Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ



Pdf көрінісі
бет50/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   221
 
 
Тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыс бойынша 
қызметкерлерге мектеп құру жөніндегі жобаны іске 
асыру бойынша ұсынымдар 
 
Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Ішкі істер министірліктері мен 


34 
 
Ұлттық  қауіпсіздік  комитеті  қызметкерлерінің  жұмысы  елдің  тиісті 
заңнамалық  базасымен  реттеледі.  Сондай  ақ,  Қарулы  күштердін  жеке 
құрамымен  жұмыс  атқару  саласында  білім  беру,  әлеуметтік-құқықтық, 
психологиялық  және  идеологиялых  жұмыстарын  ұйымдастыру  қағидалары 
2019  жылы  бекітілген.  2019  жылдың  19  қаңтар  күні  Қазақстан 
Республикасының  Қарулы  күштерінің  тәрбиелеушілер  институтының 
құрылғанына  27  жыл  толды.  Осылайша,  күш  құрылымдарының  тәрбиелеу 
жұмыстарына мемлекет тиісті түрде назар аударып отыр. 
Бұл сала қызметкерлерінің жұмысының мақсаты  саяси бағыттау, сана-
сезімге  негізделген  жоғары  моралдық-психологиялық  қасиеттерді  және 
қоғамдық  маңыздылығы  бар  идеалдарды  қалыптастыру,  патриотизм 
идеялары,  Отанға  қызмет  ету  мотивтері,  жеке  құрам  өкілдерінің  жоғары 
рухани қажеттіліктері мен мемлекеттік мүдделерді қалыптастыру.    
Жұмыс  әртүрлі  ақпараттық  және  білім,  тәрбие  беру  әдістері  арқылы 
жүзеге асырылады.  
Жеке  құрам  өкілдерінің  дүниетану  құндылықтарын  және  әскери-
патриоттық  санасын  қалыптастыратын  қызметкерлер,  жеке  құрамның мінез-
құлқы мен санасына жүйелі педагогикалық әсер етеді. 
Осыған  орай,  қызметкерлерге  білім  беру,  тәрбиелеу  және  әлеуметтік-
құқықтық 
жұмыстарына 
Бағдарламаның 
құндылықтарын, 
рухани 
жаңғырудың 
маңыздылығын, 
жасампаздық 
еңбек, 
инновациалық 
экономиканың жасампаздығын түсіндіру жұмыстарының маңызы зор.  
Жеке  құрамға  Бағдарламаның қағидалары  мен  бағыттарын  талқылауға 
арналған білім беру іс-шаралары идеология жұмыстарының ажырамас бөлігі 
болып  табылады.  Мықты  және  жауапты  адамдардың  Біртұтас  ұлтының 
қалыптасуына ықпал етеді. 
Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  өзінің  «Болашаққа 
бағдар:  рухани  жаңғыру»  бағдарламалық  мақаласында  атап  өткен  қоғамдық 
сананы  жаңғырту  және  оның  бірінші  шарты  -  өз  мәдениетін,  өзінің  ұлттық 
кодын  сақтауға  тек  осы  ведомстволардың  тәрбиелеу  және  білім  беру 
қызметкерлерінің  бірлескен  күш-жігерімен  ғана  жетуге  болады.  Яғни,  осы 
арқылы  жеке  құрамның  санасын  аталған  шарттар  аясында  жаңғырту 
мүмкіндігіне ие боламыз.  
Аталған  іс-шаралар  азаматтардың  мінез-құлық  үлгілерінің  өзгеруіне 
әсер  етуге,  жаңа  әлеуметтік  мәдениетінің  қалыптасуына,  және  олар  арқылы 
бүкіл қоғамға әсер етуге мүмкіндік береді. 
Бүгінгі  таңда  жеке  тұлғаның  ұлттық  бірегейлігінің  негізін  құратын, 
елінің  тарихы  мен  мәдениеті  туралы  білімі  бар  адам  ғана  өз  Отаны  үшін 
жауапты азамат бола алады. 
 
Мемлекеттің  күштік  мекемелері  қабырғасында  осындай  азаматты 
қалыптастыру  үлкен  мультипликациялық  әсер  етеді,  өйткені  осы 
мекемелердің  өкілдерінің  санасынан  және  мінез-құлық  үлгілерінен 
азаматтардың қорғаныс және елдің ішкі тәртібін қорғау институттарына деген 
сенімі мен қанағатының деңгейі көрініс табады.  


35 
 
Осыған  байланысты,  Бағдарламаның  тұжырымдамаларына  сәйкес 
қызметкерлерді  тәрбиелеу  және  әлеуметтік-құқықтық  оқытуға  арналған 
мектеп  құру  –  азаматтардың  санасы  мен  мінез-құлқының  архетиптерінің 
өзгеруіне,  қоғамдық  сананы  жаңғыртуға,  жаңа  әлеуметтік  мәдениеттің 
қалыптасуына жан-жақты ықпал етуге мүмкіндік береді. 
Мектептің  басты  мақсаты  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасының 
бағыттары,  құндылықтарымен  мен  қағидалары,  жеке  құраммен  тәрбиелеу 
және  білім  беру  форматтарын  еңгізу  бойынша,  Ұлттық  қауіпсіздік 
комитетінің, Ішкі істер мен Қорғаныс министрліктер мекемелерінің тәрбиелеу 
және  әлеуметтік  құқық  жұмыстарын  жүргізетін  кызметкерлеріне  білім  беру 
болып табылады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет