135
Денсаулық сақтау қызметкерлерін рухани жаңғыру, инклюзивті қоғам,
адамды
дамыту
құндылықтарын
қолдау,
сондай-ақ
волонтерлік,
қайырымдылық, азаматтардың өзін-өзі ұйымдастыру, мемлекеттің, жеке
сектордың және азаматтық қоғамның өзге де институттарының серіктестігі
тетіктерін қолдау процесіне тарту маңызды.
Ай сайынғы негізде денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс кеңестері,
кездесулер форматында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қағидаттары
мен бағыттарын талқылау жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу жауапты және
мықты адамдардың ұлтын қалыптастыру процесінің маңызды құрамдас
элементтерінің бірі болуы ықтимал.
Денсаулық сақтау қызметкерлерінің ұжымдарын Бағдарламаның
қағидаттары мен бағыттарын, жеке тұлғаны, мемлекетті, азаматтық және
жергілікті қоғамдастықты дамыту құндылықтарын талқылауға енгізу, сондай-
ақ ұлттық бірегейлікті сақтау – әлеуметтік салаға қатысушылардың үлкен
тобына, оның ішінде олардың отбасы мүшелеріне, азаматтық қоғамның
мүдделі институттары атынан кең жұртшылыққа кешенді ықпал етуге
мүмкіндік береді.
Бұл сананың архетиптері мен мінез-құлық үлгілерінің өзгеруіне, жеке
тұлғаны
дамытуға,
инклюзивті
қоғам
стандарттарын
қолдауға,
қайырымдылық тетіктерін, азаматтардың қоғамдық денсаулығын сақтау
саласындағы волонтерлікті қолдауға бағытталған азаматтардың жаңа
әлеуметтік мәдениетін қалыптастыруға кешенді ықпал етуге мүмкіндік береді.
Іс-шаралар кешенін ұйымдастырудың
мақсаты – «Рухани жаңғыру»
бағдарламасының қағидаттарын насихаттау арқылы денсаулық сақтау
қызметкерлерінің, осы салада жұмыс істейтін адамдардың кең ауқымының
әлеуметтік мәдениетінің жаңа үлгілерін қалыптастыру, санасын жаңғырту.
Осы мақсатқа жету үшін келесі
міндеттерді шешу қажет:
1) «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мазмұнын, құндылықтарын
насихаттау;
2) Бағдарламаның құндылықтарына негізделген денсаулық сақтау
қызметкерлерінің, әлеуметтік саланың азаматтық қоғам институттарының
әлеуметтік мінез-құлқын өзгерту, жаңа әлеуметтік мәдениетін қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: