Іске асыру механизмдері бойынша ұсынымдар: Ғылыми-практикалық конференция пленарлық 2 бөлімнен немесе 4
секциядан тұрады.
Ұйымдастырушы студенттерден немесе ғылыми қауымдастық
өкілдерінен өтінімдер қабылдайды. Әкімдіктердің қызметін үйлестіру
мақсатында конференцияны ұйымдастыруға жауапты «Рухани жаңғыру»
Қазақстандық қоғамдық даму институты КеАҚ белгілеу ұсынылады.
Конференцияға аталған тақырыпты зерттейтін отандық және шетелдік
ғалымдар шақырылады.
Конференция жұмысына қатысуға қаржылық мүмкіндігі жоқ және басқа
қалаларда тұратын студенттердің, жас ғалымдардың онлайн қатысу
мүмкіндігін қарастыру қажет.
Қорытынды бойынша үш тілде баяндамалар жинағы онлайн-қолжетімді,
оларды Қазақстаннан және тек жақын ғана емес, сонымен қатар алыс
шетелдерден келген мүдделі тұлғалармен таныстыру мақсатында
шығарылады.