Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ


«Қымыз фест, Қымызмұрындық, Шұбат фест» іс



Pdf көрінісі
бет155/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   221
Байланысты:
МП Рухани Жаңғыру

 «Қымыз фест, Қымызмұрындық, Шұбат фест» іс 
шарараларын өткізу  бойынша ұсынымдар 
 
 
Елбасы  өзінің  «Рухани  жаңғыру:  болашаққа  бағдар» 
атты бағдарламалық мақаласында «Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір 
салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін 
табуға болады», – деген болатын. 
 
Бағдарлама  жұмысының  нәтижелілігі  жолында  атқарылып  жүрген 
істердің  негізі  қағидаларының  бірі  де  осы  азаматтарды  өз  құндылықтарын 
бағалауға шақыру болып табылады.  
 
Қымыз – жылқы сүтінен алынатын кышқыл сүт өнімі. Қымызсыз қазақ 
асханасын  елестету  мүмкiн  емес.  Бұл  ғажайып  сусын  қазақтардың  барлық 
салтанатты 
думандарында 
бiрiншi 
кезекте 
берiледi. 
Ол 
туралы  өлеңдерде,  мақал-мәтелдерде  айтылады,  әйел  адамның  қабiлетiн  ең 
алдымен  оның  қымыз  әзiрлеуiне  қарап  бағалаған.  Ыдыс  түбiнде  iшiлмей 
қалған  қымызды  төгiп  тастау  күнә  болған.  Қазақтар  жүздеген  жылдар 
көлемiнде қымызды айырықша ыдыста - торсық және сабада дайындаған. 
 
Ұйытқыны  тiрiлту  үшiн  ұнтаққа  буландырылған  бие  сүтiн  3-4  ас 
қасығына  есептей  отырып,  5  литр  сүтке  араластырады  және  дүркiн-дүркiн 
араластырып  отыру  арқылы  жылы  жерде  бiр  тәулiк  сақтайды.  Бiр  тәулiктен 
соң ұйытқыны қымыз дайындау үшiн пайдаланады. Одан әрi қарай қымызды 


110 
 
жасап шығару үшiн ендi ұйытқыны емес, кәрi қымызды 1 литр қымызға 6-7 
литр бие сүтiн есептей отырып пайдаланады. Қымызды әзiрлеу үшiн булы бие 
сүтiн  ұйытқымен  бiрге  сабаға  құяды  да,  түнге  қалдырады.  Келесi  күнi  әрбiр 
сауыннан  аши  бастаған  сүтке  бiрнеше  жаңа  бөлiктерiн  қосады,  жақсылап 
араластырады  да,  10-15  сағат  сақтайды.  Дегенмен,  мұндай  әдiспен  алынған 
қымыз әлi әлсiз және аз газдалған, қою, тағы да мұқият араластырады да бiр 
күн қоя тұрады. Мұндай өндеудiң нәтижесiнде екi күндiк орташа қымыз пайда 
болады.  Дайын  қымызды  басқа  ыдысқа  құяды.  Айта  кету  керек,  сабадан 
барлығын  емес,  оның  бөлiгiн  (шамамен  1/5)  қымызды  ғана  құйып  алып, 
қалғанын  ұйытқыға  қалдырады.  10-15  күн  өткеннен  кейiн  саба  толығымен 
босатылады,  қосымша  сүрленедi  және  маймен  сыланады.  Сабаны  қымыз 
дайындау үшiн бiр-ақ маусым пайдаланады. Сабада әзiрленген қымыз жоғары 
дәмдiк сапамен ерекшеленедi. Қазақтар қазымен үйлес майлы қымызды жақсы 
көредi. 
 
Қазақтың  күнделікті  өмірінде  орын  алатын  мерекелермен  қоса 
тойланатын тағы бір тұрмыстық рәсім бар, ол – қымызмұрындық.    


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет