Қантты су ерітіндісіндегі судың массасының қанттың массасына қатынасы 7: қатынасындай. Ондағы судың массасы қанттың массасынан 280 г артық. Қантты су ерітіндісінің массасы неше грамм?



Дата15.11.2023
өлшемі286,53 Kb.
#123042
түріҚұрамы

Берілген қатынаста бөлу
1-есеп
Мыс пен мырыштан даярланған құйманың массасы 720 г. Құйма құрамындағы мыстың массасының мырыштың массасына қатынасы 7:5 қатынасындай. Құйма құрамында неше грамм мыс, неше грамм мырыш бар?
2-есеп
Қоспадағы алтын мен күмістің массаларының қатынасы 5:3 қатынасындай.
1) 16 г қоспада қанша алтын бар?
2) 56 г қоспада қанша күміс бар?
3-есеп
AOВ жазыңқы бұрышының O төбесінен OD сәулесі жүргізілген. OD сәулесі оны градустық өлшемдерінің қатынасы 5:4 қатынасындай AOD және BOD бұрыштарына бөледі. AOD және BOD бұрыштарының градустық өлшемдерін табыңдар.
4-есеп
Тік төртбұрыштың периметрі 42 см. Оның ұзындығының еніне қатынасы 4:3 қатынасындай. Тік төртбұрыштың ауданын табыңдар.
A. 115 см2 ; B. 110 см2 ; C. 108 см2 ; D. 120 см2;
5-есеп
Қантты су ерітіндісіндегі судың массасының қанттың массасына қатынасы 17:3 қатынасындай. Ондағы судың массасы қанттың массасынан 280 г артық. Қантты су ерітіндісінің массасы неше грамм?
6-есеп
Гүлназ ойлаған екі санның қатынасы 8:5 қатынасына тең. Егер осы сандардың:
1) қосындысы 39-ға тең;
2) айырмасы 1,5-ке тең болса, Гүлназ ойлаған сандарды табыңдар.
7-есеп

8-есеп


9-есеп
Теплоходтың меншікті жылдамдығының ағыс жылдамдығына қатынасы 10 :1 қатынасындай. Теплоходтың меншікті жылдамдығы ағыс жылдамдығынан 24,3 км/сағ артық. Теплоход ағыспен 3 сағатта қандай қашықтыққа барады?
10-есеп
АВСD тік төртбұрышының ұзындығы 15 см, ені 8 см (1.3-сурет). АВЕ үшбұрышы ауданының ВСЕ үшбұрышы ауданына қатынасы 2:3 қатынасындай. АВЕ үшбұрышының ауданын, ВСЕ үшбұрышының ауданын табыңдар.

11-есеп
Компьютерде теруші бірінші күні шығарманың 30%-ін, қалғанын екінші және үшінші күндері терді. Оның екінші күні терген бет санының үшінші күні терген бет санына қатынасы 5:2 қатынасындай. Компьютерде теруші екінші күні үшінші күнге қарағанда 27 бет артық терді. Шығармада барлығы неше бет бар?
12-есеп
Елдос төрт сан ойлады. Ол ойлаған сандардың қатынасы 2:3:5:8 қатынасындай. Бірінші сан мен үшінші санның қосындысы 84-ке тең. Елдос ойлаған сандарды табыңдар.
13-есеп


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет