Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ


Бірыңғай тақырыптар бойынша ай сайынғы



Pdf көрінісі
бет194/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   221
Байланысты:
МП Рухани Жаңғыру

 
Бірыңғай тақырыптар бойынша ай сайынғы 
негізде мәдениет және спорт ұйымдарында жұмыс 
кеңестері, кездесулер форматында «Рухани жаңғыру» 
бағдарламасының қағидаттары мен бағыттарын 
талқылау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдар 
(тақырыптар тұлғалық даму, мемлекетті, азаматтық және жергілікті 
қоғамдастықты дамытуға, сондай-ақ ұлттық бірегейлікті сақтауға 
бағытталуы және ҚР АҚДМ-мен келісілуі тиіс) 
 
Өзектілігі.  Мемлекеттің  мәдениет,  тілдерді  дамыту,  архив  ісі  мен 
құжаттама,  дене  шынықтыру  және  спорт  салаларындағы  қызметі  Қазақстан 
Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ережесімен айқындалған. 
Бұл  қызмет  халықтың  қалың  бұқара  топтарына  бағытталғандықтан, 
азаматтық  қоғам  қатысушыларының  үлкен  бөлігін  қамтиды.  Осыған 
байланысты  Мәдениет  және  спорт  қызметкерлерімен  «Рухани  жаңғыру» 
бағдарламасының  қағидаттары  мен  бағыттарын  талқылау,  Бағдарлама 
құндылықтарына сәйкес келетін азаматтардың жаңа әлеуметтік мәдениеті мен 
мінез-құлқын  жаңғыртуға  ықпал  ететін  сананың  жаңа  архетиптерін 
қалыптастыруға ықпал етеді.  
Бұл мемлекеттің идеологиялық жұмысының маңызды бөлігіне жатады, 
өйткені  мәдениет  және  спорт  қызметкерлерінің  қызметі  салауатты  өмір 
салтының  құндылықтарын  қалыптастыру,  тілдерді  дамыту,  елдің  мәдени 


137 
 
жетістіктерін  шетелде  танымал  ету  жөнінде  халық  санасымен  жұмыстың 
маңызды бағыттарын қамтиды.  
Осы  сала  қызметкерлерін  рухани  жаңғырту  құндылықтарын  қолдауға, 
қазақстандықтардың жаңа бейнесін қалыптастыруға және мәдениет пен спорт 
өкілдерінің  жетістіктері  арқылы  еліміздің  халықаралық  ұстанымдалығын 
арттыруға  қол  жеткізуге  тарту  маңызды.  Сондай-ақ  волонтерлік, 
қайырымдылық,  азаматтардың  өзін-өзі  ұйымдастыру,  мемлекеттің,  жеке 
сектордың,  азаматтық  қоғамның  өзге  де  институттарының  серіктестік 
тетіктерін  қолдау  процесіне  тарту  да  өзекті.  Осы  бағыттарды  іске  асыру 
барлық  қазақстандықтардың  ортақ  мақсаты  –  мықты,  әрі  жауапкершілігі 
жоғары  Біртұтас  Ұлтқа  айналу  мақсатын  іске  асыра  отырып,  азаматтардың 
қоғамдық санасын жаңғыртуға ықпал ететін болады.  
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің 
бағдарламалық мақаласында атап өткендей: «Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі 
дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын 
қағидалардан  арылмасақ,  көш  басындағы  елдермен  тереземізді  теңеп,  иық 
түйістіру  мүмкін  емес.  Өзгеру  үшін  өзімізді  мықтап  қолға  алып,  заман 
ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз 
керек». Осыған орай Мәдениет және спорт қызметкерлерінің ұжымдарын жеке 
тұлғаны,  мемлекетті,  азаматтық  және  жергілікті  қоғамдастықты  дамыту, 
сондай-ақ  ұлттық  бірегейлікті  сақтау  мәселелерін  талқылауға  енгізу 
әлеуметтік  салаға  қатысушылардың  кең  шоғырын  қамтуға,  оның  ішінде 
олардың  отбасы  мүшелеріне,  мәдениет  және  спорт  саласындағы  азаматтық 
қоғамның мүдделі институттарына ықпал етуге мүмкіндік береді. 
Бұл  шаралар  жұмыс  кеңестері,  мәдениет  және  спорт  ұйымдарындағы 
кездесулер  форматында  ай  сайынғы  негізде  «Рухани  жаңғыру» 
бағдарламасының қағидаттары мен бағыттарын талқылау арқылы өз мәдениеті 
мен  ұлттық  кодты  сақтауды  ескере  отырып,  Үшінші  жаңғырудың  сын-
қатерлері  жағдайында  ұлттық  сананы  қалыптастыруға,  ақпараттық  қоғам 
құруға кешенді септігін тигізуге мүмкіндік береді.  
Іс-шаралар  кешенін  ұйымдастырудың  мақсаты  –  «Рухани  жаңғыру» 
бағдарламасының  қағидаттарын  насихаттау  арқылы  мәдениет  және  спорт 
қызметкерлерінің,  жалпы  осы  салада  жұмыс  істейтін  адамдардың  басым 
бөлігінің  әлеуметтік  мәдениетінің  жаңа  үлгілерін  қалыптастыру,  санасын 
жаңғырту болып табылады.  
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:  
1)  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасының  мазмұнын,  құндылықтарын 
насихаттау;  
2) 
мәдениет 
және 
спорт 
қызметкерлерінің, 
Бағдарламаның 
құндылықтарына 
негізделген 
осы 
саладағы 
азаматтық 
қоғам 
институттарының  әлеуметтік  мінез-құлқын  өзгерту,  жаңа  әлеуметтік 
мәдениетін қалыптастыру.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет