122
3. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға
нотариустардың, адвокаттардың, азаматтық актілерін тіркеу органдарының
қызметкерлері тарапынан Конституция күні, Отбасы күні, Балалар күні,
Аналар күні, Адвокаттар күні ақысыз негізде кеңес беру акцияларын
ұйымдастыру.
4. «Отбасының қоғамдағы беделі - елдің демографиялық қауіпсіздігінің
негізгі компоненті» тақырыбында жас отбасыларға арналған семинарлар
өткізу.
5. «Бала денсаулығы және микросоциум» атты жас отбасыларға арналған
тақырыптық кездесулер өткізу.
6. Конкурстар, фестивальдер, мәдени шаралар өткізу және оларды
ақпараттық қолдау:
«Бақытты отбасы» республикалық шығармашылық фотоконкурсы;
«Үздік көпбалалы отбасы»республикалық байқауы;
Отбасын нығайтуға және түсік түсіруге жол бермеуге бағытталған
«Өмір бірге қорғайық» акциясы.
7. Өңірлік қайырымдылық шаралар өткізу:
«Біздің балалар»;
«Жақсылық пен махаббат белгісі»;
«Жүрегіңдегі періште»;
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға,
басқа санаттағы балаларға арналған «Балаларды мектепке жабдықтайық».
8. «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының тартымдылығын арттыру және
ақпараттық қолдауды күшейту.
9. ҚР АҚДМ Жасөспірімдер және отбасылық істер жөніндегі комитетінің
үйлестіруімен бес номинация бойынша: «Отбасылық ортада» атты облыстық
бейнеконкурстар ұйымдастыру және өткізу:
«Дені сау отбасы - салауатты ел»;
«Менің отбасымның тарихы»;
«Отбасы бір болғанда берік болады»;
«Отбасы - мемлекеттің тірегі»;
«Отбасы балалардан басталады».
10. Жастар арасындағы отбасылық құндылықтарды заманауи ұлттық
кино
призмасы
арқылы
насихаттау,
отбасылық
құндылықтарды
насихаттайтын көркем және деректі фильмдер банкін құру.
Достарыңызбен бөлісу: