«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша ақпараттық-түсіндіру акциясы бойынша ұсынымдар Өзектілік. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»
қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша бәсекеге қабілеттілік пен
прагматизм рухында тәрбиеленген қазақстандықтардың жаңа буынын
қалыптастырудағы дұрыс қадам болып табылады.
Оқулықтарды аудару және басып шығару шеңберінде әлемнің жетекші
жоғары оқу орындарымен, оқулықтарды әзірлеуге және шығаруға
маманданған ғылыми орталықтармен және баспа үйлерімен тығыз
ынтымақтастық жолға қойылған. Академиялық мәтіндердің ауқымды тікелей
аудармасы қазақ тілін халықаралық ғылыми лексикамен байытуға, ғылыми
стиль мен терминологияны нормалауды жеделдетуге, заманауи әлеуметтік-
гуманитарлық зерттеулердің әдіснамасын және оларды баяндау әдістерін
меңгеруге мүмкіндік береді.