Антропоөзектік парадигма: көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті



бет36/78
Дата31.12.2021
өлшемі0,64 Mb.
#21277
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   78
Байланысты:
Антропоөзектік парадигма көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті (Д. Исабеков шығармаларының негізінде)

Қуатжан, Қуатжан! «Жан» деп қапты ғой маған барып. Қайда болушы еді, қалды сонда. Сені мен мені адам деп жүр дейсің бе олар! Самаурыныңа от сал, таңдайым кеуіп келді» [102, 18 б.]. Бұндай еркелету мәнінде жұмсалатын жұрнақ жалғанған кісі есімдерімен қатар, үлкен ата- әжелеріміз, әке-шешелеріміз, аға-жеңгелеріміз балаларды төрт түліктің төлдерімен, табиғаттың ерекше құбылыстарымен атап жатады. Мәселен:

«Шынымен ұйықтап жатқан шығар деп ұясын көрді, мал қораны қарады. Ізім- қайым. Ол там айналып, үйге қайта кіргелі бұрыла бергенде қара көлеңке бұрышта күшігінің серейіп өліп жатқанын көрді де «әже!» деп айғайлап жіберді. Әжесі далаға атып шығып, немересін көтеріп алды да:

  • Не боп қалды! Далаға жалғыз шықпа дедім ғой саған! деп оның таңдайын басты. Әже... Сырттан... өліп қапты.

  • Әу, шыбыным.

  • Енді... енді ешқайда кетпейікші-а?

  • Мақұл, күнім, мақұл. – Әже, – деді сәлден соң тағы да.

  • Не жарығым?

  • Біздің үйге нағып ешкім келмейді?

  • Ұйықтай ғой, қарағым, ұйықтай ғой. Кейін бәрі де келеді. Қалампыр таң аппақ атқанша көз ілмеді» [93, 38 б.].

Байқағанымыздай, бұлардың барлығы бірінші жақта айтылып, коммуникацияға жылулық, мейірім сыйлайтындай. Мәтіндегі қарағым қаратпасының шығу тарихы жайлы мынадай пікір бар: «Ал ең көп қолданыстағы әрі көне сөздердің бірі «қарағым». Ол «қарашық» сөзімен тарихи жағынан мағыналас. Көзімнің қарашығы деген мағынаны білдірсе керек-ті. Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат-ат-түрік» кітабының аудармасында «Ұлым саған айтайын өсиетін дананың, Білімдіні таны да, соңынан ер, қарағым» деген сөздерді кездестіруге болады. Соған қарағанда бұл сөздің ерте заманнан қолданып келе жатқанын білуге болады» [119].

Мәтін зерттеуде әрқашан мәтіннен тыс болмыс, мәдениет болатыны жоғарыда айтылды. Ол болмыс пен мәдениетті кейіпкер тілі, баяншы сөзі арқылы аңғаруға болады. Қазақтың өзіндік болмысы мен мәдениетін танытатын тағы бір тілдік бірліктер – туыстық атаулар. Туыстық – тарихи-этникалық ұғым. Оның қалыптасуы мен дамуы белгілі бір этностың өмірімен, тұрмыс- тіршілігімен, мәдениетімен, әдет-ғұрып, салт-санасымен байланысты келеді. Д. Исабеков шығармаларында бұл атаулар өте көп кездеседі. Мәселен: «Есік алдындағы үлкен шайла астында үш-төрт немересі пырылдап ұйықтап жатыр. Кең төсекте аунай-аунай әрқайсысы әр тұсқа шашылып қапты. Анау, басы төсектің аяқ жағына қарап қалғаны үлкен баласы Жарылқаптың ортаншы ұлы, ала мысықты құшақтап ұйықтап жатқаны Мүсіркептің кенже қызы, ал бергі шетте, жастығын аяғына жастап жатқаны Ордабасыдағы жиен қыз. Үлкені алтыда, ең кішісі екіде, бұлардың арасында Арыстағы Есіркептің ғана баласы жоқ. Көктемде барып кішкентайларын алып қайтпақ болғанда баласы: «Әлі тым жас қой көке, сәл буыны қатайсын, сонан соң өзім апарып тастаймын» деп күмілжіген. Келін де пәлендей ниет білдіре қоймады. Шөмішбай қарт ызаға булығып, күйіп қайтты. «Ойбай-ау, бұ жамандарға бала не керек. Өздерінің жүрісі анау, аттың жемін жеп, тайдың тірлігін істейді. Күні бойы екеуі екі жақта. Сөйтіп жүріп балаларын қимайтынын қайтерсің! О, жамандар, күшіктер, кеше ғана еді ғой мұрындарыңның тыйылғаны, бүгін кеп бала керек боп қапты!..» [93, 15 б.].

Халқымыз ұлдан туған баланы немере десе, қыздан туғанды жиен дейтінін жазушы шығармаларынан да көруге болады. Туыстық қарым-қатынасты білдіретін келін, құда, жегжат, абысын және т.б. атаулар жазушы шығармаларында жиі кездеседі. Нақтылай түссек: «Осы оқиға аздап ескіріп, әке-шешенің қайғысы серпіле бастаған шақта үлкен бесінмен таласып, үш



құда сау ете қалды. Қарекең бір баласы екеу болып, әйтеуір бір жат үйге бас құда болып табалдырық аттайтын ең бақытты, ең қуанышты кезеңді қалай қарсы аларын көз алдына анық елестете алмаушы еді. Ал дәл қазір, көліктен түсіп, үлкен бастырманың алдындағы қазыққа ат байлап жатқанда үйден өзінің ет құдасы бой көрсетіп сәлем бере шықпағанына іштей налып қалды» [93, 28 б.]. Күйеу мен қалыңдықтың аталары немесе әкелері бір-біріне құда болып саналады. Сол құдалардың бірнеше түрі бар. Қазақта бел құда, құрсақ құда, бас құда, жанама құда деген түрлері кездесіп жатады. Ал Д. Исабековтің

«Шалдар» әңгімесінде ет құда деген түрі де бар. Біздіңше, бұл бәрінен жақын, бауырындай болған құда. Қазақта «бауырым – бауыр етім» деген сөз бар ғой. Соғай орай жасалған күрделі тіркес деген болжам жасауға болады.

Д. Исабеков туындыларында жиі кездесетін туыстық қатынастың бір түрі – бәйбіше мен тоқал. Бәйбіше – бірнеше әйел алған ер адамның бірінші әйелі. Ал қалған әйелдері ретіне қарай үлкен тоқал, кіші тоқал, сондай-ақ кішілік деп аталады. Қазақ дәстүрінде көп әйел алмаған ер адамның әйелі дана, елге сыйлы, ағайын-жұрт арасына сөзін жүргізе алатын болса, егде тартқан шағында оны да бәйбіше деп атай береді [117, 602 б.]. Қазақ қоғамында бұл қатынас отбасылық татулықты, береке мен бірлікті сақтап, ел алдында абыройлы жанұя атануда, бала-шағаның азамат болып өсіп-өнуіне үлкен әсерін тигізетін маңызды мәселенің бірі. Д. Исабеков шығрмаларында бәйбіше мен тоқал арасындағы қарым-қатынас егжей-тегжейлі баяндалып, ашық суреттелмесе де, жалпы қазақ отбасында көп әйел алушылықтың жиі кездесетінін байқатады. Мұндай жұбайлық қатынас әсіресе дәулетті, қолында билігі бар ауылнай, болыстардың отбасындағы қалыпты жағдай екенін көреміз. Тоқалдың отбасындағы рөлі бәйбішеге қарағанда төмен болған. Мәселен, «Тіршілік» повесіндегі Қыжымкүл

– Дәулетбай байдың тоқалынан туған қызы. Дәулетбай оны жастығы мен көркіне қызығып алған болатын. «Құдд-ай-ай, құддай-ай, сорлы басым-ай!» деп Дәулетбайдың бәйбішеден кейін ажарына қызығып жуан алған тоқалы шарасыз халде күйіне жылап жіберді», «Қайтыс болған тоқалы өзіне қамшының сабындай да құны болмаса да, біреуге – мына жатқан қызына ана екен-ау!».

Жалпы қазақ тілінде туыстық қатынасты білдіретін ұғымдар өте көп екені белгілі. Бұл – халықтың көпшіл мінезімен, ішкі ұлттық сипаттарымен өлшенетін баға жетпес құндылық. Терминолог-ғалым Б. Қалиұлы қазақ тілінде

«туыс» концептісінің этномәдени мәнін және оған қатысты тілдік бірліктерді жинақтай келе, бұл ұғымның ауқымдылығын былай түсіндіреді: «Туыстық ұғым орыс халқында 5-6 ұрпақты ғана қамтыса, қазақ халқында ол 10-12 (15) ұрпақты қамтиды. Қазақ халқында бар «нағашы жұрт» ұғымы орыс халқында жоқ. Сондай-ақ, қазақ салты бойынша келін күйеуінің туыстарын аты-жөнімен атамай, оларды «ұзын қайнаға», «сері қайным», «сылқым қайың сіңлім» деп тергеуінен де ұлттық мәдениеттің белгісі көрінеді [112, 166 б.]. Автордың 15 ұрпақ деп отырғаны мыналар: 1. Баба, 2. Ата, 3. Әке, 4. Бала, 5. Ұл-қыз,



  1. Немере, 7. Шөбере, 8. Шөпшек, 9. Немене, 10. Туажат, 11. Жегжат,

12. Зәузат, 13. Жұрағат, 14. Жамағат.

Адам өмірінде жақындығы туған-туыстан асып түсетін, жүректің сырын білетін дос болатыны белгілі. Автор шығармаларында үзеңгі дос тіркесін қолданып, достың образын одан ары аша түскен. Мысалы: «Қарекеңнің өзі діттеп жүрген көрші ауылда бір қыз болатын. Оның әкесімен де әмпей-жәмпей еді. «Құдай қос көрсе, жекжат боламыз түбі» деп ішіне түйіп жүрген... Сөйтіп, арада бір апта өткен соң Ерғабылдың үйлену тойы болды. Бұл қуанышына Қарекең көрші ауылдағы түбі жегжат болармын деп жауап түйген үзеңгі досы Шерәліні де шақырды. Бірақ ол жіберген шақыру қағазын нақ той болатын күні бара алмаймын деп қайтарыпты» [93, 25 б.].

Жалпы қазақтың салт-дәстүрге бай халық екенін тілде сақталған көптеген этномәдени атаулар көрсетеді. Мысалы, ата-ана баласы 5-6 жасқа толған кезде атқа мінгізеді. «Бұл – қозы жаю сияқты т.б. ұсақ шаруашылыққа қолқабыс ете бастауын айқындайтын тіршілік цикліне байланысты атқарылатын ғұрыптардың бірі. Ата-ана үшін жеткіншегінің жетілуі, әр кезеңі – жаңаша қуаныш, келер күннің жақсы үміті. Баланы атқа мінгізетін күні ауыл адамдары түгел жиналады. Атқа мінгізу жоралғысы бала 5-6 жасқа келгенде жасалады. Аттың жал-құйрығына, бастан-аяқ жаңа киім киген баланың баскиіміне, шапанына арқасына шоқтап үкі тағылады. Үкі – қазақ ұғымында «зиянды күштердің залалын қағатын құс». Балаға арнайы дайындаған ашамай ер атқа ерттеледі» [120]. Соған қарағанда сол жастан бастап серігіне айналған досты үзеңгі дос деп атауы ықтимал.

Қазақ дүниетанымында ер жігіттің өмірімен байланысты жүйеленген жеті қазынасы бар. Оларға жүйрік атты, қыран бүркітті, құмай тазыны, берен мылтықты, қанды ауыз қақпанды, майланғыш ауды, өткір кездікті жатқызады. Солардың қатарына адамға ең жақыны, досы болып кеткен итті ерекше атауға болады. Осы жеті қазынаның бірі итті Д. Исабеков те шығармасына арқау еткен. Жазушы «Қабылан» атты әңгімесінде нағыз малды қасқырдан қорғайтын, иесіне адал ит бейнесін оқырманға ұсынған. Мысалы: «Шын досыңның қимасын сұрама» деген емес пе, Беріш. Өзге нәрсемнің қайсысына қолқа салсаң да қой демес ем. Мына қалауың қиын тиіп отыр.



«Достың көңілі бір атым насыбайдан қалады» дейді, бірақ бір қалауымды жерге тастады деп сен өкпелеме. Құдай о баста итті де адамның ырыс- құтымен бірге жаратқан деседі. Демек, оның да несібесі иесімен бірге, осы үйдің бір мүшесі сияқты ғой. Бере алмаймын, оған ренжіме» [93, 46 б.]. Жазушы Қабылан атты итті суреттеуде сағыныш, қуаныш, мұңаю сынды сезімдердің барлығын кейіпкер тілі арқылы оқырманға жеткізген. «Шын досыңның қимасын сұрама» деген сөйлем арқылы итті қимасына теңесе,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет