Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ



Pdf көрінісі
бет54/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   221
Байланысты:
МП Рухани Жаңғыру

 
 
Жетістіктерге жету оқиғаларын  ілгерілету 
мақсатында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы 
жеңімпаздарымен кездесулер циклін ұйымдастыру 
бойынша ұсынымдар 
 
Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру» 
бағдарламалық  мақаласында:  «Ел  дамуына  зор  үлес  қосқан  азаматтардың 
өздері  мен  олардың  табысқа  жету  тарихы  әдетте  құрғақ  фактілер  мен 
цифрлардың  тасасында  қалып  қояды.  Шын  мәнінде,  Қазақстанның  әрбір 


37 
 
жетістігінің  артында  алуан  түрлі  тағдырлар  тұр.  Біз  «Жаныңда  жүр  жақсы 
адам»  деген  сөздің  байыбына  бара  бермейміз.  Шын  мәнінде,  Тәуелсіздік 
дәуірінде  өзінің  еңбегімен,  білімімен,  өнерімен  озып  шыққан  қаншама 
азаматтарымыз бар. Олардың жүріп өткен жолдары – кез келген статистикадан 
артық көрсеткіш», - деді. 
Елбасы  ұсынған  бағдарламаның  негізгі  мақсаттарының  бірі  –  үшінші 
жаңғыру  жылдарына  қадам  басқанған  дейінгі  Қазақ  елінің  тарихы,  оның 
дамуы мен жетістіктері және сол жетістіктерге жетуге мүдделі болған әрі үлес 
қосқан тұлғалардың өмірін насихаттап, оларға лайықты құрмет көрсету. 
Сол мақсатта Елбасының тікелей бастамасымен «100 жаңа есім» арнайы 
бағдарламасы  қолға  алынып,  2017  жылдан  бастап  өткізіліп  келеді.  Осы 
жылдар  ішінде  құрметтелуге  лайық  есімдер  анықталып,  олардың  мемлекет 
алдында жасап жүрген істерін одан әрі кең ауқымда жасауға деген ықыласын 
арттырып, өзге қоғам мүшелеріне жоба жеңімпаздарының өмірі мен жетістікке 
жету жолын үлгі етіліп келеді. Жоба жаңғыруға ұмтылған жаңашыл қоғамға 
тың серпіліс, жаңа леп сыйлады. 
2019  жылы  да  аталмыш  жоба  өз  жалғасын  тауып,  мыңға  жуық 
тағылымды ғұмыр иелерінің есімдері мен ғұмырнамалары ұсынылып, соның 
ішінен ең үздік әрі жоба шарттарына сәйкес деп табылған есімдер анықталды.  
«Рухани  жаңғыру»  бағдарламасын  ең  ірі  идеологиялық  саясат  ретінде 
жүргізіп  отырған  үкімет  бұл  жылғы  жеңімпаздардың  есімдерін  де  кеңінен 
насихаттауды әрі оларға құрмет көрсетуді басты назарға алды. 
Елшіл,  патриот,  өз  құндылықтарын  бағалай  алатын,  ерікті  түрде 
жетістікке  жетіп,  мемлекеттік  мүддені  кеңінен  орындауда  атсалыса  алатын 
жандардың қатарын көбейтіп, қоғамның жас мүшелерін тәрбиелеуде маңызды 
әрі ауқымды жоба – «100 жаңа есім» жобасы.  
Жоба  жұмыстарын  жүргізетін  әрі  насихаттайтын  шараларының  бірі  – 
жеңімпаздарымен кездесулер өткізу. 
Мақсаты.  Тәуелсіздік  дәуірінде  еліміздің  көркеюіне  үлес  қосып, 
ақылымен, дарынымен заманауи Қазақстанның алтын қорына енуге лайықты 
адамдарды көпшілікке таныту. 
Міндеттері: 

 
тәуелсіз  Қазақстанның  көркеюіне  лайықты  есімдерді  таныстырып, 
насихаттау;  

 
жобаға  қатысушы  жастардың  тұлғалық  және  кәсіби  тұрғыдан  өсуі 
үшін жан-жақты қолдау көрсету; 

 
«Рухани  жаңғыру»  бағдарласамасының  қағидаларын  орындауға 
ықпал ету. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет