Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ


аналар жиналыстары және қамқоршылық кеңестері



Pdf көрінісі
бет183/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   221
Байланысты:
МП Рухани Жаңғыру

аналар жиналыстары және қамқоршылық кеңестері 
форматында білім беру мекемелерінде (мектептер, ТжКБ ұйымдар және 
жоғары оқу орындары) «Рухани жаңғыру» бағдарламасының,  
«Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасының, Қазақстан 
Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың  
2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасының 
қағидалары мен бағыттарын талқылау жөніндегі іс-шараларды өткізу 
бойынша ұсынымдар 
 
Алдағы  онжылдықта  қазіргі  өскелең  ұрпақ  елдің  әл-ауқатын 
айқындайтын,  оның  экономикалық,  ғылыми  және  мәдени  салалардағы 
әлеуетін топтастыратын, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады. 
Сондықтан  мектепте,  ТжКБ  мен  жоғары  оқу  орындарында  тәрбиенің 
идеологиялық, адамгершілік және патриоттық бағыттарын күшейту қажет. 
Қазіргі уақытта білім беру мекемелерінде білім алушылардың әлеуметтік 
белсенділігінің  қалыптасуын  қолдау,  азаматтық  және  патриоттық 
құндылықтарды  қалыптастыруға  жағдай  жасау  жұмыстарына  үлкен  мән 
беріліп отыр. 
Бұл  жұмыстар  жастарды  азаматтық  қоғамның  түрлі  институттарының 
қызметіне тарту, қызығушылықтары бойынша әртүрлі бастамашылық топтар 
мен  клубтар  құру  жолымен  жүргізіледі.  Оқу  орнының  қоғамдық  өміріне 
белсенді  қатыса  отырып,  жастар  түрлі  мәдени-бұқаралық  іс-шараларға 
қатысады,  осылайша  өз  ой-өрісін  кеңейтеді.  Өте  белсенді  жастар  болса,  осы 
жұмыстар барысында болашақ мамандық, өмірлік құндылықтар мен басқа да 
процестерге қатысты таңдау жасайды. 
Дегенмен,  оқу  орындарында  жүргізіліп  жатқан  жұмыстар  жүйелі  емес. 
Жастардың  басым  бөлігі  пассивті  және  қоғамдық  өмірге  қажетті  деңгейде 
тартылмайды,  бұл  олардың  өз  бетінше  әлеуметтенуі  мен  болашақ  өмірлік 
бағдарларын  анықтауды  қиыналуына  алып  келеді.  Мұндай  жағдайлардың 
нәтижесі теріс әлеуметтік салдарларға әкелуі мүмкін. 
Тәрбие мен білім кез келген тұлғаны қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. 
Бұл  ретте  білім  берудің  тек  ақпаратты  механикалық  берілуімен  және  кері 
байланысты орнатумен шектелмеуі тиіс. Білім беру процесі ең алдымен жалпы 
адамзаттық құндылықтарға және жас ұрпақты осы құндылықтар призмасында 
тәрбиелеуге негізделуі тиіс. 
Осыған байланысты, жастарға негізгі идеологиялық қағидаттарды сіңіру, 
оларда  жалпы  адамзаттық  құндылықтар  шеңберінде  тәрбиелеу  мемлекеттің 
өзекті және бірінші кезекті міндеті. Білім беру мекемелерінде идеологиялық, 
тәрбие және ақпараттық жұмыстарды жүргізу жаһандық, тез өзгеретін әлемдік 
процестерге  бейімделуге,  сонымен  бірге  өзінің  тарихи,  ұлттық  бірегейлігін 


130 
 
жоғалтпайтын бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастырудың кепілі. 
Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым  саласын  дамытудың 
2020–2025  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасын  іске  асыру 
шеңберінде  «Құндылықтарға  негізделген  білім  беру»  жобасын  іске  асыру 
жоспарланған.  Бағдарлама  бойынша  бұл  жоба  барлық  мектептер  мен 
колледждерде  жүзеге  асырылады.  Бағдарламаның  негізгі  мәні  ұлттық  және 
отбасылық  құндылықтарды  дамыту,  мектеп  пен  ата-аналардың  өзара  іс-
қимылының жаңа форматын енгізу арқылы балаларды тәрбиелеуде отбасының 
рөлін  арттыру.  Жобаны  іске  асыру  барысында  оқыту  мен  тәрбиелеудің 
құндылықтық-бағдарлы  тәсіліне  баса  назар  аударылады,  ол  мектеп 
атмосферасында, мәдениетте, барлық қызметкерлердің мінез-құлқында және 
қатынасында  көрініс  табады.  Бұл  бағдарлама  өзін-өзі  тануды,  өзін-өзі 
дамытуды,  әлеуметтік  жауапкершілікті  және  оқушыларды  әлеуметтендіруді 
қалыптастыруға ықпал етеді және құндылықтардың оқу бағдарламаларының 
мазмұнына кірігуін көздейді. 
Жоғарыда көрсетілген жобаның негізгі қағидаттары мемлекеттің одан әрі 
дамуының идеологиялық платформасы болып табылатын  «Рухани жаңғыру» 
бағдарламасының қағидаттарымен сәйкеседі. 
Осыған  байланысты  жобаның  ауқымын  кеңейту  және  оған  жоғары  оқу 
орындарын  қосу  қажет.  Осылайша,  білім  алушылар    білім  беру  процесінің 
барлық  сатыларында  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасының  қағидаттары  мен 
бағыттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен қамтылатын болады. 
Аталған  бағдарламалардың  негізгі  бағыттары  бойынша  жастармен  кең 
ақпараттық  жұмыс  жүргізу,  олардың  қағидаттарын,  мәнін  және  іске  асыру 
тәсілдерін  талқылау  қазақстандықтардың  жаңа  буынының  рухани  дамуына 
және оның санасын жаңғыртуға ықпал ететін болады. 
Осы  бағыттағы  жұмыс  жүйелі  негізде  жүргізілуге  тиіс,  іс-шаралар 
тақырыптары  жеке  тұлғаны,  мемлекетті,  азаматтық  және  жергілікті 
қоғамдастықты  дамыту,  сондай-ақ  ұлттық  бірегейлікті  сақтау  мәселелеріне 
негізделуге  тиіс.  Бағдарлама  қағидаттарын  дұрыс,  терең  түсіну  әрбір  жас 
адамның жеке басын дамытуға, оның өмірлік бағдарлары мен құндылықтарын 
қалыптастыруға  көмектеседі,  бұл  өз  кезегінде  болашақта  мемлекеттің 
дамуына тікелей ықпал етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет