Қанттың пайдасы мен зияны



бет2/8
Дата01.05.2023
өлшемі0,82 Mb.
#88661
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Айгерім ғылыми жоба

Жетекшінің пікірі
Оқушының «Қанттың пайдасы мен зияны» атты зерттеу жұмысына пікір білдіре отырып, жұмыстың сапалы жасалғанын айтуға болады. Адамдардың күнделікті өмірде пайдаланып жүрген қант жайлы мәліметті жинап, бақылап танысып, әртүрлі жолдарын зерттеуді мақсат еткен.Зерттеу жұмысында қанттың павйдасы, химялық биологиялық құрамы айтылып, жұмыс қызықты мәліметтермент толықтырылған. Зерттеуші өз жұмысын қорыта келе қантты шамадан тыс тұтынудың зияндылығын және шамадан тыс тұтынбауды ұсынды.

Жетекшісі: Химия –биология пәні мұғалімі Құлмағанбетова А



Кіріспе
Ас – адамның арқауы. Кез келген үйдің дастархан басында наннан кейін қант тұратыны белгілі. Осы түсінікке біздің үйренгеніміз соншалықты, қантсыз дастархан бар дегенге сенгіміз келмейді. Шайға салғанды жақсы көреміз, ал тарихын білетініміз күмәнді. Қант — қант қызылшасы мен қант қамысынан алынатын тағамдық өнім. Ақ, сары немесе қоңыр түсті, тәтті дәмді кристалл. Қант және шақпақ қант (рафинад) түрінде шығарылады. 100 г қанттың энергетикалық құндылығы (410 ккал) шамасында. Құрамы жағынан қанттардың көпшілігі – көмірсутектің сумен қосылысы Сn(Н2О)m. Мысалы, гексоза С6Н12О6, сахароза С12Н22О11, сондықтан оларды көмірсулар деп те атайды. Қант кондитер, нан пісіру, консервілеу, шарап жасау, т.б. өндірістерде пайдаланылады. Қанттың отаны Үндiстан Қанттың шыққан жерi Ежелгi Үндiстан деп есептеледi. Бiздiң елiмiзде қанттың қант қызылшасынан өндiрiлетiнiн бiлемiз. Бiрақ қант жасауды дәл 1747 жылдан басталғанын екінiң бiрi бiле бермейдi. Нақ сол жылы немiстiң А. С. Маргграф деген химигi не болар екен деген оймен қызылшадан ақ кристалл зат шығарып, дәмiн татып көргенде борық қантынан аумайтынын байқайды. Алайда жұрт бұған мүлдем ден қоймай, бұл әдiс елу жылдай елеусiз қала берген. Қант өндiрудiң өнеркәсiптiк технологиясын жасап 1802 жылы Кунер қаласында алғашқы қант зауытын салдырған. А. С. Маргграфтың дарынды да iскер шәкiртi Ф. К. Ахард болды. Қазiргi уақытта қант қызылшасы мен, қант борығы жер шарында әрқайсысы шамамен 7миллион гектар алқапта өсiрiледi. Дегенмен қызылшада қант аз болғандықтан дүние жүзiнде қанттың 60‰-ы қант борығынан өндiрiледi.Бұрыңғы кезде тәттінің орнына балды қолданған, сондықтан адамдар ұзақ өмір сүрген. Бұл ғалымдардың зерттеген жұмыстарынан оқуға болады және дәлелденген.Қазіргі кезде қант барлық тәтті тағамдарда кездеседі. Сондықтан көбі біле бермейді, әсіресе балалар қанттың пайдасы қандай және зияны бар ма?Менде де осындай сұрақ туындады. Сондықтан мен осы тақырыпты « Қант оның пайдасы мен зияны» туралы зерттеп, анықтауға кірістім.Менің інім тәттіні өте жақсы көреді. Сондықтан ол қантты пайдалы деп және адам ағзасына қажет деп есептейді.Осы тақырыпты таңдағанымның мақсаты тәтті тағамдар бәріне ұнайды, бірақ үлкен адамдар айтады қантты көп жесең ол зиянды.Мені осы сұрақ қызықтырды, шыңында солай ма екен, үлкен адамдардың ойы дұрыс па? Қандай пайдалы жақтары бар екен? Соны білу үшін мен зертееу жұмысын бастадым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет