Бүкіләлемдік түркітанушылар конгресін өткізу мәселесін пысықтау бойынша ұсынымдар «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында Н.Ә.
Назарбаев ежелгі және ортағасырлық Қазақстанның протомемлекеттік
бірлестіктерінің қазақ ата- бабаларының әлемдік өркениетке қосқан үлесіне
ерекше назар аударды. Осындай мемлекеттік бірлестіктердің бірі тек
Қазақстан тарихында ғана емес, бүкіл Еуразия тарихында маңызды рөл
атқарған түркі тілінде сөйлейтін халықтар мен тайпалар болды. Бүгінгі таңда
түркі тілдес халықтардың жаһандық және геосаяси тарихындағы маңызы мен
рөлін осы бағытта мамандандырылған түркітанушы – ғалымдар зерттейді. Түркітанудың, осы саладағы және шектес гуманитарлық салалардағы
ғылыми ағымдардың келешегі мен мәселелерін талқылау мақсатында осы
бағыттағы көрнекті зерттеушілерді жинайтын түркітанушылар конгресін
өткізу өзекті болып табылады. Сондай-ақ, ғалымдар өз зерттеулерінің
нәтижелерін талқылауға, оларды өз әріптестерінің сындары арқылы өткізуге,
осы саладағы соңғы ғылыми жаңалықтарды жоққа шығаруға және кәсіби
байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік алады. Мұндай іс-шаралар түркі тілдес
халықтардың тарихын жаңа фактілермен толықтыру үшін жаңа идеялар мен
одан әрі ғылыми зерттеулердің пайда болуында маңызды рөл атқарады.
Бұл тұрғыда түркі әлемінің бесігінде – Қазақстанда бүкіләлемдік
түркітанушылар конгресін өткізу маңызды. Бұл халықаралық ғылыми
қауымдастық арасында Ұлы Дала тарихын талқылауға, оның әлемдік
өркениетке қосқан үлесі мен осы салаға қызығушылығын арттыруға қосымша
серпін береді. Бұл іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында
өткізілетін жұмыстардың нәтижелерін халықаралық ғылыми қауымдастық
алдында таныстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қазақстанда
түркітанушылар конгресін өткізу отандық жас ғалымдарға, түркология және
аралас мамандықтар студенттеріне оң әсер етеді, олар жұмыс кездесулеріне
қатысуға, көрнекті ғалымдармен танысуға, сұрақтар қоюға мүмкіндік алады.
Конгрестің өтетін орны ретінде Түркістан қаласы ұсынылады, ол бүкіл
әлемнің түркі тілдес халықтарының арасында ерекше рухани мәні бар. Осы
аймақта түркологтардың кездесуін ұйымдастыру туристерге Түркістан
қаласының тартымдылығын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясатты
ілгерілету шеңберінде де өзекті болып отыр. Мұндай маңызды оқиға көптеген
мемлекеттердің БАҚ назарын аудартады, осылайша қала бірқатар елдердің
ақпараттық ресурстарының объектісі болады, бұл олардың азаматтарының
тарихи жерлер туралы хабардар болуын арттырады.