асханасы» тақырыбында тікелей (онлайн) көрсетілім ұйымдастыру.
Көрсетілім барысында шебер аспазшылар қазақ ұлттық асханасындағы әр
тағамның атауына түсініктеме беріп, жасалу жолдарына тоқталып, мәзірін
көрермендерге ұсынады. Аталған жұмыстарды өңірлердегі ішкі саясат және
мәдениет басқармалары іске асырады.
Ұсынымдар: а) еліміздің әр аймағында кемінде 1-2 қазақы ұлттық асханаларын ашу
ұсынылады (ас мәзірінде қазақы ұлттық тағамдар болуы қажет);
ә) Қазақстан аумағындағы барлық кафе, мейрамханалар мәзіріне қазақ
ұлттық тағамдарын кіргізген жөн;
б) мейрамханаға келген әрбір қонаққа сыйлық ретінде тегін ұлттық
тағам ұсыну (құрт, ірімшік, жент, бауырсақ).
в) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
тарапынан республикалық телеарналарда ұмыт бола бастаған қазақтың ұлттық
тағамдары бойынша арнайы бағдарлама ашып, жасалу жолдарымен
таныстыру.