздер жиі пайдаланып,тіл көркемдігін,ой көркемдігіне жетелеп,айтылған ойдың эстетикалық сипатын,сымбатын танытуға жәрдемдеседі.
Мақал-мәтелдердегі етістіктен келетін антонимдер де қарама-қайшылық құбылысты жеткізуде қимыл-әрекет процесін көрсетуге бейім екендігі байқалады.Мысалы, «Елді іс біріктіреді,сөз бұзады», «Елдестірмек елшіден,жауластырмақ жаушыдан».Етістіктен болған антоним сөздердің қимыл-әрекет динамикалығын әсерлі жеткізу мүмкіндіктері молдығын,әрі сөз жасау қабілеті бар тұлғалар екендігін анықтауға болады.
Қарама-қайшылық ұғымы болмаса өмірді сезіну де, түйсіну де, қабылдау да соншалықты түсінікті болмас еді.
Біріншіден, зат есім антонимдер сөйлемде қайталанып келіп, адамның жан-дүниесін өмірдегі күйзелісін, сезіміндегі толғанысын береді.
Екіншіден, қарама-қарсы ұғымдағы сын есім антонимдер де жарыстыра қолданылып, адам өміріндегі құбылыстарды салыстыра, шендестіре отырып, оқырманына ой салады.
Үшіншіден, мақал-мәтелдегі антонимдердің стильдік бояуы анық, экспрессивті-эмоционалдық әсері күшті, ой мазмұнын тереңдетіп, өмір құбылыстарынан, ой оралымдарынан хабар беретін мағыналы сөздер. [С.Ғ.Қанапина. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық бейнелілігі. 7-14 бет]