Кейіпкер Оқырман 3-сурет Көркем мәтін арқылы жүзеге асырылатын коммуникативтік- прагматикалық байланыс
Кейіпкерді сөйлететін, оқырманды мәтін тануға шақыратын, доминант болып табылатын авторды жан-жақты зерттеу арқылы біз кейіпкер тілін, оқырман қабылдауын тануға мүмкіндік аламыз.
Автор көркем мәтін түзуде ең алдымен өзінің ұлттық мәдениетінен хабар береді. Арабтың «маданият» деген сөзінен бастау алған бұл атау бүгінде
«адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан мәдениет саласының өрісі кең [94]». Демек, қазақ халқының атадан балаға мұра болып қалған салт-дәстүрлері, наным-сенімдері, ырымдары мен тыйым сөздері еліміздің мәдениетін көрсетіп, атақты философ И.Г. Гердердің «Салт-дәстүр–тілменмәдениетбастауларыныңанасы»деген сөздерін нақтылай түседі. Адам көркем шығарманы оқығанда сол ел туралы, елдің салт-дәстүрі туралы, халықтың наным-сенімдері мен өзіне ғана тілдік бірліктері туралы ақпарат алуы керек. Ол ақпаратты кейіпкерлер тілінен, әңгімешінің баяндауынан алады. Сол үлгілердің бірі ретінде Д. Исабеков шығармаларының мәтіндері дәйек болады: