Антропоөзектік парадигма: көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті



бет35/78
Дата31.12.2021
өлшемі0,64 Mb.
#21277
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   78
Қайнаға-ау, қайнаға, деп айғай салды әлгі әйел.

  • Уа, не мен мұндамын, деп Молдабай орнынан ұшып тұрып, солай қарай жүрді. Қасындағы Қарекеңді ұмытып кеткен секілді.

  • Қайнаға, сүйінші, сүйінші. Немерелі болдыңыз, ұл, ұл! деп оның алдынан ентіге шықты.

  • О жасаған, шүкір, шүкір мұныңа. Қатшайым, сүйіншіңе ана көгендегі бір тоқтыны ал, ол аз болса өзіңе тағы бір көйлек...

    Қарекең сол орнында қимылсыз қатты да қалды. «Қайнаға немерелі болдыңыз» дегенді естіген кезде, оның буын-буыны қалтырап, денесінен дәрмен кете бастады. «Немере дейді! Құдай-ау немере дейді. Келінжан босанған ба? О тоба, о жасаған» [93, 34 б.]. Бұл мәтін  тұнып тұрған халықтық таным, қазақи болмыс. Қазақ қиындыққа тап болса немесе қуанышқа бөленсе, Жаратушыға алғысын білдіретіні белгілі. Оған жоғарыдағы үзінділер дәлел. Себебі кейіпкер аузына жазушы шынайы өмірге қатысты тілдік бірліктерді салады.

    Д. Исабеков шығармаларында мол көрініс табатын тілдік бірліктердің бір тобы – салт-дәстүр мен ырым-жоралғыларға байланысты туған рухани-мәдени лексика. Қазақ тілінің рухани және материалдық лексикасын арнайы зерттеген А. Жылқыбаева, Ә. Аймауытова, К. Қайырбаева, К. Күркебаев сынды ғалымдар ұлттық дәстүрлердің астарында символдық сипат жатқанын айтады. Біз де аталмыш лексиканы семантикалық шеңбері кең, прагматикалық әлеуеті зор мәтін құраушы тілдік бірліктер ретінде қарастырып, оның жазушы әңгімелеріндегі қолданысына жіті назар аудардық. Сонымен рухани-мәдени лексиканың Д. Исабеков шығармаларындағы жұмсалу жиілігін мынадай диаграмма түрінде кескіндеуге болады.




    2-сурет – Салт-дәстүрге байланысты рухани-мәдени лексиканың

    қолданыстық жиілігі


    Д. Исабеков халықтың кәсібіне, дүниеге көзқарасына, танымына байланысты туған дәстүрлердің символдық сипатын өз шығармаларында шебер ашып көрсете білген. Қазақтың «сүйінші сұрау», «көрімдік беру» сынды дәстүрлері атадан балаға мирас болып келеді. Бұл сөздер әрбір қазақи тәрбие көрген қазақтың тілдік қорында бар. Көркем шығарма тілінде ғана емес, күнделікті тұрмыс-тіршілікте де салт-дәстүрімізге қатысты атаулар коммуникативтік жағдаятқа сай ауыспалы мағынада қолданылып жатады. Жазушы сондай үдерісті де оқиға желісінде кейіпкер сөзінде қолданған: «Осы кезде оның қалай ұрғанын білмеймін, өткір шапалақ жағымды ду еткізді. Мен бетімді ұстап отырып қалдым. Басқа біреу болғанда тиісті сыбағасын алатын еді, саған ғана жеңіл жаза қолданып отырмын, екінші есіңде болсын, деді ол темекісінің тұқылын қара қошқыл топыраққа көміп жатып» [93, 11 б.].

    Сыбаға – қазақтың дәстүрінде құрметті қонаққа немесе жақын-жуыққа арнап сақталған кәделі ет мүшелері, тағам. Жазушы сыбаға сөзін ауыспалы мағынада қолданып отырып, қазақтың салт-дәстүрден кенде емес екендігін танытқан. Жазушының қай туындысын алып қарасақ та, қарапайым қазақи өмірден алыс кетпеген. Қазақтықты сақтап тұратын осы салт-дәстүрлер екені тағы хақ. Қуанышты хабарды айтуда адресат адресанттан сүйінші, яғни сыйлық сұрайды. Ал «жаңа туған балаға, жас келінге, жаңа туған төлге және тағы басқа алғаш көрген сәтте «көрімдік сұрау» халықтың ежелгі дәстүрі. Мұның маңызы алып-беруде ғана емес, жақын-туыстың адамгершілігін, ниетін, ашыққолдығын да танытудың белгісі ретінде қаралады». Мысалы: «Көзі ілініп кеткен екен. Әлдекімнің терезені асығыс тақылдатқанынан оянды.

    • Бұ қайсың?

    • Әй, Қалампыр, сүйінші, сүйінші! деді сырттағы дауыс. Оның бағанағы Қатира екенін бірден таныды.

    • Сүйіншің қойныңда? Не болды?

    • Жайбасардың әйелі ұл туды!

    • Ой айналайын-ай-ә! Аман-есен босанған екен ғой. Ойбай-ау, кірсеңші үйге, нағып тұрсың, есік ілінбеген.

    • Жоқ, мен кетейін. Енесі сырқат қой, тез бармасам болмас. Кіндігін кесіп бола салып, сені қуантқалы осылай қарай жүгірдім. Ал, тез киініп келерсің. Сүйіншімді ұмытпа-ай кемпір. Кейін, ана Тұрлыбегің үйленгенде көрімдік етіп қайтарамын» [93, 37 б.]. Бұл мәтінде салт-дәстүрмен қатар қазақтың тілінде, әсіресе үлкен кісілерден еститін жылы да жұмсақ

    «айналайын» сөзі кездеседі. Үлкен әжелер мен аталардың тілінде жиі кездесетін бұл сөз кішінің еңсесін көтеріп, алға жетелейтін ерекше күшке ие. Қ. Сәрсембина осы «айналайын» сөзіне қатысты мифтік таным деңгейіндегі мәнін былай түйіндейді: «Айналайын» сөзінің тамыры көне түркі дәуірінен бастау алған. Кәрі кісілер дертке шалдыққан жастарды аман алып қалу үшін өздерін құрбандыққа атап, ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде «айналайын» деп дауыстаған екен. Сонымен қатар «сенің жолыңда менің жаным құрбан» немесе «саған келген пәле маған болсын» деген ұғымды да тарихта кездестіруге болады» [114, 32-39 бб.].

    Қазақ қоғамындағы сүйінші мен сыбағаға ұқсас рухани-мәдени құндылықтардың бірі – бәсіре беру салты да жазушы шығармаларынан тыс қалмайды. Бәсіре – шаңырақта ұл бала дүниеге келгенде сүндет тойының алдында ауыл адамдары мен жақын-жұрағаттарының құлын немесе тай атау рәсімі. Бәсіре негізінен жылқы малынан аталғанымен, кейбір ретте қозыны да атайтын болған. Бәсіре малдың басына түскен ауыртпалығы (ауруы, ақсауы, тау-тастан құлауы) арқылы баланың ілгеріде бақытты, бақытсыз боларын жорамалдаған, ырым еткен [117, 611 б.].

    «Кемпірлер» әңгімесінде Қалампыр кемпір Сырғакүлдің немересіне бәсіре ретінде қой атайды: «Келінің босанып, немерелі болғанда бұл жатысың қай жатыс, – деді құрдасын көңілдендірмек боп. – Мейлі, не болса да немереңді көрдің. Құтты болсын! Бәсіресіне көгендегі саулығымды атадым» [93, 37 б.].

    Д. Исабеков прозалық шығармаларында осындай ұлттық бояуы басым тілдік бірліктерді жиі пайдалану арқылы оқырманға халықтың рухани-мәдени өмірінен, дүниеге көзқарасынан, қанына сіңген жақсы-жаман қасиеттерінен хабар береді. Мысалы, қазақ халқы – қонақ десе ішкен асын жерге қоятын көпшіл халық. Қонақ күту дәстүрінің келген қонақты қадірлеп, сән- салтанатымен қарсы алу, төрге шығару, оған қой сойып, дастарханнан дәм татқызу, аттанарда ақ пейілін білдіріп, шапан жауып шығарып салу сияқты жазылмаған заңдары бар. Осы салт Д. Исабековтің шығармаларында айқын көрініс тауып отырады: «Жаңа жекжаттардың алғашқы жүз көрісуінің көңілсіз сәттері артта қалып, бес-он минут өткен соң, қонақтар төрге салынған құрақ көрпеге жайғасып отырды» («Кемпірлер»). «Бүгін Молдабай байғұсты ренжітіп алдым-ау, – деді. – Ертең басты соның алдына қояйық. Қанша дегенмен ескі таныс қой». «Ертең оның алдына асықты жілік қой. Қырсықтығы болмаса ақ көңілдігі бар өзінің» («Ақырамаштан наурызға дейін»). Автор бұл жолдар арқылы қазақтың табақ тарту дәстүрін еске түсіреді.



    Табақ тарту – қонаққа сыбағалы мүшелер салынған тиесілі табағын ұсыну [118, 312 б.]. Әдетте, бұл дәстүр бойынша басты жасы үлкен, сыйлы, мәртебесі жоғары адамның алдына қояды. Ал асықты жілік – жастар табағының ең кәделі жілігі.

    Қазақ халқы өз тарихында ислам дінінің қағидаларын ұлттық менталитетке сай берік ұстанғаны, діни ырым-жоралғыларды бұлжытпай орындағаны белгілі. Халықтың осындай діни наным-сенімдерінің бір көрінісі – дүниеден өткен кісіге құран оқытып, құрбандыққа мал шалу дәстүрі.



    «Тоқсанбай қарт пен кемпірі тұяқ біткеннен немерелеріне ала сиырды ғана қалдырып, өзгесінің бәрін сатып ас берді, құран оқытты, баласының басына Самарқаннан әкеп көк тас орнатты, әйтеуір, қолда барды түгел жұмсады» («Дермене»). «Әке-шешесінің өлі әруағына құран оқытсам дегені ойына сап ете түсті»; «Тым болмаса жұмасына бір рет май тұтатпай кетіппін-ау, өлі әруақтар дәм етіп жүр ғой жарықтық... Өзім барып сұрамаушы ем, ертең екі-үш тиесілі кісіге жолығайыншы, малдың басы құралса қан шығарып, құран оқытып жіберейін («Сүйекші»). «Өлі жебемей, тірі байымайды» деген нақылды берік ұстанған қазақ қоғамында мұндай ырым- жоралғыларға ерекше мән берілген, әрі бұлардың бәрі де қайтыс болған адамның артында қалған жақындарына міндет болып саналады. Жалпы Д. Исабеков кейіпкерлерінің дені аузынан «Алласы» түспеген, бес уақыт намазы мен оразасын қаза қылмаған діни сенімге берік жандар болып келеді. Автор олардың мұсылманшылық қасиеттерін арнайы суреттеп, кейіптеп жатпаса да, жазушының олардың аузына салған сөздерінен-ақ бәрі белгілі болып тұрады. Мысалы:

    «– Қашан бітеді мына жиналыс?

    • Ертең.

    • Қап, намазым қаза болды-ау!..» («Жүз жылдық арман»).

    Қазақ табиғатынан баланың арқасынан қағып, кішіге ілтипат көрсеткен.

    «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» мақалы соған дәлел. Оған қоса, қазақтың тілінде көп қолданылатын жақсы көру, еркелету мәнін беретін – жан, -тай жұрнақтары халқымыздың өзіндік сөйлеу стилін көрсететіндей. Мысал келтірер болсақ:



    «Кемпірі арба үстіндегі қапшықтарды қолымен басып қалғанда есегіне деп ала шыққанмен желінбей қайтып келген бір бау жоңышқаны ұстай алып, ыршып түсті.
  • 1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   78




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет