87
Байқауды облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
мен Өңірлік жобалық офис бірлесе өткізеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер
бағалы сыйлықтармен марапатталып, қазақы ұлттық мейрамханадан
жеңілдікпен ас ішуге сертификат табысталады.
4.
«Қазақтың ұлттық тағамдарын білеміз бе?» тақырыбында
балабақша, мектепалды даярлық топтары мен мектептерде ашық тәрбие
сағаттарын өткізу. Сонымен қатар мектеп асханаларының ас мәзіріне ұлттық
тағам түрлерін кіргізу қажет. Шараны аудан-қалалық, облыстық білім
бөлімдері мен басқармалары өткізеді.
5.
«Қазақ асханасы» атты іс-шараны «Наурыз шапағаты» жобасы
аясында «Ұлттық тағамдар күні» қарсаңында өткізуді ұсынамыз. Ауылдық
деңгейден бастап, облыстық деңгейге дейін шараны қамту. Аталған байқауға
қолынан іс келетін, қазақ халқының ұлттық тағамдарын ерекше әзірлей білетін
шеберлер қатыса алады. Мерекеге келген қонақтар қазақ асханасының
мәдениетімен танысып, дастарханнан ауыз тиюге немесе қолжетімді бағамен
тағам түрлерін сатып алуға мүмкіндік алуы қажет. Шараны аудан-қалалық,
облыстық әкімдіктер ұйымдастырады.
6. Өңірлерде Қазақстан халқы Асамблеясы, этно-мәдени бірлестіктердің
ұйымдастыруымен
еліміздегі
халықтардың
дәстүрлі
тағамдарымен
таныстыру, ұлттық дәстүрлерге деген сүйіспеншілік пен құрметке, ұлтаралық
келісімге тәрбиелеу мақсатында
«Ұлттық тағамдар фестивалі» өтеді.
Шарада барлық ұлт өкілдері өздерінің ұлттық тағамдарымен қатар,
өнерлерін, көрмелерін көрсетеді. Сонымен қатар бұл фестивальде өзге ұлт
өкілдері қазақ асханасының тағамдарымен кеңінен танысуға мүмкіндік алады.
7. Әр
облыста аудиториясы ауқымды әлеуметтік желілердегі
парақшалар (Instagram, Facebook) мен YouTube каналдарда
«Қазақ ұлттық
Достарыңызбен бөлісу: