Қанттың пайдасы мен зияны



бет8/8
Дата01.05.2023
өлшемі0,82 Mb.
#88661
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Айгерім ғылыми жоба

Қорытынды
Орта есеппен алғанда адам бір жылда 80 кг, яғни күніне 225 г қант жейді екен. Бұл қорқынышты көрсеткіш. Қантты мөлшерден тыс пайдалану адам ағзасына өте зиян. Ағзада қанттың шамадан көп болуы семіздікке, қант диабетіне әкеп соқтыруы мүмкін. Сол себептен қантты мөлшерден тыс пайдаланбауға тырысу керек. 
Артық салмақ проблемасы мен өзін жайсыз сезіну, тез шаршау – ағзадағы қант мөлшерінің шамадан көп болуының салдары. Қантта дәрумендер де, минералдар да жоқ, бірақ ағзада тез арада қортылуы керек. Ағза қан құрамындағы қантты тез пайдаланып үлгеру үшін глюкоза жасушаға бару керек. Жасушаларға барған қант ағза үшін энергия көзіне айналады, гликогенге айналып кейін пайдаланылады немесе майға айналып ағзада қалып қалуы мүмкін. 
Қантты мөлшерден тыс пайдалану ағзадағы инсулин деңгейін көтереді, бұл тәбеттің жақсы болуына әкеледі, осының салдарынан қантты одан да көп мөлшерде пайдаланады. Бұл артық салмақты тез алу мен ағзаның жалпы қартаюына әкеп соқтырады. Сол себептен құрамында қант мөлшері көп азық-түлікке құмарлануды қойған жөн. Кішкентай жеген қанттың өзі қандағы қант деңгейін аспандатып жіберуі мүмкін. Қантты көп жеу қантты диабетке ғана емес, атеросклероз бен жүрек қан тамырлары сырқаттарына әкеліп соқтыра алады. Онша көп күш жұмсамайтын адам тәтті тағамдарды шамадан көбірек жесе, тек қанттан ғана емес, крахмалдан да ағзасында артық заттар жинала бастайды. Артық желінген қант зат алмасуын бұзып, қандағы холестериннің мөлшерін арттырады, ішектегі микробтардың витаминдерді, әсіресе организмге қажет В12 витаминін синтездеу қабілетін төмендетеді. Көптеген зертханаларда жүргізілген бақылауларға қарағанда, адамның қанында қант ұзақ уақыт бойы сақталып, адам ағзасы оны уақытында сіңіруге үлгермейді екен. Осы жағдайлардың бәрін ескерген шетелдік зерттеушілердің барлығы да қантты шамадан тыс жеуге қарсы.Диета ұстанушыларға қантты тағамдарды, кәдімгі тазартылған шақпақ қантты, тәтті бәліштерді жемеу керек. Егде және аз қимылдайтын адамдардың тәулігіне қантты 50 грамнан асырмағаны жөн. Одан да, тәтті жеміс-жидек пен табиғи өнімдерді жегеніңіз дұрыс. 200 гр алма, алмұрт немесе жүзімде 15 гр фруктоза, тек 2% ғана сахароза болады екен. Ал фруктоза мен лактоза қанттары кездесетін жеміс-жидектер, сүт кез келген адамға пайдалы.  Адам денсаулығына байланысты барлық заманауи қатерлерге өмір салтының дұрыс жүргізілмеуі басты себеп. Спортқа немқұрайды қарау денсаулық үшін, кейде адам өмірі үшін өте қауіпті! Сондай-ақ, музыка ырғағымен билеп, таза ауада футбол ойнау да өте пайдалы. Амал не, біз оған өз денсаулығымызға қауіп төнген кезде ғана мән береміз.


Қолданылған әдебиеттер:

1.http://ayzdorov.ru/ttermini_sahar.php


2. http://www.kazreferat.kz/
3. http://www.resurs.kz – сайты
4. http://www.alashainasy.kz
5. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.
6.Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990
7.ҚазНМУ хабаршысы – ғылыми практикалық журнал №1 2013ж.журналы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет