Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ



Pdf көрінісі
бет150/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   221
Байланысты:
МП Рухани Жаңғыру

Күтілетін нәтижелер
-  танымал этно-кешендер мен этноауылдардың санын арттыру. 
-  халықтың өз өлкесінің тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын 
және хабардарлығын арттыру. 
Көрсеткіштер: 
-  әр өңірде ең кемі бір этнокешен болады.  
-  этноауылдардың саны - 10 кем емес. 
-  қатысушылар саны - 2 000 кем емес. 
 
Қазақстанның киелі географиясы» арнайы 
жобасы аясында оқушыларға экскурсиялар 
ұйымдастыру бойынша ұсынымдар 
 
Әрбір  жастың  өз  Отанымен  берік  рухани  байланысты  қалыптастыруы 
бүгінгі күні «киелі» деген атаумен бір топқа біріктірілген мәдени материалдық 
объектілер  арқылы  тарихи  және  мәдени  мұраларды  терең  білумен  тығыз 
байланысты. 
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеялық қағидаларын жүзеге асыру 
аясында  «Қазақстанның  киелі  географиясы»  жобасына  ұлттық  бірегейлікті 
нығайтуда  басты  рөл  бөлінеді.  Қазақ  халқының  жадында  еңсерілмейтін 
құндылықтық күші бар, Қазақстанның киелі жерлерінің географиялық белдеуі 
ұлттық идеологиямен байланысты құндылықты бағдарлардың қалыптасуына 
ықпал ету үшін мәдени код элементі, ұлттық бірлік пен өркендеудің символы 
болуға тиіс. 
Қазақстанның 
археологиялық 
ескерткіштері, 
мәдени 
сәулет 
құрылыстары, қорғандар, қорымдар, табиғат объектілері біздің халқымыздың 


106 
 
дәстүрлері  мен  тарихи  байлығын  көрнекі  түрде  көрсетеді  және 
қазақстандықтарды мәдени туризмге тарту орталықтары болу әлеуетіне ие. 
Осыған  байланысты  оқушыларға  қазақ  халқының  тарихи-мәдени 
мұрасының көптүрлілігін көруге мүмкіндік беру ғана емес, сонымен қатар өз 
еліне деген сезімін және тарихты терең зерттеуге деген қызығушылықты ояту 
үшін  өскелең  ұрпақ  арасында  экскурсиялар  форматында  киелі  объектілерді 
зерделеу жөніндегі жұмыстарды іске асыру қажет. 
Сонымен қатар, экскурсияларды өткізу форматына назар аудару керек, ол 
балалардың  жасына,  мүдделеріне  сәйкес  болуы  және  қызығушылығын 
арттыруы  тиіс.  Мысалы,  ойын  түрінде  фактілерді  зерттеуге  бағытталған 
жарыс немесе квест элементтерін қосу. 
Әлемнің  түрлі  елдерінде  үйреншікті  заттарды  ерекше  қырынан  
көрсететін  ондаған  ерекше  экскурсиялар  бар.Олар  туристерге  қазіргі  және 
болашақ үшін маңызы бар «өткен әлем» бар екенін түсіндіреді. Интерактивті 
материал  беру  форматы  әлем  әлдеқайда  көп  және  қызықты  екенін  түсінуге 
мүмкіндік  береді.  Әрбір  экскурсия  жарқын  естелікке  айналады  және  тарихи 
фактілерге, ұлы тұлғалардың жетістіктеріне, тарихи фактілерге толы жарқын 
әсерлердің көмегімен оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет