АҚПАРАТТЫ БЕРУ ТҮРЛЕРІ
• Ақпаратты беру түрлері
: мәтіндік, сандық, графикалық,
дыбыстық.
• Мәтін түрінде берілетін ақпараттар
мәтіндік ақпарат деп аталады.
Мысалы, ертегі кітаптарындағы қиял-ғажайып ертегілер мәтіндері,
өлең кітаптарындағы өлең жолдары және т.б.
• Сан түрінде берілетін ақпараттар
сандық ақпарат деп аталады.
Мысалы, математикалық есептер, сағаттардағы уақыт
мезгілдері және
т.б.
• График түрде берілетін ақпараттар
графикалық ақпарат деп аталды.
Мысалы, суреттер, фотографиялар, диаграммалар, гистограммалар
және т.б.
• Дыбыс түрінде берілетін ақпараттар
дыбыстық ақпарат деп аталады.
Мысалы, мұғалімнің сабақты түсіндіруі, теледидарда берілетін
музыкалық хабарламалар, магнитофондағы әуендер және т.б.
•
Ақпараттық процесс – бұл ақпаратты алу, өңдеу,
сақтау және
жеткізу процестері.
Ақпараттар саны. Ақпараттың өлшем бiрлiктерi.
Кодтау. Екiлiк код
• Ақпарат көлемi деп
ақпараттың ұзындығын, яғни ақпаратта
пайдаланылған символдар санын айтады.
• Қандай да бiр алфавиттi пайдаланып
ақпараттарды жазуды
кодтау деп атайды.
• Бiр ғана ақпаратты әртүрлi жолда жазуға болады. Бiр белгi
тобынан екiншi белгi тобына
көшiру жолын код деп атайды.
• Ақпараттарды кодтау үшiн Морзе алфавитi немесе екiлiк
алфавит қолданылады. (Морзе
алфавитiнiң бейнесiн және
ASCII коды кестелерiн енгiзу). Кодталатын символдар
тобын кодтар кестесi деп атайды.
• Екiлiк алфавитте 0 және 1 белгiлерi оларды ондық
алфавиттен ажырату үшiн екiлiк код деп атаған. Ол екiлiк
белгiнiң бiрi (0 немесе 1)
бит деп аталады. 8
биттен тұратын
кодты
байт деп атайды.