Антропоөзектік парадигма: көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті



бет47/78
Дата31.12.2021
өлшемі0,64 Mb.
#21277
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   78
Қыз ашуы оңай дейсің бе? Соның орнында мен болсам қайтер едім? Алғашында солғын болса, кеудесін ашу кернеген шығар. «Ашу алдында, ақыл соңында» деген бар емес пе?». Осы арадағы «Қыз ашуы оңай дейсің бе?» деген сөйлемнің астарында тағы бір мәселе жатыр. Оны түсіну оқырманның аялық білімінің деңгейіне байланысты. Яғни қызды алып қашқанда қыздың және оның әке-шесінің реніші, өкпесі болады. Соны автор үнемдеу тәсілі арқылы «қыз ашуы» деп сәтті қолданған. Х.М. Нұрмұқанов, Қ.Ж. Балапанова сынды ғалымдар бұндай астарлы ойдың тілдік көрінісін былайша түсіндіреді:

«айтылған сөзде» айтылмаған мән (смысл) болады. Айтылған сөздiң мағыналық өрiсiнен тысқары жатқан «кеңiстiктi» аялық бiлiм деп ұғамыз» [128]. Демек, автор өзінің аялық білімін қаншалықты ұтқыр қолданса, соншалықты өзінің тапқырлығын оқырманға көрсетеді. Дегенмен, автор оқырман қауымның да аялық білімін ескеруі қажет. Себебі көркем шығарманы дұрыс қабылдау үшін оқырманның білімі, талғамы, қалауы да маңызды.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет