Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ



Pdf көрінісі
бет66/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   221
Байланысты:
МП Рухани Жаңғыру

Іске асыру мерзімі: бір жылдың ішінде. 
Күтілетін нәтижелер: 
Қорытынды  жасау  арқылы  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасының                 
3  жылдық  жұмысын  іске  асырылу  нәтижелеріне  талдау  жасауға,  өзекті 
мәселелерді және әр өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, болашаққа жоспар 
белгілеуге мүмкіндік береді. 
Қорытынды  бойынша  бағдарламаны  тиімді  іске  асырудың  одан  әрі 
жолдары айқындалатын болады. 
Көрсеткіштер: 
Қатысушылар саны – 100-ден кем емес. 
Жүргізілген іс-шаралар саны кемінде – 2. 
 
 
tylek.kz сайты арқылы түлектер арасында өзінің 
туған өңірін, оқу орнын қолдау жөнінде іс-шаралар 
өткізу (спорт алаңдарын салу, компьютерлік 
сыныптарды сатып алу және т. б.) бойынша 
ұсынымдар 
 
Тұрақты  өзгеретін  әлемнің  қазіргі  болмысында  және  дәстүрлі 
құндылықтардың  ауысу  жағдайында  қазақстандықтардың  құндылықты 
ұстанымдарын  қалыптастыру  жүйесі  өте  жауапты  және  көп  еңбекті  қажет 
ететін  процеске  айналды.  Жастардың  бойында  қалыптасқан  идеалдар  мен 
құндылықтар қоғамның одан әрі дамуына үлкен әсер ететіні белгілі. 
Кез  келген  мемлекеттің  басым  міндеттерінің  бірі  –  Отанға  деген 
сүйіспеншілік  сезімін  және  туған  өлкеге  деген  ерекше  қарым-қатынасты 
нығайту, елдің мүддесін қорғауға және отанын гүлдендіруге ұмтылу арқылы 
патриоттық тәрбие беру болып табылады. Жастар санасын кеңейту және үздік 
тәжірибелерді қолдану арқылы жауапты және күшті адамдардың тобын құру 
үшін қазақстандық патриотизм мен жас қазақстандықтарды патриоттық рухта 
тәрбиелеудің мазмұнына жаңа серпін енгізуге мүмкіндік береді. 
Отансүйгіштік  өз  жеріне,  өз  ауылына,  қаласына,  өңіріне  деген 
сүйіспеншіліктен  басталады.  2017  жылы  қабылданған  «Рухани  жаңғыру» 
бағдарламасының  маңызды  бағыты  «Туған  жер»  жобасын  іске  асыру  болып 
табылады. 
Бұл тұста Шығыс Қазақстан облысының тәжірибесі көпке үлгі. Шығыс 
Қазақстан  облысындағы  білім  басқармасы  жанында  tylek.kz  сайт  әзірленіп,  


47 
 
жұмыс  істейді.  Оның  мақсаты  –  бұрынғы  мектеп  түлектерінің  туған 
ауылының, мектебінің қажеттіліктеріне назарын аудару. 
Өзінің туған аймағын, оқу орнын қолдау бойынша түлектер арасында іс-
шаралар өткізу (спорт алаңдарын салу, компьютерлік сыныптар мен т. б. сатып 
алу)  сайт  арқылы  tylek.kz  қазіргі  заманғы  қазақстандық  патриотизмді 
қалыптастыру  бойынша  икемді  жүйенің  маңызды  құрамдас  элементтерінің 
бірі. 
Бұл іс-шаралар кешені туған өлкеге құндылық қарым-қатынасқа ықпал 
етуге,  табысты  жерлестер  үшін  мақтаныш  сезімін қалыптастыруға,  жастарға 
туған жерін дамытуға араласуға көмектесуге мүмкіндік береді. 
Осыған  байланысты  Шығыс  Қазақстан  облысының  туған  өлкені  және 
өзінің  оқу  орнын  қолдау  бойынша  тәжірибесін  қолдану,  бағдарлама 
тұжырымдамасына  сәйкес  отанға  деген  құрмет  сезімін  қалыптастыру  жас 
азаматтардың  патриоттық  сана-сезіміне  және  мінез-құлқына  кешенді  ықпал 
ету. Осы тәжірибені ҚР Республикалық маңызы бар қалған 14 облыста және3 
қалада  tylek.kz  сайты  арқылы  білім  басқармаларының  базасында  енгізу 
ұсынылады. Өзінің туған аймағын, оқу орнын жалпы республикалық деңгейде 
қолдау жөніндегі іс-шаралар кешенін жариялау. 
Өз  туған  өлкесін,  оқу  орнын  қолдау  бойынша  іс-шараларды  өткізу 
мақсаты патриоттық сезімнің саналы көріністерін арттыру, жас азаматтардың 
отанына қолдау және әлеуметтік құрмет көрсету. 
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет: 
1)  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасы  мен  «Туған  жер»  жобасы  арқылы 
қазақстандық патриотизмнің негізгі құндылықтарын насихаттау; 
2)  жастар  арасында  қайырымдылық  қызметі,  меценаттық  және  т.б. 
сияқты «Мейірімді істер» форматтарын көпшілікке тарату. 
3) барлық өңірлерді тарта отырып tylek.kz дамыту платформасы енгізу; 
4)  платформаның  қызметін  қамтамасыз  ету  tylek.kz  ақпаратты  тұрақты 
ұсыну және деректерді өзектендіру арқылы жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет