106
дәстүрлері мен тарихи байлығын көрнекі түрде көрсетеді және
қазақстандықтарды мәдени туризмге тарту орталықтары болу әлеуетіне ие.
Осыған байланысты оқушыларға қазақ халқының тарихи-мәдени
мұрасының көптүрлілігін көруге мүмкіндік беру ғана емес, сонымен қатар өз
еліне деген сезімін және тарихты терең зерттеуге деген қызығушылықты ояту
үшін өскелең ұрпақ арасында экскурсиялар форматында киелі объектілерді
зерделеу жөніндегі жұмыстарды іске асыру қажет.
Сонымен қатар, экскурсияларды өткізу форматына назар аудару керек, ол
балалардың жасына, мүдделеріне сәйкес болуы және қызығушылығын
арттыруы тиіс. Мысалы, ойын түрінде фактілерді зерттеуге бағытталған
жарыс немесе квест элементтерін қосу.
Әлемнің түрлі елдерінде үйреншікті заттарды ерекше қырынан
көрсететін ондаған ерекше экскурсиялар бар.Олар туристерге қазіргі және
болашақ үшін маңызы бар «өткен әлем» бар екенін түсіндіреді. Интерактивті
материал беру форматы әлем әлдеқайда көп және қызықты екенін түсінуге
мүмкіндік береді. Әрбір экскурсия жарқын естелікке айналады және тарихи
фактілерге, ұлы тұлғалардың жетістіктеріне, тарихи фактілерге толы жарқын
әсерлердің көмегімен оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: