39
етуге бағытталған дәстүр. Қарияларға арнап бастысы жеңіл әрі пайдалы (қазы,
жент, қымыз, ірімшік т.б.) тағамдар әзірленеді. Қарттарға қайырымдылық
ұйымдастыру міндеті бала-шағаларына, жақын туыстарына кейде көрші-
қолаңға жүктеледі. «Белкөтерер» дәстүрі қарт адамдарға қамқорлық жасаудың
жарқын үлгісі.
Соңғы жылдарда Қазақстан халқы орын алып жатқан түрлі мәселелер,
өмірлік қиындықтар, маңызды әлеуметтік
проблемаларды шешу барысында
жоғарыда атап өткен салт-дәстүрлерді талай мәрте көпшіліке таныстырып,
насихаттап келеді. Мысалға Арыста болған оқиғадан кейін Түркістан
облысында ауыл тұрғындарына арнап азық-түлік, киім-кешек жиналды.
Нұр-Сұлтан қаласында балалардың өмірін алып кеткен өрттен кейін халық
қайырымдылыққа қаржы жинап, қара жамылып отырған отбасына баспана
алып берді. Мемлекеттік емес ұйымдардың қатысуымен көптеген акциялар
ұйымдастырылып, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылар мен жағадайы нашар
адамдарды киім-кешек, азық-түлікпен қамтамасыз етіп келеді.
Мұқтаж адамдарға осныдай негізде көмек көрсетуді қолдау мен
ауқымын кеңейтідің маңызы жоғары. Мұндай салт-дәстүрлер халықты
біріктіріп, қамқорлық жасауға, айналасындағы адамдарға көрсетуге
шақырады. Қайырылымдылық мәденит қалыптастыра отырып, маңызды
проблемаларды ұжымдық тұрғыда шешуге бағыт бағдар береді.
Достарыңызбен бөлісу: