111
ғалымдарын тамсандыруда. Қымыз ішу үшін әлемнің әр елінен елге туристік
сапар жасап, елмен танысып жатқандар да аз емес. Ұлттық сусындар бүгінгі
күні насихатқа және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүргізілетін
жұмыстар бойынша жасалатын қолдауларға зәру. Ал, осы сусындарды
бағалайтын тұтынушылар арасында Қымызмұрындық рәсімін қайта
жаңғыртып, ұйымдастыру үлкен сұранысқа ие болып отыр.
Осы орайда «Қымыз фест, Қымызмұрындық, Шұбат фест» фестивалін
Республикалық деңгейде ұйымдастыру – прагматизм терминінің танымын
кеңейтуге,
азаматтардың
құндылықтарды
бағалау
қасиеттерін
қалыптастыруға, отандық брендтің насихатталуы мен оның тарихын тануға,
ең таза биологиялық құндылық ретінде дәріптелетін қымызға деген
сүйіспеншілікті арттыруға ықпал жасайды.
Мақсаты - жұртшылықтың ұлттық мәдениет мен салт-дәстүрге
қызығушылығын арттыру және қазақ халқының ұлттық сусыны – қымыз бен
шұбаттың құндылығын насихаттау.
Достарыңызбен бөлісу: