Мектеп оқушылары қатысуымен, жеңімпаздары марапатталатын телевизиялық зияткерлік бағдарламаның негізгі мақсаты - білім алуға
ұмтылуда өскелең ұрпақты қолдау арқылы білім мен бәсекеге қабілеттілік
идеяларын насихаттау және ақпараттық жариялау арқылы қоғамдық сананы
жаңғырту. Негізгі міндеттер: - қоғамдық сананы жаңғыртуға ықпал ететін білімге деген ұмтылысты,
бәсекеге қабілеттілік идеяларын ақпараттық ілгерілету;
- одан әрі өсуге ынталандыру мақсатында Қазақстанның жастарын
қолдау.
Іске асыру тетіктері: - сұрақтар мен жауаптарды әзірлеу үшін мектеп бағдарламасы бойынша
мамандарды тарту;
- өз білімдерімен, дарындарымен және марапаттарымен ерекшеленген
еліміздің барлық аймақтарынан дарынды оқушыларды тарту;
- жеңімпаздарға гранттар және/немесе еліміздің жоғары оқу орындарында
оқуға жеңілдіктер беру үшін «республикалық олимпиада» мәртебесін
алу мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігін тарту;
- телевизиялық зияткерлік бағдарламаны идеяны концептуалды безендіру
үшін шығармашылық топты тарту;
- зияткерлік бағдарламаны алу және көрсету үшін отандық телеарналарды
тарту;
- телевизиялық форматта қатысушыларды іріктеу мақсатында аймақтық
зияткерлік ойындарды ұйымдастыру;
- облыстық және республикалық зияткерлік ойындар ұйымдастыру,
жеңімпаздарды анықтау және марапаттау;
3
- отандық телеарналар бойынша зияткерлік ойынды түсіру және
трансляциялау.