«Рухани жаңғыру» бағдарламасының қағидаттары бойынша әрбір жоғары оқу орнынан монография дайындау және жариялау жөніндегі ұсынымдар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама)
бағыттарының бірі білімге құштарлық, осыған орай бағдарламаны
толыққанды іске асыру және оның тиімділігін арттыру үшін осы бағытта
ғылыми зерттеулер кешенін жүргізу қажет. Зерттеулер негізінде ғылыми
қауымдастықтың пікірін ескере отырып, бағдарламаның тиімділігін
арттырудың пәрменді тетіктері әзірленуі мүмкін.
Академиялық шеңберде белгілі бір тақырып бойынша ұзақ
зерттеулердің қорытындылары монография – ғылыми еңбек түрінде
жарияланады, онда авторлар жүргізген зерттеулерінің мәні мен әдістерін
сипаттап, өзінің ғылыми негіздемесін немесе алынған нәтижелердің авторлық
түсіндірмесін береді.
Монография - бұл бір немесе бірнеше аралас тақырыптардың терең
зерттемесі сипатталатын ғылыми немесе ғылыми-танымдық шығарма.
Сананың өзгеруіне, тиісінше адамның мінез-құлқын өзгертуге
бағытталған Бағдарламаның идеологиялық мәнін назарға ала отырып, бұл
ретте оның ұлттық бірегейлікті, Отанға деген сүйіспеншілікті және жалпы
адамзаттық құндылықтарға бейілділікті сақтауды көздейтін құндылықтарына
тек ұйымдық-практикалық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар ғылыми
тәсілмен де қарау маңызды.
Осыған орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасының тиімділігін арттыру
және оңтайландыру процесіне ғылыми-сараптамалық қауымдастықты тарту,
халықаралық тәжірибені зерделеу, ұсынымдар дайындау, осы мәселе бойынша
проблемалық аспектілерді айқындау қашанда өзекті және сұранысқа ие.
Мақсаты - «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ұстанымдары
бойынша әрбір жоғары оқу орнының кемінде 2 монография әзірлеуі және
жариялауы.