Қанттың қалай және қай жерде қолданылатынын оқып-білу.
Зерттеу нысаны– адам.
Зерттеу заты – қант.
Зерттеудің өзектілігі-біз қантты күнделікті өмірде үнемі қолданылғанымен,оның көптеген пайдасын, зияның өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз. -3-
Зерттеудің болжамы-егер біз қант жайлы көбірек оқып білсек, онда қанттың пайдасы мен зияны туралы көптеген сырларын ашар едік.
Зерттеу әдістері - ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу;
- бақылау;зерттелген нәтижеге талдау жүргізу.
Негізгі бөлім Қантты қандай өсімдіктерден аламыз?
Қанттың отаны Қант қызылшасын кімдер өсіре бастады? Тарихи деректерге сүйенсек, ең алғашқылардың бірі болып қант қызылшасын Мысып жерінде өсіре бастаған екен. Бірақ оны қант алу үшін емес, құлдарға тағам ретінде ғана қолданыпты. Қант қызылшасының құрамында қанттың көптігін 1747 жылы Андреас Маргграф ашқан екен. Ол қант қамысының Еуропа жерінде өспейтініне көз жеткізген соң, оның орнын басатын өсімдіктікті іздей бастайды. Себебі, бұл уақытта қант Еуропа жеріне Куба, Мексика, Бразилия және АҚШ жерінен жеткізілетін еді. Сондықтан да оның бағасы тым қымбат болды. Селекционерлер қолда бар өсімдіктердің құрамын тексеріп шықты. Ең қолайлысы әрі құрамынан қант алуға болатын қант қызылшасы болып шықты. Маргграфтың ойлап тапқан жетістігін оның шәкірті Франц Карл Ахард қана іске асыра алды. Ол өмірінің барлығын қант қызылшасынан қант алуға жұмсап, 1801 жылы арнайы фабриканы жабдықтады.